“Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт -азаттық күресі”
Жоспар:1)Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресінің мәні
2)Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
3)Исатай мен Махамбет көтерілісі
4)Қорытынды ой
Менің пікірім бойынша қазақ халқының ұлт азаттық көтерілісінің маңызы зор.Себебі сол бір қиын заманда орыс үкіметінің отаршылдық саясаты жүріп тұрған сәт еді.Қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алып,орыс басшылығы отарлауға көшкен еді.Ақырын ақырын жерлерді иеленіп,кейіннен халықты да иемденуге көше бастады.Халықтың мұң мұқтажын түсінген ұлтшылдар халықпен бірге орыс үкіметіне қарсы көтерілістерді ұйымдастырды.Сол көтерілістердің мәні халықты орыс үкіметінің билеуіне көнбей,тәуелсіз,бодан ел болуға шақыру еді.Көтеріліске шығып орыс басшылығын басып жаншуды мақсат етті.Сол бір күрестердің бірі ретінде Сырым Датұлы көтерілісін айтсақ болады.E. И.Пугачевтің басшылығымен болған, қазақтар оған белсенді қатысқан 1773 -1775 жж. Шаруалар соғысы басып-жаншылғаннан
кейін жеті жылдан соң 1783 ж. Кіші жүзде шаруалардың көтерілісі тағы бүрқ ете қалды. Көтерілісшілерге ру ағаманы Сырым Датов басшылық жасады.Бұл қозғалыстың феодалдық пен отаршылдыққа қарсы сипаты болды, ол 1773-1775 жж. шаруалар соғысының жалғасы еді. Осы көтерілістен кейін қазақтарға жер мен су проблемаларын ішінара болса да шешіп алудың сәті түсті. 1775 ж. 7 қарашадағы жарлығымен, Сыртқы істер коллегиясы қазақтарғы қысқы уақыттары Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы, Каспий теңізі жағалауындағы, Ертіс, Жайық өзендерінің оң жағалауындағы, Ембі, Сағыз өзендері ауданындагы жайылымдарды пайдалануга рұқсат етті. Бірак, патша үкіметінің бүл көнімпаздығы амалсыздықтан туған еді,сондықтан аймақтағы позициясын нығайтуына қарай ол осы жеңілдіктерін жоюға немесе шектеуге талпынды. Көтерілістің басты мақсаты - ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак-орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектерді озбырлығына шек қою еді.1836 жылы ақпанда халықтың хан сұлтандарға қарсы
наразылығы күшейіп, ашықтан-ашық шайқасқа қарай бет алды. Бұдан шошынған Жөңгір хан қозғалысты бастап,дем беруші Беріш руының қоныстарына бірнеше қожа мен старшын жіберіп, көтерілісті тоқтатуды талап етті. Исатайға жазған хатында хан түлкі бұлаңға салып, «дос едік қой, патшаға адалдыққа ант беріп едің ғой, бүлікті тоқтат,хан сарайына кел, татуласайық, әйтпесе іс насырға шабады» - дейді. Сонымен қатар ханның жандайшабы Қарауылқожа 1836 жылғы наурыздың 24-не қарай 800 адамдық қол жинайды да, жайлауға көшіп кеткен Исатай ауылын шаппақ болады.Солайша көтеріліс әрі қарай дамиды.
Жалпы қорыта айтатын болсам көтерілістің отаршылдыққа қарсы пайдасы болды.Көтеріліс Бөкей Ордасындағы хандық биліктің әлсіреуіне көмегін тигізді.Сонымен қоса патша өкіметінің отаршылдыққа саясатына қарсы көтерілісшілердің рухын көрсетті.Көтеріліс нәтижесінде қазақ феодалдық топтарының Ресей отаршылдық билеушілерімен ауыз жаласқандығына дәлел болды.