Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет29/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Òà?ûðûáû Ò?ðê³ ôèëîëîãèÿñûíû? òàíûìäû?, ò?ðáèåë³ê ì?í³.

Орта түркі дәуірі.

(X – XV ғ).
Орта түркі дәуірі – маңызды әлеуметтік оқиғаларға толы кезең.

Түркі халықтары мен олардың тілдерінің даму кезеңдерін зерттеуші ғалымдардың өзі бұл кезеңге келгенде қиналады. Шартты түрде Орта түркі дәуірі 2 ге бөлінеді:



  1. Қарахандықтар дәуірі (X – XII ғ.ғ.)

  2. Монғолдар дәуірі (XIII –XV ғ.ғ.)

Белгілі орыс түркітанушысы Н.А. Баскаков X – XV ғ. Тарихи жағдайларды жинақтай келіп, түркі тайпаларының бір – бірімен араласу деңгейін, осы дәуір үлесіне жататын ескерткіштердің жазылу ортасы мен тілдік ерекшеліктерін ескере отырып, бұл дәуір ескерткіштерін шартты түрде 4 топқа бөліп қарастыруды ұсынады:

  1. Қарахандықтар дәуірі ескерткіштері;

  2. Алтын орда дәуірі ескерткіштері;

  3. Орта Азияда жазылған ескерткіштері;

  4. Мамлүк қыпшақтарының ескерткіштері;

Н. Баскаковтың айтуынша, дәл осылай болудың өзі орта түркі дәуірінің барлық ескерткіштерін бірдей қамти алмайды. М: жо,арыдағы топтастыруға әзербайжан жеріндегі оғыздардың көне ескерткіштері мен Анатоль түрікткерінің жазба мұралары еңбей қалған. Демек, орта түркі дәуірін өте күрделі кезең деуге себепші болған факторлардың бірі де осы.

Қарахандықтар дәуіріндегі түркі тілдері.
Тарихи мәліметтерге сүйенсек, X ғ қарлұқтардың тайпалық одағы кірмеген. Қарлұқтар Шаш өлкесінен Балқаш көлі мен Ыстық көлге дейін аралықты мекен еткен. Екі орталық қаласы болған: Баласұғын және Қашқар.

Қарахандықтар дәуірінің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын аса құнды екі еңбек бар. Олар: М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат - түрік», Ж. Баласағұн «Құдатғу білік», Махмұд ибн әл – құсайын ибн Мұхамед әл Қашқари: «Кітапты 464 ж жұмада әл әуел айының басында жазуға кіріскен едім. Төрт мәрте көшіріп жазып, 466 ж әл әуел айының онында, дүйсенбіде аяқтадым» - дейді. (М.Қашқари «Түбі бір түркі тілі». А, 1993 ж. 191 бет).

М. Қашқари – түркі тілдерінің фонетикалық жүйесін де, грамматикалық құрылымын да жетік білген. Бірақ автор өз еңбегінде түркі тілдерінің морфологиясы туралы сәл ғана мәлімет береді де, синтаксисі туралы сөз қылмайды. Бұл әрекетін грамматика мәселесін екінгші еңбегінде қарастыруына байланысты деп түсіндіріп, ол еңбегінің атын да атайды: «Китаби джавахир ан – нахв фи лұғат ат – түрік» (Түркі тілдері синтаксисіне тиісті гауварлар). М.Қашқаридің екі еңбегі болғандығын Хожи Ханафтың «Машфи Зунун», Мысыр тарихшысы Бадриддин Айни еңбектерінде айтылады.

«Диуан» еңбегі 3 кітаптан тұрады. М.Қашқари оны 8 бөлікке бөлген:



  1. Хамза кітабы; 2) Сәлім кітабы; 3) Музағар кітабы; 4) Мисаль кітабы; 5) Үш әріпті кітап;

  1. Төрт әріпті кітап; 7) Мұрын жолды дыбыстар кітабы; 8) Қос дауыссыз дыбыс кітабы.

Әр кітап сайын (тараулар болуы керек – Л.М.) берілген мысалдар есім және етістік болып бөлінген.

Мазмұны жағынан «Диуан» сол заманғы түркілердің қоғамдық өмірінен, рухани дүниесінен түркі мәлімет бере алатын материалдарға толы. Оларды академик А.Н. Кононов 5 салаға бөліп көрсетеді:



  1. Түркі халқының әр тайпасына тән сөздік қор;

  2. Түркі тайпаларының мекен – қоныстары туралы мәліметтер;

  3. Түркі тілдерін топтастыру (классификация);

  4. Түркі тілінің тарихи фонетикасы мен тарихи грамматика туралы мәлімет;

  5. Түркілердің тарихи, географиясы, этнографиясы, поэзиясы мен фольклоры туралы мәліметтер;

«Дуанды» 29 тайпасының аты, 110 жер – су аты ж (топан 40 ел мен тайпа атауына арабша түсінік беріледі. Олардың 875 сөзі мен 60 мақал – мәтелі қазіргі қазақ тілінде қаз – қалпында сақталған.

Тілдерді орналасу территориясына қарай терістік және түстік деп 2 бөледі. Солтүстік тілдеріне: пегенек, қыпшақ, оғыз, йемек, башқұрт, басмыл, қай, ябаку, татар, қырғыз тілдері. Оңтүстік тілдеріне: шігіл, тухси, яғма, ығрақ, черуқ, чомыл, ұйғыр, қытай, табғач тілдерін жатқызады.

Таза түрікше сөйлейтін, басқа тайпалар тілдерінін ықпалына түспегендер қатарына қырғыз, оғыз, қыпшақ, тухси, шігіл, чаруқ, ығрақ тілдерін жатқызады. Диуан тұнғыш жасалған тұнғыш салыстырмалы лингвистикалық ғылыми еңбек деп санаймыз.

«Құдатғу білік» парсы философиялық поэзиясы дәстүрімен жазылған, 13 000 жолдан тұратын дидактикалық дастан. Авторы – Баласұғын қаласының түұрғыны Жүсіп хас Хажиб Баласұғын. Жазылу уақыты – 1069 – 1070. Бізге дастанның бір данасы көне ұйғыр алфавитінен және екі данасы араб алфавитімен жазылған 3 көшірмесі жеткен. Сақталған орындарына қарай ол көшірмелерді Вена, Каир, Наманган варианттары деп атайды. Ұйғыр жазулы варианты 1439 ж көшірілсе, араб шрифтісімен жазылған варианттары XIV ғ II ғ жартысы, XVII ғ аяғында жазылған. Профессор Р. Сыздықова Ж. Баласұғынның «Құдатғу білігін» түркі жазба әдеби тілінде жазылған тұнғыш көркем шығарма деп бағалайды.

«Құдатғу білік» қай тілде жазылған деген сұраққа да түркітанушылар бірауыздан ортақ жауап бере алмайды. С.Е. Малов оны көне ұйғыр тілінде, А.М. Щербак қарлұқ, Г. Благова қарлұқ – қыпшақ, А. Валидов қараханид, Ә. Нәжіп қарлұқ – ұйғыр тілінде жазылған деп жорамал жасайды.

«Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Автор Қож Ахмет Яссауи. XII ғ мұрасы. Ең көне көшірмесі Стамбул қаласында сақталған. Зерттеген А.К. Боровков оның негізгі грамматикалық, фонетикалық, лексикалық ерекшеліктерін зерттей келе, оғыз – қыпшақ тілі негізінде жазылған дейді. Еңбек дінді уағыздауға арналғандықтан,сопылық поэзия дәстүрінде жазылып, адамгершілік, әдептілік, нысап пен қанағаттылықты дәріптеуге негізделеді.

«Ақиқат сыйы» авторы Ахмет Югнеки. Туындының арабша аты «Хибатул хақайық». Шығарманың аты арабша болғанмен, Ә. Нәджиптің пайымдауынша түрік тілдерінің ішіндегі «д» - тобына жататын түрде жазылған. «Ақиқат сыйының» ғылымға белгілі 3 нұсқасы бар. Бұлардың ішіндегі ең көнесі, әрі толық мазмұндысы Самарқанд нұсқасы., қазір Стамбулда Айл София кітапханасында сақтаулы. Дастанның араб әрпімен көшірілген бір қолжазбасы Берлин қалалық кітапханасында сақтаулы. Самарқанд нұсқасы 1444 жылы ұйғыр әрпімен көшірілген, 506 жолдан тұратын дидактикалық шығарма.

Шығарманы тұнғыш қазақ тіліне аударып, транскрипциясын жасаған Ә. Құрымжанов пен Б. Сағындықұлы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет