Байланысты: 14 лекция ұлт азаттық қозғалысының 2 кезеңі
2. Жанқожа Нұрмұхаммедов бастаған көтеріліс:ХІХ ғасырдың 30-50 жылдары патшалық Ресейдің отарлау саясатын тереңдете түскен кезеңі еді. Осы кезеңде әсіресе Сырдария жағалауларындағы аймақтарды мекендеген қазақтардың жағдайы мейлінше ауыр болды.
Қоқан ханы Омар 1822-жылы өліп, орнына Маймәділ (1822—1842-жылдар) хан болды. Осы кезде Қоқан хандығының шапқыншылық әрекетіне жұмсалатын қаржы барынша жоғарлаған еді. Қоқан үстем таптары осыған орай қазақтар төлейтін алым-салық санын және өтейтін борыш түрлерін белгіледі. Терентиевтың айтуынша: «алым-салықтың көптігіне адам сенгісіз, әрбір түтінге жылына 6 бас мал, 24 қап көмір, 4 егіз сексеуіл, мың бау қамыс тапсыруды міндеттеген. Ал кедей дихандар жылдық астық өнімінің үштен бірін тапсыруға міндетті болған. Қіргіз-қазақтар мұнан тыс мынадай борыштарды да қосып өтеген.
1) Қоқандықтар үшін еңбек ету, жер айдап, астық егу, көктен салып, бау-бақшаларын баптау, қорған-сепілдерінің кем-кетігін бітеу қатарлы жұмыстар істеуге міндетті болған және әрбір түтін ай сайын бір адамын өз-нормасымен барып, бір жұма еңбек істеу, ал шалғайдағы қырғыз-қазақтар жалданба еңбек құнын малға өлшеп төлеп отыру белгіленген.
Бір жылда қорғандағы ат қора, қой кора қатарларды алты рет сыпырып, тазалап беру. Бұл сынды машақатты еңбекті оларға кезекпен апарып істетеді.
Әскери әрекет бола қалған жағдайда «іске жарайтын қырғыздардың барлығы шығымын өздері төлеп, олар үшін сол әскери қимыл аяқталғанға дейін атты әскер болуға міндетті болған. Шерали Фарғанаға көптеген қырғыз, қыпшақ және қазақ әскерлерін бастап барып, Бұхар корғаныс.
әскерімен соғысты»,—деген де дерек жоғарыда айтылған Қоқан хандығының қазақтарға міндеттеген борыштарының іс жүзінде қаралуы болса керек.
1856 жылы көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында тікілій соғыс қимылдары басталды. Осы жылдың аяғына қарай көтеріліс бүкіл Қазалы өңірін қамтыды. Бұл кезде қарулы көтерілісшілердің саны1500-ге жетті. Ж.Нұрмұхамедовтың жасағы Қазалы фортын қоршап, қоныс аударғандар тұрған Солдатская слобода поселкесін жойды. Көтерілісшілерге қарсы Михайловтың отряды қимыл жасай бастады. 1856 жылдың аяғында Перовскийдің қысым жасауымен Ақмешіттен генерел майор Фитинговтың 265 солдат, екі зеңбірек, бір ракеталық қондырғымен қаруланған отряды Ж.Нұрмұхамедовке қарсы аттандырылды.
1857 жылдың 9 қаңтарында көтерілісшілер мен Фитинговтың жазалаушы отряды арасында шешуші шайқас болып өтті. Шайқас нәтижесінде қарулардың тең болмауы себебінен көтерілісшілер жеңіліп, Жанқожа 20 шақты ауылмен бірге Хиуа шебіне өттіп кетті.
XIX ғасырдың 30-жылдары қазақ сахарасына отарлық үстемдік жүргізіп отырған патшалық Ресей мен Қоқан феодалдары қазақ халқына алым-салық пен басқадай борышты тіпті де ауырлата түсті. «Патша үкіметі кіші жүз қазақтарынан алынатын алым-салықты көбейту үшін 1837-жылы бір күркешеден бір жарым сом бажы алуды белгіледі. Сондай-ақ, бұрынғы қазақ билеушілері арқылы алым-салық жинау сынды әдісті де күшінен қалдырды». Ал Қоқан үстем таптары ұлы жүз қазақтарын өзіне толық бағындырып, олардан көптеп бажы жинап алу үшін Қаратал районына дейін әскер аттандырды. Сондай-ақ, Чиң пашалығының шекара қорғаушы Жиаңжүніне кісі жіберіп, Қарауыл маңындағы қазақтарды қуып жіберуді талап етті және оларға: «қазақтарға жиырма мың қол жіберіп, алым-салық жинайтындығын айтты».
1864-жылы патшалық Россияның шапқыншы әскерлерінің генералы Чернаев Верныйден жорық тартып, маусымда Әулие Атаны (қазіргі Жамбыл) алды. Веревкин Ақмешіттен шеру тартып, маусымның орта шенінде Түркістан қаласын алды. Содан кейін екі бағыт әскер бірігіп, Чернаев басшылығында сол жылы қыркүйектің аяғында Шымкентке шабуыл жасап, каланы алды. Сонымен патшалық Россиа бүкіл казақ даласын тізгіндеді.
1865-жылы патшалық Ресей әскерлері Ташкентті сұрапыл шабуыл жасау арқылы алды. Осы жылы Түркістан өлкесін құрды. Бұл өлке Орынбор гүбернаторына қарасты болды. Патшалық Ресей 1868-жылы Қоқанмен бейбіт келісім жасап, Бұхарға шабуыл жасауға өтті.
Патшалық Ресейдің әскерлері Скоберовтың қолбасшылығында шұғыл соғысқа жұмылып, Ферғана ойпатына барып, Наманган, Анджан, Қоқан және Марғұлан калаларын бірінен соң бірін басып алып, Қокан хандығы елін бағындырды. 1876-жылы Қоканды Түркістанға косып, Түркістан өлкесіне қарасты етті. Сонымен Қоқан хандығы билігі жойылды.
XIX ғасырдың 20-жылдары қазақтардың патшалық Ресейдің отарлық үстемдігіне қарсы көтерілістері арт-артынан туылып отырды. Соның ішінде Кенесары Қасымұлы басшылығындағы қозғалыс әлемге әйгілі зор көтеріліс болды. Бабуковтың сөзімен айтқанда: «Сұлтан Кенесары Қасымов атақты қырғыздардың сұлтаны Абылайдың немересі еді. Ол орта жүзде хандықты қалпына келтірмек болды. Ол осы мақсатын іске асыру үшін, Ресей сондай-ақ Ресейдің қырғыз сахарасында құрған басқару органдарымен ашықтан-ашық жауласты. Ақыры патшалық Ресейдің экспансияшыл қалың қолы 1846-жылы Қаратал өзеніне басып кіріп, Қенесары басшылығындағы қазақ шаруаларының қарулы кетерілісін бастырды. Осылвйша олар Қаратал районын иеленді.
Қоқан хандығы ұлы жүз қазақтары мен орта жүздің бір бөлім ру-тайпаларына шамамен жарым ғасыр үстемдік етті. Олардың үстемдігі қазақ коғамдық түзіміне өзгеріс жасай алмады. Олар қазақтарға болған үстемдігін алым-салық жинау мен жалақысыз еңбек істету, әскерге ұстау әдістерімен жүзеге асырып отырды. Қоқан феодалдарының қазақтарға жарым ғасырлық ұлттық езгісі мен қанауы казақ сахарасында зор аласапырандық жағдай келтіріп шығарды. Қазақ ұлтының қоғамдық дамуына кедергілік жасады
Осы кезде патша үкіметі 1853 ж. В. Перовский басқаруымен Ақмешітті басып алу арқылы кеңеюге ұмтылса, екінші жақтан Хиуа хандығының агресивтік саясаты Сырдария қазақтарының Ж.Нұрмұхамедов бастаған көтеріліске шығуының негізгі себебі болды. Шекті руының басшысы Жанқожа жергілікті қазақтардың Орта Азия хандықтарының қанауына қарсы басшысы ретінде аты шықты. Ақмешітті басып алғанан кейін Сырдария әскери желісі құрылды. Ол желіге қазақтардың көлемді жерлер казактар мен келушілерді қоныстандыру үшін бөлініп берілді. 1849 жылы Райым бекінісіне Орынбор казактарының алғашқы 26 жанұясы қоныстандырылды.
1857 жылға дейін 3000 қазақ жанұялары өздерінің бұрынғы тұрған құнарлы жерлерінен енді жыртып егін салуға жарамайтын және егінді суару үшін ағын суы болмайтын жерлерге қуылып, қоныстарын аударуға мәжбүр етілді. Бұрын қазақтар тұрған жерлерге қоныстанған ауғандар үлкен артықшылықтармен пайдаланды, мұның өзі қазақ халқын аяусыз қанауға әкеп соқты.
Бұл жылдар бойы жинақталып, ХІХ ғасырдың 50 жылдары ортасында кішкентай шекті руы егінші қазақтарының ашық күреске шығуына алып келді.
Хиуа хандығының қазақтар жөніндегі озбырлығы олардың аса ауыр салықтар жинауынан, тонаушылығынан және ойына келгендерін істейтіндігінен көрінді. 50 жылдардың басында батырдың әрекеттері Ресей әкімшілігінің де, Хиуа басқарушыларының да назарында болды. 1843ж өзінде- ақ Жанқожа Қуандариядағы Хиуа бекінісін талқандады, және де 1845 ж. көктемінде сол бекіністі қалпына келтіруге жіберілген хиуалықтардың 2000 адамдық жасағын күл-талқан етіп жеңді. Хиуалықтарға қарсы күресте Жанқожа өзіндік стратегия қолданды: бекіністерге шабуылдап, оларды қиратып отырды. Осылай оның сарбаздары Жаңа қала бекінісін де басып алып, қиратып тастады. 1847 және 1848 жж. ол Райым бекінісі маңында хиуалықтарды тойтаруда орыс әскерлеріне талай рет көмектесті. Жанқожа Кеңесарымен бірігіп Созақ бекінісін талқандады. Патша өкіметі Жанқожаны өзіне тарту үшін 1845 жылы оған 200 сом ақша және шекпен тіктіріп, киюіне мауыт мата жіберілді, ал 1848 жылы жасауыл шенін де берді. Бірақ Жанқожа ант етуден бас тартты.
1856 ж. патша әскерлері мен көтерлісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталады. Бұрын Жанқожа орыс әскерін басқарып хиуалықтарға қарсы шықса енді орыстардың отарлауына қарсы өзінің 1500 сарбазымен ашық күреске шықты. Осы жылдың аяғында Қазалы өңірін көріліс жалыны шарпыды.Көтерлісшілер Қазалы фортын қоршауға алды. Көтерілісшілерге қарсы казактардың жүздігі, жаяу әскердің 50адамы, бір зеңбірегі бар Михайловтың әскері қимыл жасай бастады.Майор Булатов бастаған отряд көтерілісшілер қосынын атқылап тастады. 1856 жылы 19-23 желтоқсан аралығында болды. Алайда жылдың аяғында мықты қаруланған (265 солдат, 2 зеңбірек, 1 ракеталық қондырғысы бар) Фитингов басқарған отряд келіп қосылды. Олар көтерілісшілерді талқандады, Жанқожа және 20 шақты ауыл тұрғындары Хиуаға көшіп кетуге мәжбүр болды. Оның мақсаты Хиуа ханы немесе Бұхара ханымен одақтасып патша үкіметіне қарсы шығу еді. Бірақ Жанқожаның бұл ойы іске аспайды.
Көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауына олардың нашар қарулануы және ескі әскери тактикасы, бір жердің шеңберінен аспауы, ерте ортағасырлық тәртіптерге сүйену себепші болды.
Жазалаушы отрядтар бейбіт ауылдарды тонап, 21400 ірі қара малдарын айдап үйлерін өртеп кетті. Ал, Жанқожа туралы деректер бойынша ол көтерілісті тоқтатып , тек бидің міндетін атқарды, кейіннен оның өзінің қарсыластары өлтірді.
3. XIX ғасырдың екінші жартысында Кіші жүз қазақтары арасында көшіп - қонатын жер және патша өкметінің реформаларына қарсылық күшейе түсті. Нәтижесінде Торғай мен Орал облыстарының қазақтары стихиялы көтеріліске шығып, ол 1868 жылы желтоқсаннан 1869 жылы қазан айына| дейін созылды. 1869 жылдың наурызынан маусым айына дейін билердің, сұлтандардың, болыс басқарушыларының старшындардың ауылдарына 41 рет шабуыл ұйымдастырылды. Оған 3 мың адам қатынасты. 1869 жылдың наурызынан бастап 1870 жылдың орта кезіне дейін Маңғыстау жарты аралындағы көтеріліс болып өтті. Оның басында Бозашы шаруалары Досан Тәжиев, Иса Тіленбаев тұрды. Көтеріліс бүкіл жарты аралға жайылды. 1869 жылдың күзінде көтеріліске қатынасқандардың саны 10 мың адамға жетті. 1870 жылы 5 сәуірде көтерілісшілер Александровск фортына, Николаевск станицасына шабуыл жасады. Форт маңындағы маяктарды өртеді. Патша әскерлері Маңғыстаудағы көтерілісті тек зенбіректің, қару - жарақтың күшімен басты.