Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Тепе-теңдік және ауырсынуды сезу



Pdf көрінісі
бет71/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
 Тепе-теңдік және ауырсынуды сезу 
Тепе-теңдік сезімі. Көру мүшесінен кейін дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін сақтайтын мүшеге 
вестибула (латынша УезйЬиІит — саға, кіреберіс) рецепторы жатады. Барлық рецепторлар ішінде вестибула 
мүшесі — адам ұрығында ең алғашқы өсіп жетілетін рецептор. Әр вестибула мүшесі өз жағының бұлшық 
еттерінің ширығуын басқарып отырады. Сондықтан, мысалы, сол жақ құлақ вестибула мүшесі бұзылса, онда 
дененің екінші жағы басым болып, адам басы оң жаққа қарай бұрылады. Вестибула мүшесінің ұшқыштар 
жұмысында, ғарышқа ұшқанда салмақсыздық жағдайында, парашютпен секіргенде, таудағы спортта, суда 
жүзгенде, трамплиннен секіргенде, рналасуына гимнастикамен шұғылданғанда, велосипед, коньки 
тепкенде маңызы зор. 
Вестибула — ішкі құлақта орналасқан, өте күрделі құрылысты мүше. Ол сағалық бөлімнен және үш 
жазықтықтан, өзара перпендикуляр орналасқан үш доға қуысынан құрылған. Доға қуыстары эндолимфамен 
толы. Сағалық эндолимфада екі дорбашық — дөңгелек және сопақ дорбашықтар болады. Ол дорбашықтарда 
әктелген ұсақ тастар — статолиттер бар. Дөңгелек және сопақ дорбашықтар түкті рецептор клеткаларына 
тиіп жатады. Басты бір жаққа қисайтқанда немесе дене кеңістіктегі жылдамдығын өзгерткеңде, төмен тарту 
салмақ күшінің және күштің ортадан тебуінің өзгеруімен байланысты дорбашықтарда қозу пайда болады. 
Дененің еңкеюін дорбашықтардан басқа буынның сіңірлеріндегі рецепторлар, әсіресе мойын бұлшық еттері, 
терідегі рецепторлар жақсы сезеді. Доға қуыстары жылдамдықтан немесе бір кеңістіктегі баяу айналу 
қозғалысынан және бұрыштық жылдамдықтан қозады. Вестибула мүшесінің қозуы жоғары болса, бас 
айналады. Ұзақ уақыт дөңгелегеннен кейін көз жыпылықтап, мезгіл-мезгіл тартады. Есту жүйкесі құрамына 
вестибула жүйкесі кіреді. Есту жүйкесі сопақша мимен байланысты болғандықтан вестибула мүшесіне 
әсерін тигізеді. Оның тым күшті қозуынан жүрек жылдам немесе жай соғады, тыныс алу өзгереді, қан 
тамырлары тарылады немесе кеңейеді, қанның қысымы жоғарылайды немесе төмендейді, ішектердің 
жиырылуы күшейеді. Сонымен қатар адам құсады, өңі бозарады, маңдайынан салқын тер шығады. Мұндай 
жағдай ұшақпен ұшқанда, теңізде жүзгенде, алтыбақан тепкенде, әр түрлі көлікпен жүргенде, кейбір дене 
шынықтыру жаттығуларын жасағанда байқалады. Осындай қолайсыз жағдайлардан үздіксіз жаттығу 
нәтижесінде құтылуға болады. Вестибула мүшесінің ең негізгі жаттығуы: басты шайқау, гимнастикамен
бокспен шұғылдану, суда жүзу, алтыбақан тебу, секіру, суға секіру және трамплиннен шаңғымен секіру, т.б. 
Вестибула мүшесінің және вестибула анализаторы (ми қыртысындағы) аймағының жаттығуымен қатар 
үлкен ми сыңарлары қыртысындағы көру, тері және проприорецепторлық аймақтар да жаттығады. Мүндай 
жаттығулардың еңбек қабілетін дамытуда және спортта маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет