3. Эндокринді бездерді трансплантация арқылы алмастырып тігу. Жануарларда зерттелетін безді алып
тастап, пайда болған өзгерістерді бақылау. Одан кейін алып тастаған безді қанмен қамтамасыздандыра
отырып дененің басқа бөлігіне отырғызады. Егер осыдан кейін бұзылған қызметтер қалпына келсе, бездің
ішкі сөлінісі бар деген сөз.
4. Парабиоз әдісі - екі жануардың тиісті қан тамырларын жалғас- тырып, қан айналысын ортақтастыру,
содан кейін біреуінің безін, я бездерін алып тастап, оның дене қызметіндегі өзгерістерді зерттеу.
5. Ішкі сөлініс бездерін эксплантация әдісі арқылы зерттеу. Без неме- се оның бір кішкене бөлігін
денеден тыс қоректік ортаға орналастырып, оның тіршілік жағдайын зерттеу. Бездің қоректік ортада гормон
жасауының саны мен сапасына әртүрлі үрдістердің әсерін зерттеу.
6. Биологиялық сұйықтардағы (қан, лимфа, несеп т. б.) гормондар мен олардың метаболиттерінің
мөлшерін химиялық, иммунологиялық және басқа әдістер арқылы зерттеу.
Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу әдістері, нысана гормондар.
Флюоресция беретін қарсы денелер ең дәл дұрыс әдіс. Кейбір гормондардың қай жерде көбірек
орналасқанын анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл көбінесе гистохимиялық зерттеу әдісімен қоса жүргізіледі.
Клиникалық-анатомиялық әдіс. Ауруханаларда ішкі сөлініс бездері өзгерген адамды бақылап зерттеу.
Өлген адамдағы белгілі бір бездің гипер — және гипоәрекеттік, патологиялық анатомиялық және
гистологиялық, сонымен қатар денедегі нысана тіндерде пайда болатын өзгерістер зерттеледі.
Гипоталамус-гипофиздік жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: