Көркем шығармада субстантивация қарама-қарсы мәнді беруде стилистикалық құрал ретінде қолданылады. Төмендегі мысалда субстантивтенген «бұзық» және жазушы зат есімі кешегі-бүгін антонимдері арқылы қарама-қарсы мәнді білдіріп тұр.
Асан. ...Мына жігіт (бәрі қарайды) баяғыда біздің ауылды зар қақсатып, шулап жүрген жалаңаяқ бұзық бала еді. Енді міне, дырдай жазушы. Екі бірдей кітабы шықты. Кешегі бұзық бүгін жазушы дегенге тіпті сенудің өзі қиын.
(Ә.Тарази. Тыныш көшедегі көгілдір үй)
Келесі мысалда жесір мен жендет субстантиваттарын қарсылықты мәнде көре аламыз. Бұл сөздер контекстуалды антонимдер болып саналады.