Лекция Тақырыбы: Психологияға кіріспе


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



бет9/27
Дата28.04.2023
өлшемі192,21 Kb.
#87756
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
Лекция каз психология

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

  1. Зерттеу әдістері дегеніміз не?

  2. Негізгі зерттеу әдістеріне қандай әдістер жатады?

  3. Қосалқы зерттеу әдістеріне нелер жатады?

3. Эмоция және эмоционалды интеллект
Жоспар:
1.Эмоция және сезім туралы түсінік.
2. Сезім қызметтері.
3. Сезім негіздері
4. Сезім түрлері.
5.Күрделі эмоциялар.
6. Сезім мен эмоцияның өзара қатынастары.
1.Эмоция және сезім туралы түсінік. Шығып келек жатқан күнге қарап трғанда,кітап оқығанда т.б.сіз танымдық әркеттің түрлі формаларымен бірге қоршаған дүниеге деген қатынасыңызды да білдіресіз. Демек,оқыған кітап, орындалған жұмыс сізді қуантуы немесе ренжітуі, рақаттандыруы мүмкін. Шаттану, мұң, үрей т.б.- міне бұлар түрлі сезімдер мен эмоциялар.
Эмоция мен сезімдерден, адамның өз мінез құлқына, қылығына, пікіріне , әрекеттеріне қанагаттануы немесе қанағаттанбауы көрініп жатады.
Эмоция мен сезім – бұл адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым –қатынасы.
Сезімдер мен эмоциялар адамның таным іс-әркетінен тыс болмайды.
Эмоция мен сезім өзіндік өзгешілігі адамның қажеттіліктерімен, талбымен, ниетімен оның еркі мен мінезініңерекшеліктерімен анықталады. Мотивтердің өзгеруіне қарай қажеттілік затына деген қатынас та өзгереді.
Эмоция екі- реттегіш және сигналдық қызмет атқарады.
Эмоция мен сезім өзара тығыз байланысты. Сезімдер негізінде эмоциялар қалыптасады.
Эмоциялар ас ішу, тұргын үй, киім қажеттіліктері қанағаттандырылған немесе қанағаттандырылмаған жағдайда туады. Жеке адамның эмоциялық қасиеттері: әсерленгіш, қайырымдылық сондай-ақ адамның көптеген көріністерңне із қалдыратын эмоциялық сапалар жатады.
Егер жеке эмоциялық сипаттарды адамдарға мінездеме беру негізінде алатын болсақ, онда бұл белгілерге қарай мінез-эмоциялық, сентиментальдық, албырттық, салқын қандылық болып бөлінеді. Эмоциялар адамға да , жануарларға да тән.
Сезімнің физиологиялық негізі- ми қыртысының қызметімен байланысты. (И.П.Павлов). Динамикалық стереотип. Динамикалық стереотиптердің сақаталуы немесе бұзылуына сәйкес адам жеңілдікті, қиныдықты т.б. бастан өткереді.Жағымсыз сезімдер тежелумен қозу процестерінің арасындағы қалыпты ара қатынас бұызлған жағдайда пайда болады. Көңіл күйінің күрт өзгеруі уақыттша нерв байланыстарының үзілуінен болады. Үйреншікті сыртқаы жағдайлар жақсы денсаулық, уақытша нервтік байланыстар жасауды жеңілдетеді және жағымды күй ретінде өтеді. Электрлік физиологиялық зерттеулер эмоциялық күйлер үшін нерв жүйесінің айырықша құрылымдарының орасан зор маңызы болатынын көрсетіп отыр. Эмоциялық күйге келумен қоршаған жағдайда эмоциялық бағдар жасау негізінен алқанда таламус, гипоталамус және лимбика жүйсінің қызметтерімен анықталады. Арнайы тәжірбиелер онда рахат , қасрет орталықтары деп аталатын жағымсыз және жағымсыз эмоциялар орталықтар болатынын тапты. Рахат және қасірет орталықтарының болатындығының ашылуы дамудың жоғары сатысындағы жануарлар мен адамның өмірінде эмоцияны оразан зор ролі болатынын көрсетіп берді. Ритикуляр немесе тор түс формациясы қызметінің жүргізілген ең жаңа ми қыртысы асты орталықтарының адамның эмоциялық өмірінің белсенділігін арттыратын ашыт. Қозу рецептордан тиісті талдағыш орналасқан жерге арнайы жолмен баратыны белгілі.
Электр физиологиялық зерттеулер екінші бір жолдын болатынын көрсетіп отыр. Оған түрлі сезім мүшелерінен нервтік стимулдар келеді. Онда өңдеуден өткен соң сигналдар үлкен ми сыңарларына жіберіледі. Энергия жинақтағыш міндеттің атқара отырып ретикуляр формациясы ми белсенділігін төмендетумен арттыру тітікендіргішке деген жауапты күшейту әлсірету және тежеуге қабілетті.
Адамның эмоциялық сергектігін оның эмоциялық реакциялары мен көрсеткіштері негізінен алғанда ретикуляр формациясының күйіне тәуелді болып келеді. Адамның эмоциялары мен сезімдерінің барысына екінші сигнал жүйесі әсер етеді. Заттар тікелей әсер ғана емес сөзді тебіреніс туғызады. Біреудің өз басынан кешіргендерін әңгімелеуі тыңдаушыларда белгілі эмоциялық күй туғызуы мүмкін. Екінші сигнал жүйесінің арқасында эмоциялар мен сезімдер саналы процеске айналып қоғамдық сипат алады және адамның өзінің эмоциялық реакцияларымен қоғамдық мәнді сезімдердің арақатынасы айқындалады. Тек екінші сигнал жүйесінің негізінде ғана адамның моральдық интеллектуалдық және эстетикалық күрделі сезімдерінің қалыптасуы мүмкін болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет