Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет40/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Қ а н н ы ң қ ы е ы м ы. Тамырлардағы қанның қысымы жүректің жиырылуынан пайда болады. 
Қарыншалардың жиырылу кезінде қан қысымы жоғары болады, ал босаңсуында қан қысымы төмендейді. 
Сондықтан жоғары қысымды максималдық немесе жиырылу қысымы деп, ал төменгі қысымды минималдық 
немесе босаңсу қысымы деп атайды. 
Қанның артерия қысымын сфигмоманометрмен қол қары артериясын қысу арқылы білектен өлшейді. 
Адамда және бір қатар сүтқоректілерде жоғарғы жиырылу қысымы 120 мм, ал төменгі босаңсу — 75 мм 
сынап бағанасы шамасына тең болады. Жиырылу және босаңсу қысымының айырымы тамыр қысымы 
болып есептеледі. 
120/75 мм сынап бағанасы мен көрсетілген қанның қысымы тек қан белгілі бір қолдағы иық артерия 
қысымы. Барлық тамырларда қысым бірдей болмайды, әрқайсысында әр түрлі болады. 
Артерия қысымы қолқадан бастап венаға барады. Қысымның ең жоғарғы жері қолқа, ал төменгі жері 
жүрекшелердің қасындағы вена тамырлары болып есептеледі. Қысымның вена тамырларында өте төмендеу 
себебі: үсақ тамырларда, капиллярларда қедергінің өте көбеюінен. Қан тамырларында қан қысымының 
бірте-бірте тәмендеуі қанның жылжып ағуын қамтамасыз етеді. Қан тамырларының барлық жерінде қысым 
бірдей болса, қан ақпай тоқтап қалар еді. Артерия тамырларындағы жоғарғы қысым бір жағынан қанды 
капиллярлар арқылы ағызу үшін керек болса, екінші жағынан қанды вена тамырлары арқылы жүрекке қарай 
жылжытып ағызу үшін керек. 
Жоғары қысым қанды жүректен миға, аяқтан жүрекке, жердің тартылу күшіне қарсы бағытта ағызу 
үшін және органдарға қан тез керек бол.ған жағдайда қан тамырларында қанның жылдам ағуын қамтамасыз 
етуге өте қажет. 
Қанның қысым мөлшері жасқа, жынысқа, жұмыс әрекетіне және организмнің физиологиялық 
жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. 
А р т е р и я қ ы с ы м ы н ы ң н е р в г у м о р а л ь д ы қ
ж о л м е н р е т т е л у і .
Артерия қысымының реттелуі екі негізгі — барорецептор және хеморецептор— рецепторлардың 
активтілігіне байланысты. 
Біріншісі артерия қысымының, екіншісі тыныс алу, қанның химиялық қүрамының реттелуіне және 
жалпы қан айналу жүйесінің қызметіне әсер етеді. 
Прессорецепторлар артерия қысымын реттейді де, екі негізгі артерия қан тамырының қабырғасында 
орналасады. 
4. Қаротидтық прессорецепторлық каротид синусында — мойындағы каротид (ұйқы) артериясының 
белінетін жерінде орналасады. 
5. Қолқа прессорецепторлары қолқа доғасында, аз мөлшерде өкпе артериясында, жүректе және 
карынша қабырғаларында да орналасады. 
Прессорецепторлар артерия қысымы өзгергенде тамыр соғуының жиілігін өзгертеді — қан қысымы 
көтерілгенде, қан тамырларының қабырғасы созылып, ондағы прессорецепторлардың жіңішке нерв 
талшықтарының ұштарын басып созады да, импульс пайда болуын әрі оның саным жиілетіп, көбейтеді. Қан 
қысымы жоғарылаған сайын импульс жиілігі артады. Қан қысымы нормада болса, бүл рецепторлардың 
қызмет істейтін активті бөлімі аз болады, ал жоғарыласа активті бөлімі көбейіп, импульс жиілігі артады. 
Ал, керісінше, қан қысымьг тәмендесе импульс саны сиреп, активті көлемі азаяды. 


Прессорецепторлардың афференттік импульстері сопақша мидағы қан тамырын қозғалтатын нерв 
орталықтарына жеткізіледі. Сонымен прессорецепторлардың импульсі қан тамырын тарылтып, соған жауап 
ретінде қан қысымының жоғарылауын прессорефлекс деп атайды. 
Х е м о р е ц е п т о р л ы қ р е ф л е к с т е р . Хеморецепторлық рефлекстер тыныс, алу, қан айналу 
жүйелеріне әсер етіп, осы екі жүйенің бір-біріменен тығыз байланыста қызмет істеуін қамтамасыз етеді. 
Артерия қысымын реттеу қызметін хеморецепторлық рефлекстері шеткі (перифериялық) және орталық 
хеморецепторлар арқылы орындайды, Шеткі хеморецепторлар прессорецепторлардың қасында, жеке өз 
алдына бөлек қан тамырларымен жиі торланған кішкентай денелерде орналасады. 
Қаротид синусындағы кішкентай денелер ішкі және сыртқы ұйқы артериясының арасында орналасады. 
Ал қолқадағы кішкентай денелердің бірі — орта доғасының қабырғасында, сол жақ бұғанаасты 
артериясының аяқталатын жерінде, екіншісі оң жақ бұғана артериясының басталатын жерінде орналасады. 
Хеморецепторлар үнемі әлсіз активті күйде тұрады да, кішкентай денелерге келетін артерия қанының 
құрамындағы 0
2
өзгеруіне өте сезімтал, ал С0
2
концентрациясына сезімталдығы төмен болады. Қанда 0
2
азайып (гипоксия), С0
2
көбейсе (гиперкапини) хеморецепторлардың импульс саны жиілейді де, 
симпатикалық нерв активтігі артып, парасимпатикалық нервтікі төмендейді. Соның нәтижесінде жүректің 
жиырылу жылдамдығы жиілеп, систола көлемі кебейіп, қан қысымы көтеріледі. Сонымен қатар, тыныс алу 
процесі күшейіп тканьдарға 0
2
жеткізілуі артады. С0

газының қаннан шығарылуы да жоғарылайды. . 
Артерия қан қысымы психико-эмоциялық қозу уақытында және ұзаққа созылған стресс жағдайында да 
жоғарылайды. Дені сау адамның өзінде де, кейбір жүмыс процестері қысымды барынша жоғарылатады 
немесе барынша төмендетеді. Пульс қысымы мүндай жағдайда көбейіп, артады. 
Қан қысымы гипоталамустың қатысуымен, қанның депода сақталуын, жүрек, бүйрек қан 
тамырларының қанға толуының өзін-өзі реттеулерін басқарады. 
Қан тамырын қозғалтатын нерв орталығы прессорлық және депрессорлық деп аталатын өзара 
байланысты еқі бөлімнен түрады. 
Прессорлық бөлімі — симпатикалық нервтің, ал депрессорлық белімі кезеген нервтің жүмысын активті 
қүйге түсіреді. 
Электр тогімен тітірқендіргенде прессорлық бөлімі қан кысымын жоғарылатады, ал депрессор — 
төмендетеді. Ал қалыпты жағдайда прессор бөлімі симпатикалық нервтің жүмысын активті күйге түсіріп, 
қан тамырын тарылтады да (вазоконстриктор) оған жауап ретінде қан қысымы жоғарылап прессор 
рефлексін, депрессорлық бөлімі, керісінше, тамырды кеңітіп (Вазодилятатор) қан қысымы төмендейді де, 
депрессор рефлексін тудырады. 
Қан т а м ы р л а р ы н ы ң р е ф л е к т о р л ы қ ж о л м е н р е т т е л у і. Дені сау адамның 
қанының қысымы біршама түрақты болады. Жүмыс істегенде және белгілі көңіл күйінде эмоция 
жағдайларында физиологиялық қалыпты күйде аздап өзгерген қанның қысымы нерв және гуморальдық 
жолмен өте тез алғашқы қалпына келеді. Жүректің, өкпенің қызметтерін және қан тамырларының көлденең 
кесіндісінің тарылып-кеңеюін рефлекторлық жолмен нерв реттеп отырады.
Жүмыс дәрежесіне қарай органдарға қан бөліп жіберуді де нерв реттеп отырады.
Қан тамырларының орталықтан тебетін нервтері, олардың қабырғасын қүрайтын бірыңғай салалы ет 
талшықтарының тонусын реттейді. 
Қан тамырларындағы ет талшықтарының тонусы жоғарыласа, тамырдың көлденең қимасы тарылады, 
ал темендесе — кеңейеді. 
Тамырды тарылтатын нервтерді вазоконстрикторлар деп атайды. Оны 1842 жылы Қиев физиологы А. 
П. В а л ь т е р ашқан. Барлық вазоконстрикторлар симпатикалық нерв талшықтары болып есептеледі. Ең 
негізгі тамырды тарылтатын нерв — құрсақ нервісі. Оның қүрамында құрсақ қуысындағы органдарға 
баратын симпатикалық нерв талшықтары өте көп. 
Қан тамырын кеңітетін нервтерді вазодилятаторлар деп атайды. Мүны 1856 жылы француз физиологы 
Қлод Б е р н ар ашқан. Вазодилятаторлар да кептеген аралас нервтің құрамына кіреді. 
Тамырды тарылтатын нерв талшықтарының бірқатары парасимпатикалық нерв системасының 
қүрамына кіреді, мысалы жамбас, тіл, сілекей бездерінің нервтері. 
Тамырды кеңітетін нерв талшығының шамалы бөлігі симпатикалық нервтің де құрамына кіреді, 
мысалы, жүректің өзін қоректендіретін, мидың және ауыз қуысыныц ішкі кілегей қабығының қан 
тамырларының нервтері. 
Қалған барлық тамырды тарылтатын нервтер жүльшның артқы түбірінен шығатын орталықтан тебетін 
нерв болып есептеледі. 
И. П. П а в л о в т ы ң пікірі бойынша, барлық тамырды кеңітетін нервтер қоректендіруші, яғни 
трофикалық қызмет атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет