Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет8/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Òà?ûðûáû Ò?ðê³ ôèëîëîãèÿñûíû? òàíûìäû?, ò?ðáèåë³ê ì?í³.

Бақылау сұрақтары:

1. Жазба тіл түрлері.

2. Пиктографиялық жазу және идеографиялық жазу.

3. Буын және әріп жазуы.

4. Көне түркі жазуы.

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Манихей жазуы. Ұйғыр жазуының шығу тегі.

Қажетті әдебиеттер: 1. Тіл мен мәдениет. А., 2005, 528-556 – беттер.

2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 2004

3. Сүлейменов О. Язык письма. А.,

6-лекция. Тақырыбы: Көне түркі руникалық жазу ескерткіштері.

Жоспары: 1) Руникалық көне түркі (орхон-енисей) жазу ескерткіштері.

2) Талас жазу ескерткіштері.

3) Руникалық көне түркі ескерткіштеріне шолу.

Лекция мақсаты: Руникалық көне түркі жазу ескерткіштерінің түрлерін, ерекшеліктерін, олардың алғашқы әріп жазуының бір тармағы екенін ұғындырып, оны зерттеушілір туралы мағлумат беру.

Лекция мәтіні: Алфавиттік жазудың пайда болу тарихы, шығу тегі өте күрделі, шешілмеген мәселелерге толы. Өйткені алфавиттік жазу – дүние жүзі мәдениетінің қол жеткізген орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосқан. Алғашқы әріп жазуының бір тармағы – руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Осы ескерткіштердің бүгінде мәлім болған аймақтары: Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенгі өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы екені айқындалып отыр. Мұндағы жазу таңбаларын ғалымдар алғашқы табылған жердегі өзен аттарымен «Орхон-Енисей» жазуы немесе сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан Скандинавия руналарына ұқсас болғандықтан, оның құпия таңбаларына балап, «руникалық» деп атап кеткен.

Орхон-Енисей жазуының сыры 1893 жылы белгілі болды. Бұл жаңалықты ашып, таңбаларының дыбыстық мағыналарын дұрыс анықтаған дат ғалымы В.Томсен. В.В.Радлов 1894 жылы көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткіштеріндегі руникалық жазудың алғаш аудармасын жасады. 1889 жылы Орхон өзені бойынан орыс зерттеушісі Н.М.Ядринцев тапқан екі ескерткіштің біреуі- Білге қағанға (735 ж.), екіншісі огың інісі Күлтегінге (732 ж.) қойылғаны мәлім болып, мазмұны анықталды. Осыдан бастап түркітану ғылымының негізі қаланып, оның өріс алуында жаңа кезең басталды.

Көне түркі тіліндегі руникалық жазулар тек тастарға қашау әдісімен ғана емес, үй жиһаздары, түрлі бұйымдарға да ойылып жазылғанын байқаймыз. Саз балшықтан жасалған ыдыс-аяққа, құмыраларға кескінделген жазулар Ферғанада, Дон өзені құйылысынан табылды. Алтай мен Хакасиядағы ескі мал қорымдарды қазғанда археологтар алтын, күміс табақтар мен құмыралар және күміс қапсырмаларға ойылған руникалық жазулардың куәсі болды. Руникалық жазудың Шығыс Түркістаннан VІІІ-ІХ ғасырда қағазға жазылған нұсқаларын ХХ ғ. басында ұйымдастырылған археологиялық экспедициялар айқындады, Алатаудың оңтүстігінде Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылып жазылған нұсқасы табылды.

Руникалық көне түркі алфавитінің құрамында 35 әріп бар. Одан тыс 4 арнайы таңбасы кейбір дауыссыздардың белгісін беру үшін пайдаланылған (лт, нт, нч, рт). Жазу бағыты оңнан солға қарай оқылады. Бұл алфавит қалыптасқан графикалық жүйе болып табылады және көне түркі тілінің фонетикалық жүйесімен үйлес келеді. 8 дауысты фонема (а-е, ы-і,

о-у, ө-ү) төрт қана полифонды әріппен, 16 дауыссыз фонема (және фонема варианттары) 31 әріппен белгіленеді. 11 дауыссыз фонема өзінің жуан-жіңішке варианттары таңбасымен ажыратылады.

Түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы болған руникалық алфавиттің шығу тегі әлі күнге шешілген жоқ. Осының кілтін тапқан В.Томсен көне түркі алфавиті арамей әріптік жазуының әсерінен шықты деген жорамал айтады. Академик Ю. Клапроттың бір жарым ғасыр бұрын айтқан руникалық алфавит көне грек жазуымен негіздес деген пікір пікірін толықтырарлықтай деректерге соңғы кезде ғана біз тап болып отырмыз. Көне түркі жазуы қай кезде пайда болды, бұл жазу дәстүрінің өмір жасының ұзақтығы қаншалықты деген сұраққа тірелеміз. Шындығында соңғы кезде айтылып жүрген жорамалда түркі алфавитінің пайда болуы V ғасыр делінген. 1970 жылы Іле өзенінің тау бөктеріндегі Есік қаласынан сақ дәуірінде жасаған К.А.Ақышев мазар ішінен алтынға бөленген жауынгердің мәйіті, дулығасы, алтын сапты қанжары мен семсері, түрлі ыдыс-аяқ және руна тәріздес жұмбақ жазуы бар күміс тостаған табылды. Тостаған сыртында руна тәріздес 26 таңба екі жолға дазылған. Осы таңбалар біріншіден, көне түркі таңбаларына, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға үйлеседі. Бұл жазудың құндылығы – ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі болғандығын тағы да дәлелдей түседі. Қазақстанда алғашқы көшпелілерде жазу-сызу болмады деген пікір негізсіз екені айқындалып, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес тайпалардың алфавиттік жазуды білгенін көреміз.

Қорыта келе, көне түркі руникалық жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бұрын қолданған төл жазуы екендігі ешқандай күмән туғызбайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет