Пед.процестің мақсаты тұлғаны жан жақты дамыту. Ал тұлға индивид ретінде адамзат мәдениетін меңгеру үшін әлеуметтік ортаның (филос.болмыста іс әрекеті арқылы) барлық жақтарымен қарым қатынаста болады. Сондықтан оқушы мектепте, отбасында, сыныпта, қоршаған ортада іс әрекет жасай отырып, өзіне және ортаға қарым қатынаста болып дамиды. П.П. осының барлығын қамтиды. Бұлардың мәнін түсіну үшін төмендегі заңдылықтарыға тоқталамыз:
Тәрбие, білім беру, оқыту, дамудың өзара байланыста болуы заңдылығы;
Тәрбие, білім беру, оқыту, дамудың өзара байланыста болуы заңдылығы;
Педагогикалық процесте балалардың іс әрекеттегі белсенділігінің болуы; мысалы, оқуда т.б.
Педагогикалық процесте оқушылардың дара және жас ерекшелігін ескеру;
Педагогикалық процесс мақсаты, міндеттері, формалары, әдістерінің өзара байланыстылығы заңдылығы. Оқуда және тәрбиеде әдістер мен формалар пед.проц.мақсатына бағынады. Яғни, мақсатты солар арқылы жүзеге асырамыз. Мысалы, кәсіби бағдар берудегі тренингтердың жұмыс формасы ретінде тұлғаның өзін өзін дамуын жүзеге асырады. т.б.
Педагогикалық процесс құрылымдары (компоненттері).
Педагогикалық процестің құрамдас бөлігі ретінде педагогикалық іс-әрекеттің барлық алуан түрлі мақсаттары мен міндеттерін қамтиды: жалпы мақсаттан – тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы – жеке қасиеттерді немесе олардың элементтерін қалыптастырудың нақты міндеттеріне дейін. Мазмұндық компонент жалпы мақсатқа да, әрбір нақты тапсырмаға да салынған мағынаны көрсетеді, ал белсенділік компоненті мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетін, олардың ынтымақтастығын, процесті ұйымдастыру мен басқаруын көрсетеді, онсыз түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Процестің тиімді құрамдас бөлігі оның жүру тиімділігін көрсетеді, мақсатқа сәйкес қол жеткізілген ілгерілеуді сипаттайды.
ПП құрылымдары:
Мақсаты:
Тұлғаны жан жақты дамыту
Міндет
тері:
Оқытуда және тәрбиеде адамгершілік қасиеттерін т.б. Білімін, іскерлігін, дағдысын дамыту, кәсіби өзін өзі анықтауын, дамыту қиын баланың жақсы сапаларын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын, толеранттылығын т.б. Дамыту, тәрбиелеу.
Әдістері:
Оқыту мен тәрбие әдістері: түсіндіру, баяндау, лекция, әңгімелеу, жарыс, жазалау, талап қою, пікірсайыс т.б.
Форма
лары:
Оқыту процесінің формасы – сабақ, тәриенің процесінің формасы – тәрбие сағаты. Сыныптан тыс жұмыстар: саяхат, кездесу, дебат, тренинг, ойындар т.б.
Құрал
дары:
Кино, әдебиет, өнер, сөз, халық ауыз әдебиеті үлгілері т.б.