Лекция тақырыбы: Тұтас педагогикалық процестің мәні мен құрылымы
Жоспары:
Тұтас педагогткалық процестің мәні.
Педагогикалық процестің заңдылықтары.
Педагогикалық процестің тұтастығы (оқыту, тәрбие, дамыту, оқушы мен мұғалім іс әрекетінің бірлігі).
Педагогикалық процесс құрылымдары: мақсаты, міндеттері, формалары, әдістері, құралдары т.б.
Педагогикалық процестің қызметі (функциялары): білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.
Педагогикалық процестің қарама қайшылықтары.
Тұтас педагогткалық процестің мәні.
Педагогикалық процесс дегеніміз – жас ұрпаққа үлгендердің жалпы мәдени тәжірибесін берудегі, сол мәдени тәжибені балаларға үйретудегі мұғалімнің (педагогтардың) арнайы мақсатты ұйымдастырылған іс әрекеті. Оның оқу-тәрбие процесі деп те атайды. Бұдан да басқа анықтамалары бар.
Оқыту мен тәрбие үдерісін ажырамас бірлікте қарастыру идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді. Қазіргі кезеңдегі біртұтас педагогикалық үдерістің мәні туралы түсінік ғалымдардың XIX-XX ғасырларда арнайы зерттеулерінің нәтижесінде қалыптасты. Ал «педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы Пётр Фёдорович Каптерев ендірді.

«Педагогикалық үдеріс – өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». Ол педагогикалық үдеріс пен тәрбиені үйлесімдікте, яғни педагогикалық үдерісті тұлғаның жан-жақты жетілу үдерісі ретінде қарастырды. П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті. Кейіннен оны Сластенин, Лихачев, Харламов, Қазақстанда Н.Д.Хмель және оның шәкірттері зерттеді.