Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет69/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77
Есту мүшесінің қызметі. Дыбыс қоздырғыш толқындарын сезу — күрделі кұбылыс. Ауадағы дыбыс 
толқындары құлак қалқанымен ұсталып, сыртқы дыбыс жолымен өтіп, дабыл жарғағын тербеліске келтіреді. 
Одан дабыл жарғағында пайда болған тербелісті ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектері (балғашық, үзеңгі, төс) 
күшейтіп, оны сопақ тесіктің жарғақшасына жеткізеді. Сүйектер дабыл жарғағына қарағанда сопақ тесіктің 
жарғақшасының тербелу шегін азайтуымен қатар, тербелудің күшін (шамамен 50 есе) арттырады.
Егер дыбыс өте жоғары болса, онда арнайы бұлшық еттер дабыл жарғағын және сопақ тесік 
жарғағының керілуін үлкейтеді. Осының нәтижесінде жарғақ тербеліп, оны жарылып кетуден сақтайды. 
Сопақ тесік жарғағының тербелуі иірім түтіктің сағасына жетеді. Мұнан пайда болған тербелу ішкі 
құлақтағы перилимфа мен эндолимфаны қозғалысқа келтіреді. Осыдан Кортиев мүшесінің жарғақшасы 
қозғалысқа түседі, оның үстіңдегі есту түкті клеткалары — рецепторлар қозғалады да, оларда қозу 
туғызады. Бұл қозу үлкен ми сыңарлары қыртысындағы есту аймағына өткізгіш жүйке арқылы жеткенде 
дыбысты сеземіз. Дыбыстың сипатын, күшін, жағымды немесе зияңды әсерін анықтай аламыз. Күшті 
(қатты) дыбыс иірім түтіктің қысқа талшықтарымен сезіледі де, одан соң Кортиев мүшесіне жетеді. Қозумен 
барлық талшықтар бір мезгілде қамтылмайды. Олардың белгілі ұзындығы барлары қозуға түседі. Сейтіп, ең 
алдымен, дыбыстың сезіліп, анықталуы Кортиев мүшесінде өтеді, одан соң қозу есту жүйкесі арқылы 
орталыққа жетеді. Дыбыс кұлақ арқылы ауа жолымен және сүйек өткізгіштігі жолымен қабылданады. Сүйек 
өткізгіштік түрінде дыбыс толқыны бас сүйегін тербелтіп, тікелей иірімді түтікке жетеді. Бұл өткізгіштікке 
сыртқы және ортаңғы құлақ қатыспайды. Жер бетіндегі ауа орталығында дыбыс құлақ арқылы, ал адам 
судың ішіңде (сүңгігенде, су астында) болғанда сүйек өткізгіштік арқылы сезіледі. Адам өзінің дауысын осы 
екі өткізгіштік арқылы естиді. Егер дауыс қатты шықса, онда сүйек өткізгіштігі басым болады. Мұндай 
жағдайда адам жылдам шаршап қалады. Адамның кұлағы 15—20-дан 20000 Гц жылдамдыққа дейін тербелу 
аралығында дыбыс толқынын сезеді. Адам сөйлегенде оның дыбысының толқыны 150—2500 Гц 
аралығында болады. 
Дыбыс қаттылығы децибел арқылы өлшенеді. Адам дыбыс қаттылығын құлақта ауру пайда болғанша 
қабылдайды. Бұл 1-ден 140 децибелге дейін сәйкес болады. Егер дыбыс үнемі 120—140 децибелге сай 
болып, ұзақ уақыт құлаққа әсерін тигізсе, оңда құлақ ауруы пайда болады. Сағаттың дыбысы — 20, 
сыбырлап сөйлеу — 40, дауыстап сөйлеу — 60, айқайлау — 80, трамвайдың шуы — 70—75, ұшақтың 
пропеллерінен 5 м қашықтықта 110— 120, күннің күркіреуі — 120 децибел болады. Дыбыстың бұл 
қаттылықтары есту мүшесінде бейімделу кұбылысын туғызады. Сондықтан кейбір адамдар дыбыстың 
жоғары қаттылығына үйренеді. Мұндай адамдар радио, теледидар, магнитофондарды өте қатты дыбысқа 
қойып, шу шығарып тыңдауды әдет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет