Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Жүректің систола және минуттық көлемі



Pdf көрінісі
бет37/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Жүректің систола және минуттық көлемі 
Жүректіц негізгі физиологиялық қызметі қанды, қан тамырларына айдап шығарып тұру. Сонда жүрек 
қарыншаларынан қан тамырларына. шығарылатын қан көлемі, жүрек қызметінің маңызды көрсеткіші 
болып есептеледі. Әрбір системада оң және сол жақ қарыншалардан шығарылатын қан көлемін — 
систола немесе цикл көлемі, ал бір минуттағысын минуттық көлем деп атайды. 
Тыныштықта адамда систола (цикл) көлемі 60—70 мл. Мйнуттық көлем, жүректің бір минуттағы 
қызметінің көрсеткіші. Тыныштықта адам жүрегінің минуттық көлемі 3,5—5 л. Дене қызметін істеп 
тұрған кезде минуттық көлемі 25—30 л, ал кей жағдайларда 40 литрге дейін көбейеді.
Жүректің минуттық көлемі (спортсмендерде) көбіне систол (цикл) көлемінен, ал жәй
адамдарда (шынықпаған) цикл санынан толады. Сонда минуттық келем систола (цикл) көлемі мен 1 
минуттағы жүректің соғу (цикл) саныныц көбейтіндісінен түрады. Минуттық көлемнің систола (цикл)
көлемінен көбірек толуы жүректің жұмысының пайдалы әсер коэффициентін арттырады. 
Ж ү р е к т е г і э л е к т р л і к қ а с и е т және о н ы ң ө з г е р у і. Жұмыс жасап 
тұрған актив тканьдерде, мысалы еттер жиырылғанда, не бездер сөл бөлгенде немесе нервтер импульс 
өткізгенде болсын әр уақытта қозу пайда болады да, сол жер теріс электрмен зарядталынады. л 
айналасындағы жұмыс жасамай тұрған тканьдер тежеліп тұрады да, оң электр зарядын береді. Сонда 
жұмыс жасаған актив ткань теріс (—) электр полюсі, ал жұмыс жасамай тыныштықта тұрған ткань 
оң ( + ) электр полюсі болып есептеледі. Пайда болатын әлсіз жұмыс тоғын өте сезімтал аспаптар арқылы 
есептеуге болады. Жүрек еттері жиырылған сайын пайда болатын жұмыс тоғын дененің сыртынан 
электрокардиограф деген құрал арқылы қисық сызық түрінде жазып алуға болады. Егер жүректің қызметі 
өзгерсе, жұмыс тогын тіркегендегі қисық сызықты қалыпты жағдайдағы қисық сызықпен салыстыру 
арқылы жүректің кай бөлімінің жұмысының өзгергендігін білуге болады. 
Қозған және бөгеліп тұрған тканнің арасын жалғап, пайда болған биотокты тіркеп алуға болады. 
Жүректің қозып тұрған белімі — теріс бөгелісі — оң электр зарядымен зарядталады. Ал қарынша 
жиырылса, теріс электр зарядымен зарядталады да, тыныштықта тұрған жүрекшемен салыстырғанда 
қозып, жиырылғанда қарынша теріс электр зарядымен зарядталады. Қозған және қозбай бөгеліп тұрған 
жердің арасындағы электр потенциалы айырымынан пайда болған электр тоғы дененің барлық
жеріне таралады. 
Жүрек жұмыс жасағанда пайда болған биотокті тіркеп алуды электрокардиограмма деп атайды. Жүрек 
әр жиырылған (цикл) сайын электрокардиограммада 5 тіс пайда болады. РQRST — тісі жүрекшелер қозғанда 
пайда болған электропотенциялық айырымын көрсетеді. QRS — тістері қарыншаларда қысым жоғарылап, 
ондағы қозудың өзгере бастағанын, тісі аяқталғанын көрсетеді. 
Р—Q тістерінің ара қашықтығы, өткізгіш жолдар арқылы қозу толқынының жүрекшеден қарыншаға 
өткізілуіне кеткен уақытты көрсетеді. Р—Т тістерінің ара қашықтығы механикалық систоланың 
уақытымен сәйкес келеді. 
Ж ү р е к қ ы з м е т і н і ң н е р в а р қ ы л ы р е т т е л у і. Жүректің физиологиялық бір қалыпты 
қызмет етуі организмнің сол уақыттағы сыртқы және ішкі ортасына өте тығыз байланысты. Организмнің 
тіршілігіне қарай жүрек қызметі үнемі бейімделіп, нерв арқылы рефлекторлық жолмен реттеліп отырады. 
Жүректің қызметін орталықтан тебетін симпатикалық және кезеген нервтер реттейді. Жүрекке 
жақындағанда симпатикалық нерв талшықтары кезеген нерв талшықтарымен қосылып бір нерв құрайды. 
Сондықтан жүректің көпшілік жеріндегі нерв горларының құрамында екі нерв талшығы болады. 
Ж ү р е к т і ң с и м п а т и к а л ы қ н е р в т е р і . Жүректің симпатикалық нервтерін тітіркендірсе, 
жүректің қызметі жылдамдайды. Бұл құбылысты 1866 жылы ағайынды Ц и о н д а р ашты. Олар 
симпатикалық нерв талшығын — жүректің қызметін жылдамдататын нерв деп атады. Ал 1886 жылы И. П. П 
а в л о в итке тәжірибе жасау арқылы симпатикалық нерв талшығы жүректің қызметін күшейтетіндігін де 
дәлелдеді. Жүректің қызметін күшейтетін симпатикалық нерв талшықтарын тітіркендіру арқылы жүрек 
еттерінің жиырылу биіктігін арттырумен (тездетуімен) қатар, тоқтап қалған жүректі қайта жүмыс жасатуға 
болады. Бұл нерв талшығы жүрек еттеріндегі зат алмасу процесін жоғарылату арқылы жүректің ет 
талшықтарын жақсы қоректендіреді де барлық тіршілік процесін, яғни қозуын, жиырылуын және импульс 


өткізу жылдамдығын арттырады. И. П. Павлов бүл нервке трофикалық нерв деп ат берді (трофикалық — 
қоректендіруші — деген сөз). 
Жүректің жұмысын жылдамдататын симпатикалық нерв талшығын тітіркендіргенде жүрекшелер мен 
қарыншалардың жұмысындағы арақатынас бұзылады. Мысалы, қарыншалар бір жиырылғанда, жүрекшелер 
екі рет жиырылып үлгереді (ырғағы 1 : 2 болады). 
Ал жүректің жұмысын күшейтетін симпатикалық нерв талшығын тітіркендірсе, осы бұзылған 
арақатынасты өзінің қалпына келтіреді (ырғақты 1 : 1 теңейді). Симпатикалық нерв талшықтарын кесіп 
тастаса, жүректің соғу ырғағы баяулайды жүрек тоқтап қалады. 
Ж ү р е к к е к е з е г е н н е р в т е р д і ң ә с е р і . Кезеген нервтерді тітіркендірсе, жүректің 
жиырылуы баяулап, тоқтап қалады. Жүректің қозуы әрі сол қозу импульсін өткізуі баяулайды, жүрек 
еттерінің жиырылу биіктігі төмендейді, босаңсу уақыты артады. 
Кезеген нервтің ядросы сопақша мида орналасады да, үнемі тонусы жоғары болады. Кезеген нервтердің 
ядроларының аздап болса да, үздіксіз қозу күйінде болуы, қандағы адреналин гормоны мен калий ионына 
байланысты. Себебі, бұл заттар симпатикалық нерв системасын да қоздырады. Ал симпатикалық нерв 
системасының қозуы кезеген нервтің бөгелуін оңайлатады. 
Барлық вегетатив нервтері сияқты жүректің қызметін реттейтін нервтер де 2 нейроннан түрады. Бірінші 
ңейрон өсінділері, ядросы сопақша мида жататын кезеген нерв. Кезеген нерв жүректің рецепторына жетіп 
аяқталады. Осы жерде екінші нейрон орналасады да, өсінділері веноздық синус түйініне, жүрекшенің 
еттеріне, артриовентрикулярлық түйінге барып аяқталады. Жүрек қарыншалары кезеген нерв арқылы 
нервтенбейді. 
Жүрекке импульс жеткізетін симпатикалық нервтің бірінші нейроны жоғарғы бес көкірек жүлын 
сегментінің алдыңғы мүйіз тәрізді бөлігінің бүйір бөлімінде орналасады. Бұл нейрондардың өсіндісі мойын 
және көкірек симпатикалық түйіндеріне келіп аяқталады. Бұл түйіндерде, екінші нейрон орналасады, оның 
аксондары жүрек ет талшықтарына барып аяқталады. Жүректің симпатикалық нервтерінің көбісі (gаnуl 
stellatum)- жұлдыз тәрізді түйіннен шығады. 
Қ е з е г е н н е р в т і ң ж ү р е к к е ә с е р і . 1845 жылы ағайынды Веберлер жүректің қызметін 
кезеген нерв баяулатып, диастолы уақытын ұзартатындығын сол нервті тітіркендіру арқылы дәлелденген.
Электр тогымен кесілген кезеген нервтің шеткі бөлімін тітіркендіргенде жүректің жауап эффектісі 
тітіркендіргіштің күшіне байланысты екені анықталған. Әлсіз тітіркендіргіш жүректің жиырылуын 
баяулатқан. Бүл жағдайды — теріс хронотропты эффект, ал жүрек еттерінің жиырылу биіктігінің 
(амплитудасының) төмендеуін — теріс инотропты эффект деп атаған. 
Күшті тітіркендіргішпен әсер еткенде жүрек біраз уақыт тоқтап қалады. Себебі кезеген нерв жүректің 
қозуын төмендетеді, оны қайтадан қоздыру үшін тітіркендіргіштің күшін өсіру керек болады. Кезеген нерв 
әсерінен жүрек еттерінің қозуының төмендеуін теріс батмотропты эффект, жүрек өткізгіш жолдарынан 
импульс; өту жылдамдығы баяулауын теріс дромоторопты эффект дейді. 
Ж ү р е к к е с и м п а т и к а л ы қ нерв ә с е р і . Симпатикалық нервті тітіркендіргенде жүрек 
еттерінің жиырылу күшінің өсуін — оң инотропты эффект дейді. Симпатикалық нерв тітіркенгенде 
жүректің өткізгіш жолдарынан импульс өту жақсарады. 
Жүрек қ ы з м е т і н р е т т е й т і н нерв орталықтары. Жүрекке импульс жіберетін нерв орталықтары 
үнемі қозып тұрады. Кезеген нервтер бөгейтін, ал симпатикалық нервтер арқылы жүректің қызметін 
күшейтетін әрі жылдамдататын импульс жеткізіледі. 
Кезеген және симпатикалық нервтер арқылы нерв орталықтарынан жүрекке берілетін импульстер, 
әсері, кезеген нервті және симпатикалық нерв шығатын екі жұлдыз тәрізді нерв түйінін кесу арқылы 
дәлелденген. Сонымен бірге бұл тәжірибеден симпатикалық нерв орталықтары аса жақсы қалыптаспағанын 
байқауға болады. Жүректің әр түрлі рецепторларынан пайда болған импульстерді кезеген нерв, сопақша 
мидағы нерв орталығына жеткізіп, олардың тонусының үнемі жоғары болуын қамтамасыз етеді. 
Әсіресе колқа доғасы мен каротид синусы рецепторларының импульстері кезеген нерв 
орталықтарының тонусын жоғарылатып тұрады. Бұл рецепторлардың бүлінуі сопақша мидағы кезеген нерв 
орталығының тонусын төмендетеді.
Кезеген нерв ядросының тонусы ұзақ уақыт жоғарылағанда жүрек соғысының сиреп, баяулауы — 
брадикардия, төмендегенде жүрек соғысының жиілеп, жоғарылауы — тахикардия деп аталады. Жүрек 
қызметі қан тамырларының рефлекгосендік зоналары арқылы, рефлекторлық жолменен де реттеледі. 
Жүрек қызметін бас мидың қыртыс қабаты реттейтіндігі шартты рефлекстер әдісі арқылы дәлелденген. 
Жүрек қызметін реттейтін нерв орталықтары жұлын мен сопақша мидан жоғары жатқан аралық мидың 
гипоталамус бөлімінде де орналасады. 
Ал бас ми қыртысы.ның маңдай бөлімі мен мишықтағы нерв орталықтары жүрек қызметін өзгертіп 
реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет