Орындаған: Султанова Жайна, Бурлибаева Аяна



Дата31.12.2021
өлшемі4,04 Mb.
#22814
Байланысты:
мәдени коды 11 сабақ

<Қазақ ұлтының мәдени коды>

Орындаған: Султанова Жайна, Бурлибаева Аяна

Тексерген: Несипкалиев Дәурен


См. инструкции в примечаниях к слайдам.

Мазмұны

  • Қазақ ұлтының мәдени коды деген не?
  • Ұлттық код дегеніміз не?
  • Жаһандану деген не?
  • Ұлттың этикалық қоды бұзылды немесе бұзылып бара жатыр неге?
  • Рухани код деген не?
  • Қорытынды ой
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Ұлттық код

  • Бүгінде кең қолданылатын код деген сөзді құлыпты ашатын құпия кілт ұғымында түсінуге болар. Демек, қа­зақтың ұлттық коды деп қазақ хал­қының жаратылысын, таби­ға­тын, рухани бітімін, өмір салтын ай­қындайтын белгілерді айтқан жөн шығар. Яғни, тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін бәрінен жоғары баға­ланатын қасиеттері, солардың сы­ғымдалып тұжырымдалған фор­му­ла­сы қазақтың ұлттық бол­мы­сының сы­рын түсінуге апаратын, тиісінше қастерлеп сақтауға жататын құпия кілттің тап өзі боп шығуы ғажап емес.

Ұлттың этикалық қоды бұзылды немесе бұзылып бара жатыр

Салдары – бүгінгі қоғамның барлық саласын жайлаған сыбайластық пен сыбайлас жемқорлық, көпке түсініктірек тілмен айтқанда – коррупция. Тілге тиек етіп отырған бағдарламалық ма­қала осы құбылыспен күресуге ша­қырады, адамгершілік ұстыны­мы­з­ды нығайтуға мегзейді.

Жаһандану

  • Жа­һан­дану дегеніміз тұрмысқа, ел басқару жүйесіне, шаруашылық, кәсіпорын, білім беру мен тәрбиелеу орындары біткеннің бәріне батыс­тың жаңа технологиясын ұсынған бұқа­ралық мәдениетінің жан-жақты шабуылы нәтижесінде пайда болатын заманауи жаңа түр болып шықты. Жаһандану үдерісі біздің тарапымыздан ешқандай тосқауыл көрген жоқ. Ешқандай кедергі кез­дес­пегендіктен де жастар санасын тез жаулады. Тіпті, ұлттық құн­дылықтарға көзқарастың өзі өзге­ріс­ке ұшырай бастады. Ал бұл мәдени кодымыздан айырылудың алды еді.

Тәуелсіз даму жолына түскен шақ­та «жаһандану үдерісі келе жатыр, одан ешқайда қашып құтыла ал­май­мыз» деген пікір бар. Сонымен Жаһандану деген не?

Рухани код

  • Рухани кодымыздың басты тіні, ұлттың күллі қастерлі ұғымдарын, қасиеттерін бойына жиған өзегі тіл болып табылатыны құпия емес. Міне, сол қасиетті ана тіліміздің қуаты бүгінде әлі де алаңдатады. Ту­ра­сын айтқанда, мемлекеттік мәр­те­бесіне қарамастан, қазақ тілінің қолданыс аясын тиісті дәрежеде кеңейте алмау, оны өзге тілдермен қойыртпақтап, бұзу, дұрыс сөйлемеу, тіпті мүлдем ұмыту өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың жүйесін сақтай алмауға әкеліп соғатыны анық. Елбасының мақаласында соның алдын алу әрекетіне көшу мәселесі

Қорытынды ой


Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру» атты мақаласында санамыздың ісімізден озық жүруінің маңыздылығын атап, жүйелі түрде талдап көрсетті. Аталған бағдарламалық мақалада көңілімізді көптен күпті еткен жайттар қолмен қойғандай жіктеліп, жіліктеліп, алдымызға өте түсінікті түрде тартылып отыр. Сондықтан да болар, жарияланғалы бері оны талқылауға әр саланың адамдары белсенді түрде қатысуда. Қазіргі таңда қоғамдық сананы жаңарту мәселелерімен шұғылдану үшін арнайы құрылған ұлттық комиссия алда тұрған міндеттерді нақтылап, жүйелі жоспар құруға кірісіп кеткені белгілі. Айтылып жатқан ұсыныстар мен пікірлер, бәлкім, біздің де айтпағымыз, сонда жинақталып, қорытылу кезінде кәдеге асырылар.

Пайдаланылған әдебиеттер: www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/153991-ulttyq-kod-%E2%80%93-rukhani-bolmys-kilti © egemen.kz


Назарларыңызға рақмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет