Қан, лимфа және ткань сұйықтығы организмнің сұйық ортасы. Ткань сұйықтығы организм клеткаларын
қоректендіріп, оларда зат алмасу процесіне қатысады. Органдардың, тканьдердің қозу активтілігі, сұйық
ортаның химиялық құрамына, физика-химиялық қасиеттеріне байланысты.
Т к а н ь с ұ й ы қ т ы ғ ы . Азғантай органдардың (бауыр, өкпе) клеткалары қан капиллярының
қабырғасына тікелей жанасады. Ал көпшілік орган, ткань клеткалары мен қан капилляры арасындағы
кеңістікті алып жатқан белок табиғатты гомогендік ткань сұйықтығы арқылы байланысып үнемі зат алмасу
процесі жүреді.
Алмасудың негізгі факторының бірі — екеуінің арасындағы осмос қысымының айырымы, екіншісі —
капиллярлардың гидростатикалық қысымы. Осмос қысымының айырымы, онкотикалық қысым есебінен
пайда болады. Себебі ткань сүйықтығында кәлемі үлкен молекулалы белоктар капилляр қабырғасынан ішіне
өте алмайды. Қанның онкотикалық (белок) қысымы 15—20 мм сынап бағанасына тең болғандықтан,
тканьдегі су қан тамырына өте алмайды, себебі артерия капиллярындағы гидростатикалық қысым (25—35
мм с. б.) қарсы әсер етеді. Соңдықтан да артерия капиллярларынан су ткань аралық кеңістікке қарай өтеді.
Ал вена капиллярларында қан қысымы осмос қысымынан төмен болғандықтан, су тканьнен вена
капиллярларына ауысып өтеді. Сонымен ткань мен қан арасында үнемі үздіксіз су алмасу процесі жүріп
тұрады.
Адам және өте жоғары сатыда дамыған жануарлардың жер бетінде тіршілік етуі — олардың ішкі сұйық
ортасы тұрақтылығының (гомеостаз) механизмі әр түрлі молекулалық, субклеткалық, тканьдік, органдық,
нервтік және нервгуморальдық дәрежеде жүреді. Әрбір органның өзіне тән тұрақты сұйық ортасы бар.
Л и м ф а және оның қ ұ р а м ы . Лимфа — лимфа тамырларындағы, түйіндеріндегі, өзектеріндегі
сүйықтық. Лимфа ткань сұйықтығының лимфа капиллярларына сүзіліп өтуі арқылы жасалады. Лимфа
тамырларындағы лимфа түйіндерін лимфа бездері деп те атайды. Лимфа капиллярлары бір-бірімен
көпіршелер арқылы байланысып, кейін бірте-бірте қайта қосылып лимфа өзегін құрайды. Лимфа өзегінде,
тамырларында да вена тамырларындағы сияқты клапандары болады. Лимфа капиллярларының қабырғасы
байланыстырғыш ткань мен бірыңғай салалы ет талшықтарынан құралады. Ірі лимфа тамырларының қа-
бырғасында да көптеген сезім және қозғалыс нерв талшықтары бар.
Лимфа қанның өте сүзілген түрі. К. Людвиг пен X. Г. Старлинг теориялары бойынша, лимфа қан
қысымы айырымынан, қан капиллярларынан сүзілу арқылы жасалады.
Лимфаның құрамы барлық органдарда бірдей болмайды. Лимфа құрамы қан плазмасының өзгеруіне әр
түрлі органдардың ткань сұйықтығындағы заттардың мелшеріне байланысты болғандықтан тұрақты
болмайды.
Лимфаның жасалуы Людвигтің сүзілу теориясымен қатар Гейдингайн (1891) ұсынған секреторлық
теорияға да бағынады.
Лимфаның мелщері салмағы 60 кг адамда 1200—1400 мл. Лимфа — түссіз сұйық зат, құрамында
лимфациттер, белокфибриноген, альбумин, глобулин бар. Лимфаның құрамы қан плазмасының құрамымен
өте ұқсас. РН-реакцияда плазмадан сәл ғана төмен.
Достарыңызбен бөлісу: