Лекция Тарихи лексикология және түркі тілдері лексикасы Лекция тақырыбы: Пәннің мақсаты мен міндеті. Түркі тілдерінің жіктелісі. Түркітанушылық жіктеулер Лекция жоспары


ҮІ. Ол тобы немесе түрікмен (немесе оңтүстік-батыс) тобы



бет3/8
Дата15.11.2022
өлшемі26,17 Kb.
#50470
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 лекция

ҮІ. Ол тобы немесе түрікмен (немесе оңтүстік-батыс) тобы. Бұл топқа түрікмен, әзірбайжан, түрік, гагауыз тілдері жатады. Негізгі айырмашылығы:
С.Е.МАЛОВ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ:
І. Ең көне – древнейшие (сөз соңындағы, сөз ортасындағы ғ, г дауыссыздары дауыстыға, жартылай дауыстыға, созылыңқы дауыстыларға ауысуы немесе ауыспай қалуымен ерекшеленеді). Автор бұл топқа чуваш, саха, булғар, ұйғыр (сары ұйғыр) тілдерін жатқызады;
ІІ. Ескі немесе көне – древние (түпкі (алғашқы) созылыңқылардың болу, болмауымен ерешеленеді). Бұл топқа оғыз (руникалық ескерткіштер тілі), тофалар, тува, ұйғыр (көне ұйғыр жазба ескерткіштері), хақас, шор тілдерін жатқызады;
ІІІ. Жаңа – новые (жаңа тілдерде ұяң дауыссыздар сан жағынан көп болып, көне тілдерде қатаң дауыссыздардың көп болуымен ерекшеленеді). Бұған әзірбайжан, гагауыз, куман, қыпшақ, печенек, половец, салар, түрік, түрікмен, ұйғыр (Қытай немесе Шығыс Түркістан мұсылман ұйғырларының тілі), өзбек, шағатай, чұлым тілдерін жатқызады;
ІҮ. Ең жаңа – новейшие (екі буынды түбірлер құрамында рт, рл, нт секілді көне дыбыс тіркестерінің сақталуымен ерекшеленеді). Бұған башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, құмық, ноғай, ойрат (таулы Алтай), татар, чуваш, якут тілдерін жатқызады.
В.А.БОГОРОДИЦКИЙ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
І. Солтүстік Батыс тобы (саха, тува, қарағас (тофалар) тілдері)
ІІ. Хақас (абақан) тобы (хақас тілі және оның диалектілері)
ІІІ. Алтай тобы (алтай тілі және оның диалектілері)
ІҮ. Батыс Сібір тобы (Чұлым, арабин, Тюмень, Тобыл татарларының тілі)
Ү. Еділ және Орал бойындағы татар, башқұрт тілдерінің тобы
ҮІ. Орта Азия тобы (өзбек, ұйғыр, қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдері)
ҮІІ. Оңтүстік батыс тобы (түрік, түрікмен, әзірбайжан тілдері)
И.БЕНЦИНГ классификациясы да түркі тілдерінің орналасу жағдайын басшылыққа алынып жасалынған::


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет