Лекция тақырып: Арнайы педагогика пәні, міндеттері. Арнайы педагогика ғылымының мақсаты, міндеттері. Арнайы педагогика салалары


Тақырып:Психикалық дамуы баяу балалар



бет5/15
Дата07.01.2022
өлшемі61,12 Kb.
#17612
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Тақырып:Психикалық дамуы баяу балалар

1.Психикалық дамуы баяу түсінігі

2.Психикалық дамуы баяу балаларға психологиялық- педагогикалық сипаттама

3.Психикалық дамуы баяу балаларға кешенді көмек ету жүйесі

Мектепте қиындықпен оқылатын балалар тобының көп бөлігі психикалық дамуы баяу балалар тобын құрайды. Мұндай көпсандық топтың 50% жуығы бастауыш класс оқушыларын қамтиды және бұл оқушылар тобы педагог –психологтарды өздеріне еріксіз назар аудартады.

Психикалық дамуы баяу түсінігі (ПДБ) - бұл балада танымдық әрекеттің жеткілікті дәрежеде дамымауы және эмоционалдық ерік сапаларының анық сипат алмауымен сипатталады. Арнайы түрде психикалық дамуы баяуды кешенді түрде зерттеу және балалар ауытқушылығының дамуын білу арнайы психологияда 60-70-ші жылдарда қарастырылды. Бұл мектеп практикасының қажеттілігінен көрініс алып туындады. Психикалық дамуы баяу болып балалардың сипатталуы, яғни баланың жалпы дамуында психикалық дамудың қалыс қалуы болып саналанады.Г.Е.Сухарев,Т.А.Власов, М.С.Певзнер зерттеулеріңде В.И.Лубовский, К.С.Лебединский төменгі класс үлгірмеушіліктерінің негізгі категориясы бұл оқытуда қиыншылыққа ұшырауы, психикалық дамудың баяу қарқындылығымен қамтылған.Көпшілік жағдайда балаларда психикалық дамудың баяу болуының себебі ең аз мөлшердегі органикалық бұзылыстар немесе орталық жүйке жүйесінің функционалдық қызметінің әлсіздігі, дуниеге келу сәтіндегі және бала өмірінің алғашқы жылындағы түрлі қолайсыз әсерлер нәтижесі, ұзақ созылмалы аурулар, әлеуметтік-мәдени жабығулар (отбасындағы, балалар үйіндегі қолайсыз жағдайлар), стрестік, психотравмалық факторлар әсері.Психикалық дамуы баяу – тұрақты тузетуді педагогикалық- психологиялық тұрғыдан үйлесімді жағдай жасауды және медициналық емдеу шараларын да қажет етеді.

ПДБ балалардың барлығына тән ерекшілік қоршаған орта дүние және өзі жайында ұғым түсініктері үзік-үзік шектеулі, моральдық норма туралы түсінігі анық емес, танымдық қызығушылығы әлсіз, танымдық белсенділіктері төмен, ақыл-ой операциялары мен әрекеттері жеткілікті қалыптаспаған, сенсорлық жаңалықтарды қабылдауда және оны өндеуде жылдамдығы жай болу жиі байқалады, әрі коммуникативті қарым-катынастары жеткіліксіз дамымағандықтарымен сипатталады.

Балалардың сөйлеу тілінде қалыс қалушылық, сөйлеу белсенділігі төмен, әсіресе дыбыстау кемшілігі, аграмматизм, сөздік қорлары шектеулі, сөзді реттей алу функциясы баяу деңгейде көрініс береді.Оқу және ойын мотивациясын игеруде әлсіздік байқала отырып, өз мінез құлығын реттеуде мағынасыздық қалыптасып көрініс береді, эмоционалдық ерік-сфераларында қозғыштық, сезгіштік және тұрақсыздық байқалады. Балалар моторикасының жетіспеушілігі, әсіресе ұсақ қол моторикасы, қозғалыс координациясының қиыншылығы, гипороктивтілік байқалады.Психикалық дамуы баяу балаларды қалыпты дамыған балалармен салыстырып қарағанда жас жағынан сәйкес келгенімен, танымдық әрекетерінің дамуы зейіні, қабылдауы,ойлауы, сөйлеуі, есте сақтаулары жағынан қалыстық байқалады. Мұндай балаларға дер кезінде дамуына үйлесімді педагогикалық тұрғыдан көмек, әрі бағыт беріліп жақын арада дамытылса, олардың дамуында ілгері басушылық болады.

Психикалық дамуы баяу балаларға кешенді көмек ету жүйесі жүзеге асырылады:


  • Арнайы білім беру мекемелерін құру, оны жабдықтау (мектепке дейінгі мекемелердегі арнайы топтар, арнайы мектеп –интернат, жалпы мектептердегі түзету –дамыту класстары);

  • Дамуында кемшілігі бұзылысы бар балаларды ерте анықтау, бастауыш, жалпы білім беру негізінде оларды білім қажеттілігімен қамтамасыз ете отырып, түзету жұмысының формасымен және әдістерімен қамту;

  • Түзету-білім беру ісінде балалардың денсаулығын нығайтуда педагогикалық, медициналық және психологиялық диагностика жүйесін мақсатты түрдегі келісімділікпен қамту;

  • Жалпы білім беру мекеме жағдайында емдеу-сауықтыру және алдын алу шаралар жүйесін құру;

  • Психикалық жағынан дамуы баяу балаға білім беруде оқу –әдістемелік және практикалық тұрғыда қамтамасыз ету;

  • Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесінде түзетуге арналған педагогикалық кадрларды әзірлеу;

  • Отбасына арналған ақыл-кеңестік қызмет үлгілерін әзірлеп отыру;

  • Кәсіби мамандыққа бағдарлау мазмұны мен міндетін анықтау.

6 ЛЕКЦИЯ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет