Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


 Балалардың өсуі мен даму заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет76/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
3. Балалардың өсуі мен даму заңдылықтары 
Бала организмінің жетілуі өсу, даму және дене пішінінің қалыптасуы арқылы жүреді.
Өсу – жетіліп келе жатқан организмнің анатомиялық жағынан өзгеруін сипаттайтын сандық өзгерістер. 
Организмдегі жасушалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштері артады. 
Ағзаның негізгі 3 дене көрсеткіштері бар: бойсалмақкеуде шеңбері.
Даму – организмнің физиологиялық жағынан жетіле түсуін сипаттайтын сапалық өзгерістер. Мысалы, 
ішкі мүшелердің дамуы, жыныстық жетілу,т.б. 
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ осындай бірнеше заңдылықтар бар: 
1) өсу мен даму гетерохронды болады (гетеро- әр түрлі, хронос –уақыт д.м.б.), әғни үнемі біркелкі 
болмайды, бірде жылдамдап, бірде баяулайды.
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі.
Өсу қарқыны адам өмірінде 3 рет күшейеді:
1)туғаннан 1 жасқа дейін
2)3-7 жас аралығында 
3)жыныстық жетілу кезеңінде (11-12 жастан 15-16 жасқа дейін) 
Өсу қарқынының төмендеуі мына аралықтарда байқалады (жұмырлану кезеңі): 
1)1-3 жас аралағында 
2) 7-11 жас аралығында 
3) жыныстық жетілуден кейін қыздарда шамамен 18-22 жас, ұл балаларда 20-25 жас аралығында 


 3. өсу мен даму баланың жынысына байланысты
4. өсу мен дамудың тұқым қуалауы мен сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі
5. өсу мен дамудың акселерациясы 
Қазіргі кезде балалардың тез дамуы байқалады, бұл құбылысты акселерация деп атайды, ал баяу 
дамуы ретардация деп аталады.
Өсіп келе жатқан ағза пропорциясының өзгеруін дене пішінінің қалыптасуы деп атайды. Дене 
пропорциясы деп адамның басының, тұлғасының және аяқтарының ұзындығына қатынасын айтады. Ересек 
адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяқтары қысқа, тұлғасы мен басы үлкен болады. Жас өскен 
сайын бастың мөлшері біршама кішірейеді де, аяқтың ұзындығы біршама ұзарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет