Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1



бет30/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
лекция тезисі

Бақылау сұрақтары:

  1. Көмей аурулары.

  2. Бала тілі мен дауысының бұзылуын алдын алу

  3. Тұмау және басқа да тыныс алу аурулары

  4. Дауыс аппаратының созылмалы аурулары

  5. Папиллома

  6. Дисфония

  7. Көмейдің қауіпті ісігі



Лекция №15
Жоғары қыртыстық қызметтердiң бұзылыстары
Жоғарғы қыртыстық қызметтерге гнозис, праксис, фазис, есте сақтау, ойлау жатады.
Гнозис дегенiмiз – ол сыртқы ортаның құбылыстары мен заттарын сезiну және түйсiк алу арқылы өтетiн қоршаған ортаны бiлiп, тану. Гнозистың бұзылыстарын агнозиялар деп атайды. Сезiм мүшелерiне сәйкес көру, есту, тактильдік (соматосенсорлық), иiс сезу, дәм сезу агнозияларын ажыратады. Ерекше түрiн сөйлеу тiлi агнозиялары құрастырады.
Бұл бұзылыстар затты немесе құбылысты танымауымен сипатталады. Агнозиялардың себептерi болып орталық жүйке жүйесiнiң әртүрлi жұқпалы аурулары, ми қыртысының жарақаттары, интоксикациялары табылады.
Балалық шақ кезеңiнде бұл агнозиялар зият кемiстiктерiне апарады.
Праксис – үйренген қүрделi қозғалыстардың орындалуы. Терең сезiмталдықтың афференттiк жолдарымен келетiн тiтiркенiстердiң барлығы мидың төбе бөлiгiнiң қыртысында қабылданады. Бұл бұлшық еттерден, сiңiрлерден, байламдардан және буындардан келетiн тiтiркенiстер қозғалыстың әрбiр мезгiлi туралы белгi берiптұрады, ал осы қозғалыстар үйреншікті, әдеттенген бола бастайды. Төбе бөлiгi зақымдалған кезде праксис қалыптаспайды немесе бұзылады. Осы жағдай апраксия деп аталады. Апраксияның үш негiзгi түрiн ажыратады:
1) моторлықнемесеэфференттiк,
2) көру-кеңiстiктік (конструктивтік),
3) кинестетикалық немесе афференттiк. Сонымен қатар сөйлеу тiлiнің апраксиясын бөледi. Моторлық апраксия кезiнде ауру адамның үйренген қозғалыстарды орындауы бұзылады. Көру-кеңiстiктік апраксия көру арқылы кеңiстiкте бағдарланудың бұзылуы салдарынан мақсатты қозғалыстарды орындай алмау мен сипатталады. Кинестетикалық апраксия қимылдарды орындайтын мүшелердiң қалыпын реттеу бұзылыстары салдарынан қозғалыстарды басқара алмау мен білінеді. Бұл түрiн кейi папраксиясы деп атайды.
Есте сақтау құбылысында келесi кезеңдердi ажыратады: жадында тұту (жатталу), сақтау, еске түсiру және ұмыту. Келесi түрлерi болады: ерікті және ерiксiз. Есте сақтау қабiлетiнiң төмендеуi (гипомнезия) жадында тұтудың бұзылыстары кезінде де, еске түсiрудiң бұзылыстары кезінде де болуы мүмкiн. Есте сақтау қабілетінен толығымен айрылуды амнезия деп атайды. Амнезияны келесi түрлерге бөледi: зейін қоюдың (белгiлеудiң) амнезиясы – жадында тұтудың кенет бұзылуы; антероградтық амнезия – жарақаталып, естен айырылғаннан кейiн болған жағдайларын есте сақтамау; ретроградтық амнезия – жарақаттан бұрын болған оқиғаларды еске түсiрмеу; амнезиялық афазия – заттардың жалпы қасиеттерiн немесе қызметтерiн бiлiп отырып, аттарын еске түсiрмеу. Кейбiр адамдардың есте сақтау қабiлеттерi өте жоғары дәрежеде болуы мүмкiн – ол гипермнезия деп аталады.
Сөйлеу тiлi – адамның ми қыртысының өте манызды қызметтерiнiң бiрi. Оны iске асыру ми қыртысының және жалпы жүйке жүйесiнiң әртүрлi бөлiмдерiнiң жұмысын қажет етеді. Балалық шақ кезiнде сөйлеу тiлi бұзылыстарын олардың себептерiне қарай бөлуге болады:
I.Орталық жүйке жүйесiнiң органикалық зақымдалуымен байланысты сөйлеу тiлiнiң бұзылыстары. Олардың өздерiн келесi топтарға бөлуге болады:
1. афазия – ми қыртысының сөйлеу зоналарының зақымдалуы салдарынан болатын сөйлеудiң барлық компоненттерiнiң бұзылуы (моторлық және сенсорлық афазия);
2. алалия – ми қыртысының сөйлеу зоналарының сөйлеуге дейiнгi кезеңдегi зақымдалуының салдарынан сөйлеу тiлiнiң жалпы дамымауы (моторлық және сенсорлық алалия);
3. Дизартриялар сөйлеуге қатысатын бұлшық еттердiң иннервациясы бұзылғаннан болатын дыбыс шығарудың бұзылуы.
II. Орталық жүйке жүйесiнiң функциональдық өзгеруiмен байланысты сөйлеу тiлiнiң бұзылыстары:
1. кекештену (тұтықпа) – сөйлеу ырғағының, екпінінің, жатықтығының бұзылыстары;
2.мутизм, сурдомутизм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет