Сезім қызметтері. Адам сезімдері ұзаққа созылған фиогенетикалықдаму тарихына байланысты көптеген ерекше сипаттағы қызметтерді атқаратын болды. Сезімінің бейнелеу қызметі оқиғаларға жалпыланған баға беруде көрінеді. Көңіл күйдің бүкіл ағзаны билеуінен сезім арқылы біз қандайда әсердің пайдалы не зиянды екенін оның салдары денеге белгілі бір таңба түсірмей тұрып байқап жауап не қорғаныс әрекетке келеміз. Мысалы: жолды кесіп бара жатқан жолаушы көшедегі көлік қозғалысын барластырумен әртүрлі деңгейдегі қорқыныш сезімде болуы мүмкін.
Оқиғалардың эмоционалдық бағаны адамның дара толғаныс қабілеттінің негізінде берілуі ықтимал . бірақ мұндай сезімдік нәтиже өнер туындылары мен көпшілік ақпарат құралдары арқылы басқа адамдармен қатынас жасау барысындағы көңіл күй ортақтастығынан қалыптасады. Сезімінің бейнелеу қызметіне орай адам қоршаған ортада бағыт-бағдар топшылайды заттар мен құбылыстарға қажеттігіне қарай баға береді. Бұл тұрғыда сезім ақпарат алды немесе хабар жеткізу міндеттін атақарады. Сезімнің ақпараттық не бейнелеу мүмкіндігі ниеттеу немесе ынталану қызметімен байланысты.
Оқу процесінде тікелей қатынасты сезім қуаттау, қолдау қызметін атқарады. Күшті эмоционалды көңіл күйге себепші болған оқиғалар оқуышы санасында жеңіл қабылданып ұзақ уақыт есте сақталады. Табыс не сәтсіздік сезімдері баланың оқуға болған ынтасына күш қуат беріп не оны өшіріп жіберуі мүмкін. Белгілі сәтте маңыздылау қажеттілікті таңдау барысында сол қажеттілікке негіз болар көп сеп түрткілердің таласы туындайды. Осы жағдайда сезімінің ауысу қызметі іске қосылып, эмоция адамды қандай талғамға бағыттайды. Жоғары да аталған сезіміне қарама қарсы икемдесу қызметінде атап өткен жөн.
Ч.Дарвиннің пікірінше сезімдер тіршілік иелерінің өз қажеттілігне орай келген жағдайларды анықтак құралы ретінде пайда болған. Сезімінің коммуникативтік қызметі адам өмірінде үлкен маңызға ие. Ым – ишара , дене қозғалыстары сезімдік белгі ретінде адамның өзіңдік толғаныстарын қоршаған орта заттарымен құбылыстары жөніндегі өз қатынас тал ғамын басқаларға жеткізуге жәрдемін тигізетіні белгілі. Ым-ишара, қас-қабақ қимылдары, дене қалпы, үн –ырғағы сезім тілі болуымен адам ойынан көрі оның көңіл күй айқындайды.