Лекция тақырып: Арнайы педагогика пәні, міндеттері. Арнайы педагогика ғылымының мақсаты, міндеттері. Арнайы педагогика салалары



бет11/15
Дата07.01.2022
өлшемі61,12 Kb.
#17612
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тақырыбы: Жазбаша сөйлеу

1.Жазбаша сөйлеу туралы түсінік

2.Жазбаша сөйлеудің бұзылуын анықтау тәсілдері

Зерттеуге хат және жазбаша сөйлеу (сөйлеу әрекетінің өндірістік түрі) және оқу кіреді.Хат және оқу ереже бойынша, екеуіде зерттеледі.Дегенмен көптеген басым жағдайларда, бұл екі түрдің екеуінде де байқалатын мәселелер аталынып өтіледі. Зерттеудің басында логапед балаға аз ғана творчествалық жазба жұмысын орындауды ұсынады, мысалы өмірдегі қандайда бір жағдайды суреттеу( каникулды немесе демалысты қалай өткіздің, киноға немесе қонаққа қалай барып қайттың және т.б.) Бұнда басынан бастап жұмыс көлемін шектеу маңызды, мысалы бес сөйлемнен тұратын етіп. Көлемге мұндай шектеу жасау тек зерттеу уақытын үнемдеуге ғана мүмкіндік бермей, сонымен қатар баланың өзінің белсенділігін стимулдайды.Сонымен бірге, көлемді шектеу бізге баланың ақпаратты бірдей мөлшерде таратуын және жоспарлауын бағалауға мүмкіндік береді. Балаға бұл жұмысты ешқандай алдын ала дайындықсыз, толықтай өз бетімен орындау құқы беріледі. Сондықтанда жазу уақытында баланы бөлек бөлмеге қалдыруға болады және осы уақытта баланың анасымен әңгімелесуге немесе оның жұмыстарымен танысуға мүмкіндік туады. Егер сіз баланы өз кабинетіңізде қалдыруды шешсеңіз, онда сіз баланың көзінше анасымен сойлеспеуіңіз және дәптерлерін қарамауыңыз қажет. Бұл әрекеттер оны алаңдатады, және нәтижесінде анық емес мәліметтер береді.

Жұмыс дайын болған кезде, міндетті түрде балаға оны өз бетімен тағы бір тексеріп шығуды ұсыныңыз,содан кейін барып қана бірге тексеруге отырыңыз. Жазылғанды бірге тексеру, баланың практикалық және теоретикалық сауаттылығынан, өзін өзі тексеру қабілетінен, жазылғанды оқу қабілетінен көп мағлұмат береді.

Баланың жазба жұмысы мен жаңа ғана дайындықсыз жазылған творчествалық жұмысын тексерудің нәтижесінде алынған мәліметтерге байланысты зерттеудің ары қарайғы бағыты анықталады. Егерде баланың ауызша сөйлеуінің дұрыс қалыптаспағандығын білдіретін қателіктер байқалса, ауызша сөйлеу үрдісінің жағдайын және осы сферада тілдік компетенцияны анықтау қажет.

Егер балада жазу жетіспеушіліктері басқа психикалық функциялардың жетіспеушіліктерімен байланысты болса, онда психикалық әрекеттің қай жағы және қалай ауыратынын анықтау қажет. Бұны психологиялық және нейропсихологиялық тест методикаларын меңгерген логопед немесе осындай методикаларды меңгерген психолог істей алады.

Егер жазба жұмысын анализдеуде ауызша сөйлеудің тілдік құралдарының дұрыс қалыптаспағандығын білдіретін қателіктер байқалса, онда жазбаша сөйлеуге терең зерттеулер жүргізу қажет. Қосымша тест түрінде ақаулық құрлымындағы басты звеноның көрінуіне алып келетін жазудың әр түрлі түрін қолдануға болады: ауызша айтқанды жазу, көшіру, сұрақтарға жазбаша жауап беру.

Ереже бойынша жазу мен оқудың бұзылуы комплекс түрінде болады.Сондықтан көлемі бойынша аз ғана жұмысты орындағаннан кейін, оқуға текст ұсынуға болады.

Зерттеуге 5-7 минуттық, белгісіз текст алынады. Текст мазмұны бойынша түсінікті, таныс емес сөздерсіз болуы қажет. Әріптің көлемі кітаптағымен сәйкес немесе кішкене үлкенірек болуы қажет. Бірінші сынып оқушысы үшін иллюстрациялары бар текст алынады.

Басында балаға оқуға дайындалуға, алдағы жұмысқа дайындалуға уақыт беру керек. Балаға дауыстап оқудан бұрын, көзбен шолып шығуды және егер, бір нәрсе түсініксіз болып жатса сұрақ қоюды ұсыныңыз. Ереже бойынша бірінші ретте біз баладан текстті жай оқып шығуды сұраймыз.

Оқу барысында логапед оқу қабілетіне, қателіктер және олардың сипатына мән береді. Оқып жатқан баланы қателіктерін түзету үшін тоқтатуға болады, егер ол қателіктер оқып жатқан тексттің мазмұнын түсінуге әсер етсе ғана. Мынандай ескертулерден сақтаныңыз: «Бұл сөзді тағы бір рет дұрыстап оқы»,-жай тексттегі қажетті сөзге саусағыңызбен немесе укаскамен көрсетіңіз,ары қарай оқу қиын болуы үшін.Бұндай әрекет баланың эмоционалдық қысымын төмендетеді, ол өзін жайлы сезінетін болады.

Бір рет оқып шыққаннан кейін баладан тағы бір қарап шығып, түсінгенін айтуға дайындалуын сұраймыз.Бала өз бетімен дайындалады (дайындалып жатқан сыңай танытады). Одан кейін одан не түсінгенін айтып беру сұралады.

Бұндай жолмен, логапед оқу техникасын және оқылған текстті мәнерлеу үрдісін зерттейді. Түсінген нәрсенің сапасы ғана бағаланбайды,тексттің мазмұнын қай деңгейде және анализдеу барысында неге сүйенгендігі бағаланады.

Тексттің мәнінің бірнеше деңгейі бар: фактология, жалпы мәні және тексттің жасырын мәні. Фактология текстте бар оқиғалардың тікелей бағасынан тұрады. Тексттің жалпы мәні тексттің тақырыбынан тұрады: бұл текст не жайында, бұнда қандай қызықты, жаңа нәрсе айтылған. Тексттің жасырын мәні немесе подтекст – бұл тексттің сыртқы жасырын мазмұны, автор ұсынған идея (бұл текст не үшін жазылған, бұл текст неге үйретеді). Өздерінің сыртқы қарапайымдылығына қарамастан олар балалардың анализдеуі үшін қиын болып табылады. Жасырын мәнді анализдеуді бала өзінің жасына және әлемді түсіну деңгейіне сәйкес жүзеге асырады.

Текст мәнін анализдеу барысында біз оның түсінбеушілігінің әр түрлі көрінісін байқаймыз:



  • денотаттық жоспардың жоқтығы (текст бала үшін шынайы өмір жайындағы ақпаратты тасымалдамайды);

  • текст мазмұнының анализі оқу техникасының төмен деңгейі барысында қиындатылған;

  • ақпарат анализі текстті тілдік бірлік ретінде қабылдау жетіспеушілігі барысында қиындатылған;

  • текст фактологиясы сәтті қабылданады,бірақ онда интеллектуалдық операциялардың дұрыс қалыптаспағандығына байланысты қиындықтар кездеседі.

Жас және интеллект деңгейіне қатысты текстті түсінуін тексеру үшін, әр түрлі тапсырмалар ұсынуға болады.

Ең қиыны- тексттен кілттік сөздерді бөліп алу (сөз тіркесі, сөйлем). Ереже бойынша, текст семантикасын жеткілікті дәрежеде терең меңгермеген балалар, бұл тапсырманы дұрыс орындай алмайды, текстті сөзбе сөз айтуға көшіп кете береді. Ескеретін жайт, үлгі ізімен тура жүру,яғни бала қажетті сөзді есіне түсіргенше мазмұнын айта алмаса, бұл текстті қабылдау облстында, соның ішінде оқу барысында ақаулық бар екенін аңғартады.

Орташа деңгейлі қиын тапсырма- текстті айту.

Және соңғысы, ең жеңіл тапсырма- сұраққа жауап.

Бұнда мынаны ескеру қажет, тексттің жасырын мазмұнының көрінуі тек қосымша сұрақ қолданғанда ғана мүмкін. Маңыздысы, бала біздің сұрақтарымызға жауапты тез тауып қана қоймай, жауап іздеу барысында ойлануы қажет.Логапед сұрақтары нақты формаға ие болуы және ұсынылған тексттің негізгі мазмұнын көрсетуі қажет.Текстті түсіну деңгейі және оқу техникасының қалыптасудеңгейі арасында арнайы корреляция жоқ екені белгілі. Сондықтан, егер оқушыда дауыстап оқығаннан кейін текстті түсінуіне байланысты мәселе туындаса, онда логапед оған іштей оқып шығуға үзінді ұсынып және оны айтуға дайындалуды сұрауы қажет.Оқушының оқуының нәтижелілігі үшін дауыстап оқу техникасынан гөрі іштей оқығанды талқылау үрдісі маңыздырақ.

Оқу барысында мәселесі бар балаларға зерттеу барысында оқуға және ойлануға біртіндеп уақ бірліктер ұсынылады. Текст оқудан біртіндеп сөйлем оқуға, одан сөзге, буындарға және әріптерге көшеді. Осындай оқу барысында оқу процессінің қалыптасуындағы қиындықтарда қай мәселелер маңызды екені анықталады.

Қазіргі логопедияда дисграфия және дислексия классификацияларына қатысты кең көлемдегі тұрғы номенклатуралары бар. Практикада логопедтер жазу және сөйлеу әрекетінің осы түрінің дефектілерінің себептеріне қатысты әр түрлі көзқарастарға сүйенеді. Автор оқырмандарға өзінің дисграфия жайындағы ойлары мен ықпал етпей , психикалық функцияларды зерттеу барысында классификациялары сізге ұнаған және сол ғылыми мектепке жататын автордың ұсыныстарын қолдануға кеңес береді

12 ЛЕКЦИЯ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет