Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


лекция 4  Такырыбы: Орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің функционалдық маңызы



Pdf көрінісі
бет16/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77
лекция 4 
Такырыбы: Орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің функционалдық маңызы.
Жоспары: 
1. Жұлын. Артқы ми. Ортаңғы ми. Аралық ми.
2. Ретикулярлық формация. Мишық. Базальді ядролар, лимбикалық жүйе. 


3. Ми сыңарлары қыртысының функциясы. Мидың функциональды ассиметриясы.
Жұлын 
Бұл омыртқа бағанының каналында орналасқан жуан арқан тәрізді орталық жүйке жүйесінің бір бөлімі. 
Жұлын ақ және сұр құрылымды заттан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан, ал сұр зат нейрондар 
денесінен тұрады. Сұр зат жұлынның қақ ортасында ми түтігінің айналасында орналасқан. Жұлынды 
көлденең кескенде сұр заттың бейнесі көбелектің қос қанатына немесе “Н” әріпіне ұқсайды. Сұр заттың 
денесінен созылған алдыңғы, артқы, бүйір (жұп) ашалары болады. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Сұр 
заттың алдыңғы және артқы ашасы ақ затты төрт бағанға (алдыңғы, артқы және екі бүйір) бөледі. Сұр зат 
рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді. Жұлынның сезгіш нейрондарына афференттік 
жүйкелер тері, ет, сіңір, ішкі ағзалар қабылдағыштарынан (экстеро-, проприо-, интероқабылдағыштардан) 
серпіністер әкеледі. Қозғалтқыш нейрондардың жүйкелері қозуды шеткі ағзаларға, қаңқа еттеріне жеткізеді. 
Сезгіш және козғалтқыш нейрондар, аралық нейрондар арқылы немесе бір-бірімен тікелей байланысып 
рефлекстік доға құрады. Сондықтан жұлын ми- дың қатысынсыз-ақ өзінің жұлын рефлекстерін атқара 
алады. Дегенмен біртұтас организмде жұлынның қызметі ми қызметіне бағынышты. Орталық жүйке 
жүйесінде, оның төменгі бөлімдерінің қызметін жоғары бөлімдері реттеп отырады (субординация). 
Жұлынның афференттік және аралық нейрондарының аксоны мен бұтақтары қабылдағыштағы қозуды 
миға жеткізетін жұлынның жоғарыға қарай өрлейтін жолын құрайды. Бұл жолдардың көбі жұлын ак 
затының артқы және бүйір бағандарында өтеді. Қозуды ми нейрондарынан жұлынға жеткізетін эфференттік 
талшықтар жұлынның төмен түсетін жолын құрады. Бұлар жұлынның алдыңғы және бүйірдегі 
бағандарында өтеді. 
Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғ және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған 
сәйкес және көршілес сегментімен байланысады. Соңдықтан жұлынның бір түбірі бұзылса, не кесілсе оған 
сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Оның қызметін 
көршілес сегменттің нейрондары орындайды. Белла-Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері 
афференттік жүйкелерден, алдыңғы түбірлері эфференттік талшықтардан тұрады. 
Жұлын нейрондары. Адамның жұлынында 13,5 млн-дай нейрондар болады. Олардың 97%-і сезгіш және 
аралық, 3%-і қозғалтқыш нейрондар. Қозғалтқыш нейрондардың альфа (α) және гамма (γ) екі түрі сұр 
заттың алдыңғы ашасында орналасады. 
α-мотонейрон ең үлкен жасуша. Бұл нейронның аксоны адамның бет еттерінен басқа барлық қаңқа 
еттерімен байланысқан. Тұтас бір бұлшықеттің барлық миоциттерімен байланысатын нейрондар тобын 
нейрондық пул деп атайды. Бұлар тұтас қозбауы мүмкін. Осыған орай жиырылатын ет талшықтарының 
саны оған байланысты етті жиыру әртурлі болмақ. ү-мотонейрон а-мотонейронның тонусын теженді 
(реттейді). Мотонейрон қозғанда ет ішіндегі қабылдағыш - ет ұршығы (интрафузалық ет) жиырылады. Одан 
ү-мотонейронға барған серпіністер экстрафузальдық етті жиырылатын немесе босататын әсерлерге 
сезімталдығын күшейтеді. Сөйтіп, а-мотонейронның әсерін үдетеді. 
Аралық нейрондар басқа нейрондармен қоздыратын не тежейтін түйіспелер құрады. Демек, олар қозу 
мен тежелу үрдістерінің тууын реттейді және белгілі бір сегменттің ішіндегі көршілес сегменттер 
арасыңдағы байланыстарды іске асырады. Бұл нейрондар сұр заттың денесінде, артқы ашаның шылбыр 
(funiculus) бөлімінде орналасады. Шылбыр жасушалардың аксондары жұлынның жоғары қарай өрлейтін 
жолын құрады. Аралық нейрондар қатарына мотонейронның айналасындағы оны тежеуші Реншоу 
жасушалары жатады. Аралық жасушалар арқылы ми бағанының торлы құрылымдары жұлында пайда 
болатын қозу, тежелу үрдістерін реттейді. 
Сезгіш нейрондар жұлын ганглийлеріңде топталған. Бұл жасушаның бір талшығы болады. Ол 
ганглийден шыға берісте екіге бөлінеді. 
Оның бірі қабылдағыштарда туған қозуды сезгіш нейронның денесіне жеткізеді, ал екінші талшығы 
сезгіш нейронның серпіністерін жұлын мен ми қыртысы нейрондарына апарады. Вегетативтік жүйке 
жүйесінің ганглийге дейінгі симпатикалық нейрондары жұлынның кеуде, бел сегменттерінің бүйір 
ашасында, ал парасимпатикалық нейрондары сегізкөз бөлімінде орналасады. Олардың көбі эфферентгік 
нейрондар көптеген ағзалық (висцералды) рефлекстердің орталығы. Жұлынның сұр затында (еттерді 
бугетін, жазатын), еттің ұзаққа созылатын қатаюын (тонустық) және фазалық (кездік) жиырылуын 
тудыратын рефлекстер орталығы болады. Мұнымен қатар вегетативтік әрекеттерді реттейтін орталықтар 
бар. Қан тамырларын кеңейтіп тарылтатын, жүрек соғуын, ас қорыту бездерінің сөл бөлінуін, ас қорыту 
жолының қимылын, несеп, нәжіс, жыныс жүйелері қызметін реттейтін орталықтар жұлынның бүйір 
ашасында орналасқан. Бұлар арқылы жұлын көптеген висцеральдық рефлекстерге қатысады. Жұлынның 
аталған күрделі қызметтерін ми қадағалап реттеп отырады. Мидың әсерін шеткі ағзаларға және кері қарай 
олардың қабылдағыштарынан қозуды (хабарды) миға жұлын ақ затындағы жоғары, төмен кететін жолдары 
арқылы жеткізеді. Ең негізгі жолдардың қызметі туралы қысқаша мәліметтерді Г.И. Косицкий оқулығынан 
алынған кесте көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет