1.Түркі-ислам сәулетіндегі кесенелердің салыну сипаты
2. Діни ғимараттардың салыну ережелері Лекцияның оқыту нәтижелері: 1.Жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады;
2.Түркі халықтарының діни және діни емес дүниетанымының, Ясауи ілімінің теориялық негіздерін түсіндіреді;
3. Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен дүниетанымы қазақ мәдениеті мен адам әлемінің ділдік түлеу құбылысы тұрғысынан маңызды орынға ие екендігін түсіндіреді;
Лекцияның мәтіні: Мұсылман сәулетінің ережесінде мешіт құрылысында күмбез, мұнара, көркем жазулар болды. Мешіттің ішінде міндетті түрде Кағбаға бағытталған өте көркем өрнектелген михраб орнатылды. Ислам сәулет өнерінің мазмұны, басқа да өнер туындыларының жасалуы исламдық діни ұстанымға сай болды. Исламда мешіт - әлемнің моделі мен символы.
Мешіт, ханака, медіреселерді әрлеуде исламдық сәулет өнерінде көбіне жазу өрнектеріне көп мән берілген. Күмбез, қабырғалар, жақтаулары, есік беттері т.б. бөлшектерде мұсылмандық канондық мәтіндер жазылды.
Діни тұрғыда ислам тірі жанды бейнені салуға тиым салғандықтан ислам мәдениетінде, оның ішінде ортағасырлық сәулет ескерткіштерін әрлеуде сәулеттік жазу өнерінің дамуы биік деңгейге жетті. Мешіттердегі ең қастерлі орын михраб, әдетте айнала Құран сүрелерімен әрленген.
Ислам өнерінде өрнектерді білімді, рухани дамығын адам түсіне алды. Өрнектің ішкі құрылысы мен мәні Жаратушының жаратылысының терең мағынасын қамтыған. Кеңістік пен уақыттағы шексіздікті бейнелей отыры мұсылман Жаратушы жаратқан жұмақ бағына ойша шарлады. Өрнектер арқылы Жаратушы жаратқан әлемді сезіну.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мешіт бөлмесіндегі, басқа да бөлмелердегі, жалпы ғимараттағы жазулар, әшекей өрнектер кірпіштік мозайка, майолика, ойылып, кашиннен жинақталып, өрнектелген жиналмалы мозаика сипатында түсірілген .
VIIғ. Ислам сәулетінде ұстынды мешіттер түрлері қалыптасты. Мешіттің белгілі сәулеттік бөліктері исламдық діни түсініктерді қамтыды.
1.Мешіт күмбезі-жамал,
2. мұнаралары-жалал,
3. мешіттің сыртына түсірілген Құран сөздері- сыпат.
Ислам өнері өзінің даму кезеңдерінде витраждар, яғни шыны өнері, фрескалар, мозайкалық әрлеудің түрлерін исламдық өнер талаптарына сай дамытып отырды. Тарихи даму процесінде канон, оның өзіндік өмір сүруі , қызметі әлемдік діндерде қалыптасқан өнер жүйесімен айқындалады. Сонымен қатар оған өнердің жүйесінде пайда болған жетекші өнердің айқындаушы ықпалы болды. Канонда абслютті түрде көркем ойдың өзіндік ерекшелігін айқындай алмайды. Ол тек белгілі тарихи шеңберде белгілі мазмұнды формальді деңгейде көркем толықтылықтың тұрақтылығын ұйымдастыра алды.
Мешіттердің негізгі белгісі 7 ғасырдың соңында айқындалды. Ислам дінінің тарихи даму процесінде діни, көркемдік мәнге ие белгілі символдар жүйесі пайда болған. Бірақ исламдық сенімдердің категориялары мен түсініктері пайда болған алғашқы кезеңде эстетикалық, көркемдік мәнге ие символдар жиынтығы әлсіз байқалған. Алайда кейінгі мұсылмандық сәулеттің дамуы кезінде діни-көркемдік символдар дүниеге келген.
Мәселелен, «жамал» сөзіне сәйкес Жаратушының сұлулығын білдіретін символ мешіт күмбезі болды. Құдайдың ұлылығын білдіретін «жалал» сөзіне сәйкес мешіт мұнаралары символданды. Аллаһтың әсем есімдерін білдіретін символ (сыфат) ретінде мешіттің сыртқы , ішкі қабырғаларындағы жазу болды. Сонымен қатар Аллаһ жолының мәңгілік көктеуін білдіретін түс – жасыл.
Мұсылман әлемінде мешіттердің әртүрлі архитектуралық түрлері қалыптасқаны белгілі. Мешіттердің негізгі белгісі VII ғасырдың соңында айқындалды. Көптеген мешіттердің бір немесе бірнеше мұнаралары болды. Олардан азан айтылады. Намаз оқитын бөлмеде михраб бар.
Михраб - Меккеге бағытталған мешіт бөлмесіндегі ойық. Михрабтың жанына құтба оқитын - мінбер орналасады. Мешіттің едені мен ауласына әдетте кілемдер төселіп, әрбір мешіттің жанында табиғи немесе қолдан жасалған су көздері болады.