Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет19/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77
Торлы құрылым 
Торлы құрылым. Торлы құрылым (ретикулярлық формация) пішіні әртүрлі, үлкенді-кішілі, көптеген 
қысқа тармақты (дендритті) жасушалар тобы. Олардың дендриттері көп бұтақты. Олардың арасында 
көптеген түйіспелер құрылады. Мәселен, екі нейрон дендриттері арасында 30 000-ға жақын түйіспелер 
болуы мүмкін. Сондықтан торлы құрылымның гистологиялық препаратын жай микроскоппен қарағанда ол 
тор тәрізді болып көрінеді. Осыдан 150 жылдай бұрын торлы құрылымға бірінші сипаттама берген Дейтерс 
болатын. Торлы құрылым ми бағанында орналасқан. Оның нобайы ортаңғы мида, біразы көпірде, үлкен 
нейрондылары сопақша мида топтаскан, шеткей орналасқан ағзалармен тікелей байланыспаған. 
Ағзалардады қабылдағыштардан ақпараттық мағлұматтар торлы құрылымға жұлынның жоғары ми 
сыңарлары қыртысына қарай өрлеуші жолдарынан коллатераль (жалғама) байланыстар арқылы келеді. Оған 
серпіністер көлденең бұтақшалар арқылы тіпті көру, дыбыс жүйкелерінен де келіп түседі. Торлы кұрылым 
кейде бейарнамалы жүйке жүйесі деп те аталады. Өйткені ол орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің 
(ми қыртысынан бастап жұлынға дейін) қызметін белсендіреді. Жалпы алғанда торлы құрылым ми 
бөлімдерімен қарама-қарсы екі бағытта байланысқан. 
Торлы құрылымның физиологиялық мәні жақын арада ғана анықтала бастады. Американдық Мегун 
(1948) мен итальяндық физиолог Морруций (1949) ми қыртысы биотоктарын жазу және электр тогымен
торлы мидағы бөлімін тітіркендіру арқылы, мұның ми сыңарлары қыртысының қызметін түгелдей 
күшейтетінін анықтады. Ортаңғы мидағы торлы құрылымды тітіркендірсе ми қыртысының қай бөлімінің 
электро- энцефалаграммасы болса да, онда альфа және бета толқындары пайда болады. Ұйқыдағы 
жануардың торлы құрылымын тітіркендірсе, ол оянып кетеді. Бұл кезде электроэнцефалограммадағы 
тежелуді көрсететін үлкен және сирек толқындардың орнына кіші және жиі (альфа, бета) толқындар пайда 
болады. Торлы құрылым мен ми қыртысы сыңарларын қосатын жолын кесіп жіберсе, жануар қатты ұйқыға 
кетеді. Бұл айтылғандар торлы бөлімнің ми қыртысын ширатып, оның қызметін күшейтетінін көрсетеді. 
Осыған орай торлы құрылымды ми қыртысы қызметін түгелдей күшейтетін бейарнамалы жүйке жүйесі деп 
те атайды. Ол ми қыртысына әсер еткенмен де өзі ми қыртысына тәуелді. Ми қыртысы торлы құрылым 
арқылы өзінің қызметін өзі реттейді, яғни кері байланыс арқылы ми қыртысы торлы құрылымдағы қозуды 
күшейте немесе бәсеңдете алады. Мұнымен қатар торлы құрылым орталық жүйке жүйесінде қозу мен 
тежелу үрдістерінің жайылуын және бір орталыққа жиналуын реттейді. 
Бастапқы кезде торлы құрылымда белгілі бір дербес, қызметті рет- тейтін орталық жоқ деп есептелетін. 
Қазір воролий көпірінде орналасқан торлы құрылымда ми кыртысындағы тежеуді тездететін, жануарды 
ұйықтататын орталық бар екені анықталып отыр. Ал сопақша мидағы торлы құрылымда жұлын қызметін 
күшейтетін және тежейтін әсері төменге қарай бағытталған екі орталықтың бар екені белгілі болды. 
Торлы құрылым ауырсыну сезімін тудыруға да қатысады. Мәселен торлы құрылымға ғана әсер ететін 
барбитураттар тобынан дәрі ішіп ауырсыну сезімін жоюға болады (аналгезия). 
Торлы құрылым, гипоталамус, таламус және көне ми қыртысы қосылып лимбиялық жүйе құрады. Бұл 
жүйе эмоция мен мотивацияны тудырып адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына ықпал жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет