А.Н.САМОЙЛОВИЧТІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
І. Р – тобы немесе булғар (немесе чуваш) тобы. Бұған чуваш, көне бұлғар тілдері енеді. Негізгі айырмашылығы: р > з > й, у > а сәйкестіктерінің қолданылуы, өткен шақ есімшенің (-ған) ғ дыбысызсыз айтылуы, ғ дыбысының орнына у дыбысының қолданылуы (тау - тау), ұяң дауыссыздардың қатаңданып келуі (бол - пул),
ІІ. Д – тобы немесе ұйғыр (Солтүстік Шығыс) тобы. Ғалым бұл топты іштей үш топқа бөледі:
Т – тобы – якут тілі: дауысты дыбыстың ортасында және дауыстыдан кейін келген й дыбысы т дыбысына айналады (айақ – атақ, ай - ат);
Д – тобы – тува, қарағас (тофалар), салар, көне ұйғыр, Орхон-Енисей тілі: й дауыссызының орнына д дауыссызының қолданылуымен ерекшеленеді (айақ – адақ, ай – ад // ат);
З – тобы – сары ұйғыр, шор, хақас тілдері: й/з сәйкестігінің келуі (айақ – азақ, қой – ұоз т.б.)
Негізгі айырмашылығы:
ІІІ. Тау тобы немесе қыпшақ (немесе солтүстік батыс) тобы. Бұған қазақ, қарақалпақ, алтай, қырғыз, құмық, қарашай-балқар, қарайым, татар, башқұрт, ноғай тілдері кіреді. Автор бұл топты іштей екіге бөледі:
монғолдарға дейінгі қалыптасқан тілдері – алтай, телеуіт, қырғыз, құмыө, қарашай, балқар, қарайым, татар, башқұрт;
монғолдардан кейін қалыптасқан тілдер – қазақ, ноғай.
Негізгі айырмашылығы: сөз ортасы мен соңындағы ғ, г дыбыстарының орнына у жартылай дауыстысының қолданылуы; өткен шақ есімше -ған формасымен беріледі, яғни ғ дыбысы түсірілмейді; сөз соңында ш дыбысының орнына с дыбысының қолданылуы (таш – тас); ч-ш, ч-ц дыбыстарының орын алмасуы (қырғ. ач – қаз. ас – башқ. ац)
ІҮ. Тағылық тобы немесе шағатай (оңтүстік шығыс) тобы. Бұған көне шағатай, Қытай Түркістан тілдері, өзбек, қара татарлар (Сібірлік) тілдері жатады. Негізгі айырмашылығы:
Ү. Тағлы тобы немесе қыпшақ-түркімен (немесе орта топ) тобы. Бұған өзбек тілінің хорезм говоры жатады. Негізгі айырмашылығы:
Достарыңызбен бөлісу: |