Студенттермен амандасу.
«Бәрін білгім келеді» әдісі арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау
Дәріс мәтіні
Басқа сөз таптарының уақытша субстантивтенуі, негізінен, стильге, контекске тән болып келеді. Синтаксистік қолданыс ыңғайына қарай өзге сөз таптары сөйлемде уақытша заттық мағына иеленеді. Уақытша субстантивтенген сөздер өздерінің бастапқы мағынасынан мүлдем қол үзіп кете алмайды, онда белгілі бір дәрежеде бұрынғы мағынасы сақталады. Мысалы:
Жуанды қойып жуасты. (Абай).
Жақсыға біткен ағайын. (Бұхар жырау).
Жаман жақсы болмас (мақал).
Білегі жуан бірді жығады (мақал).
Есқожа үйінде отырған үлкендер арасындағы Ызғұтты бары (М. Әуезов).
Бірталайымен қол алысып амандасты (Ғ. Мүсірепов).
Синтаксистік қолданысқа байланысты қалыптасқан мұндай «уақытша субстантивтенген» лексикалар реестр сөз дәрежесіне жетпейді. Сол себепті олар лингвистикалық сөздіктерде дербес жеке реестр сөз ретінде берілмейді. Сөйлем құрамында ондай кезеңдік заттың мағына алған субстантивтерді «контекстік немесе стильдік субстантивтер» деп атайды.
Субстантивацияның басты стильдік қызметі – тура номинацияны, атрибутивті сөз тіркестерін субстантивтенген сын есім, есімше синониміне өзгерту арқылы сөз қолданысын түрлендіру.
«Арс» етіп орнынан атып тұрған Аққасқа, үйірлі қасқырға тұра ұмтылды. ...Аққасқа ішке болған ашуды осы тікқұлақтардан алмақшы еді. ...иттің жалғыз екенін байқаған соң өңгесін ілгері жіберіп бір көкжалы мен кәрі қаншығы жол тосып, қақия берді. ... Артына жалт бұрылғанда ол, құлақ шекеден қаншық қасқырдың тісі кірш ете түскенін ғана сезген еді. Арт жақтан ұяластардың бірі шабын жарып жіберген-ді. (И. Хасенұлы. Аққасқа)
Бұл мысалда тікқұлақтар, көкжал, ұяластар субстантивтенген сын есімдерін автор «қасқырлар» біріншілік номинациясының синонимдері ретінде қолданған. Шығарма авторы Ирен Хасенұлы- қаншық қасқыр сөз тіркесі мен (кәрі) қаншығы субстантивтенген сын есімін синоним ретінде қолданған.
Осы секілді мысалдарды көптеп келтіруге болады, көркем шығарма жазушылары субстантивтенген сын есім мен есімшені кейіпкердің мінезіне, іс-әрекетіне байланысты екіншілік атауы ретінде түрлендіреді.
Тыңдалым мәтіні
Атақты халық әні «Дудар-айда» орыс қызы Мариям Жагор қызы қазақ жігітіне деген махаббаты жайлы баяндап, оны Дудар деп атайды (дудар –бұйра шашты). Және төмендегі контексте шығарма кейіпкерін автор Шерхан Мұртаза алғашында дударбас кісі деп атап, кейін жай ғана Дударбас деп атайды.
Оның ойын дударбас кісі бөліп жіберді.
Иә, жігіт, - деді судай қазақша. – Кімнің баласысың?
...Дударбас жабық арқанның ішінен бір пар бәтеңке алып келіп, тайдың шоқтығына іле салды. (Ш. Мұртаза. Сол бір күз).
Сонымен, субстантивация стилистикалық синоним формасында образ жасаушы құрал ретінде қолданылады. Төмендегі мысалда аяқ-астынан келген бейтаныс жанды «біреу» деп, кейін ол «ақ есекті мінген қара дәу» ретінде суреттеледі. «Дәу» сөзі субстантивтенген сын есім (дәу кісі). Субстантивация арқылы қорқынышты образ қалыптастырып, елсіз шөлдегі қорғансыз бала мен намаз оқып отырған әжесін оқырман көз алдына елестетеді.
Көптеген ғалымдар атап өткендей (мысалы, В. В. Лопатин), субстантивация эллипсиске негізделген, оны жиі эллиптикалық субстантивация деп атайды. Өз кезегінде эллипсис (грек тіл. еllipsis жоғалту, түсіріп айту) көркем шығармаларда стилистикалық фигура рөлін атқарады.
"Эллипсис көркем интонация мәнерлігін, сөйлесім динамикасын беретін стилистикалық фигура рөлін атқарады. Эллипсис үш стилистикалық функцияны атқарады: динамика, сөйлесім интонациясы, жеткізу.
Субстантивация көркем шығармаларда іс-әрекетті сипаттауда кеңінен қолданылады. Мысалы, қазақ жазушысы Дүкенбай Досжан «Көкпар» шығармасында субстантивтенген сөздерді кеңінен қолданған. Бұл шығармада қазақтың ұлттық ойыны «Көкпар» туралы баяндалады, сондықтан автор динамика беру үшін, қатысушылардың эмоционалды қарқынын суреттеу үшін субстантивацияны таңдаған.
«Күн ауа бастады. Көкпар да құж-құж қайнап түске ойысып келді. Алдыңғы аттар болдырған. Көп ұзамай арттағылар қуып жетті. .. Атқа ырғып мініп, көкпар шабылып жатқан жазыққа шауып түсті. .. Міне, аттылар тобын айналып өтіп келеді. Қуғыншылар көп-ақ. Әлі көпшіліктің шаршай қоймаған кезі. ... «Тарт-тарт!» -деп қышқырып екі-үш жігіт алдынан андыздан шыға келді. Жар астында күтініп тұрғандар.»
Автор іс-әрекет динамикасын (құж-құж қайнап, шабылып жатқан жазық, шауып түсті, шыға келді) лексикалық тілдік бірліктері арқылы, субстантивтенген сөздер (арттағылар, аттылар, қуғыншылар, күтініп тұрғандар) арқылы беруге тырысқан.
Субстантивті сөздерді қолданудың басты себебі - олар синонимдік сипаттағы толық номинациялармен салыстырғанда қысқа және жалпы динамиканы, іс-әрекет қарқындылығын беруде таптырмас құрал.
Егер жазушы арттағылар дегеннің орнына арттағы жігіттер немесе аттылар дегеннің орнына атты кісілер, күтініп тұрғанда дегеннің орнына күтініп тұрған адамдар секілді толық номинацияны қолданғанда жалпылама, қарқындылықсыз мағынада жұмсалар еді. Сонды жазушы субстантивтенген сөздерді стильдік мақсатта қолданған.
2) Эллипстің келесі функциясы – сөйлеу кезіндегі интонацияны жеткізе білу қабілеті. Әсіресе диалогта көбірек кездеседі.
|