Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығарытын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпе 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1-1,5литр ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл - қордағы ауа. Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса , өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.
Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы.
Бала |
Жасы
|
6
|
7
|
10
|
12
|
15
|
17
|
Ер бала
|
1200
|
1400
|
1630
|
1975
|
2600
|
3520
|
Қыз бала
|
1100
|
1200
|
1460
|
1905
|
2530
|
2760
|
Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымылығын құрады.
Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі
Газдың алмасуы. Адам мен жануардың өмірі үшін ауадағы газдарың ішіндігі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем шығарғандағы сыртқы айдалатын ауадан өзгеше.
Достарыңызбен бөлісу: |