Лекция Тарихи лексикология және түркі тілдері лексикасы Лекция тақырыбы: Пәннің мақсаты мен міндеті. Түркі тілдерінің жіктелісі. Түркітанушылық жіктеулер Лекция жоспары



бет4/8
Дата15.11.2022
өлшемі26,17 Kb.
#50470
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 лекция

І. Бұлғар тобы (чуваш тілі ғана енеді)
ІІ. Оңтүстік немесе оғыз тобы (осман түркілерінің, қырым татарларының және гагауыз тілі, әзірбайжан тілі және оның диалектілері, түрікмен тілі, көне оғыздар және селжүктер қалдырған естеліктер тілі, көне османдықтар тілі)
ІІІ. Батыс немесе қыпшақ тобы (Қара теңіз, Каспий жағалауындағы (қарайым, қарашай-балқар, құмық), Оралдағы (татар, башқұрт, қырым татарларының тілі), Арал-Каспий жағалауындағы (қазақ, қарақалпақ, ноғай), тілдер кіреді.
ІҮ. Шығыс түркі немесе ұйғыр тобы (өзбек, ұйғыр тілдері, Хорезм түркілерінің тілі, қараханидтер тілі, шағатай тілі кіреді)
Ү. Солтүстік тобы (Арал-саян тілдері (алтай (ойрат), шор, хақас, тува, қарағас), Солтүстік Сібір (якут, долған) тілдері кіреді).
К.Г.Менгестің классификациясы географиялық принципке құрылған, түркі тілдері бес топқа бөлінеді:
К.Г.МЕНГЕС КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
І. Орталық және оңтүстік батыс тобы. Топ іштей екіге бөлінеді:
а) Орталық Азия тілдері (Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр тілі, қараханидтер тілі, шағатай тілі, қазіргі өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдері)
ә) оңтүстік-батыс немесе оғыз тілдері (көне Осман түріктерінің тілі, қазіргі түрік, әзірбайжан, түрікмен, гагауыз тілдері);
ІІ. Солтүстік-батыс немесе қыпшақ тобы. Автор бұл топты төрт топшаға бөліп қарайды:
а) көне солтүстік-батыс түркі тілдері (құмандар тілі)
ә) Қара теңіз-Каспий тілдері (қарайым, қарашай-балқар, қырым татарлары, құмық тілдері)
б) Еділ-Кама тілдері (татар, батыс Сібір татарларынығ тілі, барабин татарларының тілі, башқұрт тілі)
в) Арал-Каспий тілдері (қазақ, қарақалпақ, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі, ноғай тілдері);
ІІІ. Алтай тобы (Таулы Алтай тілдері мен диалектілері кіреді. Генетикалық жағынан хақас (абақан) тілімен тамырлас болып есептеледі). Топ іштей екіге бөлінген:
а) Оңтүстік Сібір, абақан немесе хақас тілдері (шор, хақас тілдері және олардың диалектілері жатады);
ә) Шығыс немесе тува тілдері (тува және қарағас тілі жатады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет