Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1



бет2/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
лекция тезисі

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесінің маңызы мен құрылысы.

  2. Нейрон- жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі.

  3. Қозу, қоздырғыш, тітіркену және тітіркендіргішке түсініктеме.

  4. Рефлекс – жүйке қызметінің негізгі формасы. Рефлекторлық доға және сақина.

  5. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар және олардағы қозуды жеткізу механизмі.

  6. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу және оның пайда болу жолдары.



Лекция №2
Жүйке жүйесі. Адамның тіршілігіндегі жүйке жүйесінің маңызы.

  1. Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі

  2. Жүйке жүйесінің қозу өткізу заңдары.

  3. Рефлекс, оның түрлері.

  4. Жүйке жүйесінің онтогенезі мен филогенезі

Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі. Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып, тіршілік қызметін реттеп отырады. Жүйке жүйесінің қызметі:

  • басқарушы,

  • координациялаушы,

  • реттеуші және бағыттаушы қызметтері,

  • организмнің ішкі және сыртқы ортамен байланыстырушы.

Бұл барлық күрделі қызметтер күрделі жүйке тізбектерге және орталықтарға біріктірілген жүйке клеткалары – нейрондар арқылы жүргізіледі.
Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі дегеніміз - нейрондардың жиынтығын айтады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен, физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. Сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады.
Шеткі жүйке жүйесі (перифериялық) дәнекер қабықпен қапталған жүйке талшықтарының шоғырынан түзілген. Оған жүйке түйіндері мен гангли жатады.
Жүйке – бұл жабын қабыұпен қапталан жүйке клеткаларының ұзын талшықтарының шоғыры.
Нейрон - ол жүйке жасушасы. Нейрон арасын нейороглия толтырады. нейрондар пішіні мен көлемі жағынан әр түрлі. Ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады.
Нейронның ұзын өсіндісін аксон деп, ал қысқа тармақталған талшығын дендрит дейді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жерін аксон төмпешігі дейді. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор (қабылдауыш) болады.
Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен түйісіп синапс құрайды.
Қозу серпінісін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғалтқыш жүйке жалғастыратын жүйкені аралық жүйке деп атайды.
Жүйке талшықтарының майлы жұмсақ қабықтарының болу-болмауына байланысты миелинді және миелинсіз деп ажыратады. Нейроглия нейрон аралығын толтырып жататын жасушалар, нейрондарға қаннан қорек заттарын алып, зат алмасу
Тармақтарының санына қарай нейронның бірнеше түрлерге бөледі: көп тармақты нейрон - мультиполярлы, қос тармақты нейрон- биполярлы, бір тармақты нейрон- униполярлы.
Атқаратын қызметтеріне қарай нейронды бірнешеге бөледі:
- сезімтал,
- қозғалтқыш,
- аралық,
- тежеуші нейрондар.
Нейрондар барлық клеткалар сияқты ішкі және сыртқы орта факторларының әсеріне тітіркенгіш келеді, яғни тыныштық күйден әрекет күйіне көшеді. Нейронның тітіркендіргіші басқа нейрондардан немесе рецепторлардан келетін жүйке импульстары болып келеді. Тітіркендіргіштердің табиғатына қарай бірнеше түрлері бар: механикалық, температуралық, электрлік, химиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет