Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1



бет1/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
лекция тезисі


ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ



Сөйлеу тілі патологиясының неврологиялық негіздері пәнінен
Лекция тезисі

Құрастырған: Абуова Б.Ж.
Шымкент 2023
Лекция № 1
Кіріспе. Сөйлеу тілі патологиясының неврологиялық негіздері пәні, мақсат, міндеті,
1. Сөйлеу тілі патологиясының неврологиялық негіздері пәні, мақсат, міндеті, басқа ғылымдармен байланысы
2. Сөйлеу тілі дамуы адамның жалпы дамуының көрсеткіші ретінде.



  1. Қазіргі таңда еліміздегі тепе-теңдіктің бұзылуына, биологиялық

психологиялық факторларға байланысты туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған балалардың сөйлеуінің бұзылуы жылдан – жылға артуда. Осындай балаларға көмек көрсету біздің елде өзекті мәселелердің бірі.
Баланың тіліндегі бұзылыстардың пайда болуына биологиялық және әлеуметтік-психологиялық зияндылықтардың миға әсер етуі себеп болады.
Сәбидің ана құрсағындағы кезеңіндегі, босану кезеңіндегі және дүниеге келген алғашқы жылдарда сыртқы ортаның әртүрлі жағымсыз әсерлері тілдегі елеулі бұзылыстардың пайда болуына әкеледі.
Арнайы педагогтардың тәжірибесінде жүйке аурулары басты орын алады, сондықтан «Сөйлеу тілі патологиясының неврологиялық негіздері» пәнін оқытудың маңызы өте зор.
Невропатология мен арнайы педагогика бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы ғылымдар. Олардың екеуi де физикалық және психологиялық бұзылыстары бар адамдарды тексерiп, зерттейдi.
Олар: сөйлеуінде бұзылысы бар, нашар естушiлiк, соқырлар, нашар көрушiлiк, зияты шектелген т.с.с.
Күнделiктi практикада невропатолог арнайы педагогпен бiріге отырып, бұзылыстың сипатын, оның қандай дәрежеде зақымдалғанын, ол баланың өсiп-дамуына, оның жүйке жүйесiнiң қалыптасуына қандай әсерi бар екенiн анықтайды.
Арнайы педагог және дәрiгер-невропатолог бiрге отырып, оның аномальдық дамуына алдын-ала болжамдар жасайды, оны оқытып тәрбиелеудiң ең тиiмдi әдiстерiн таңдап, бұзылған функцияларды түзету әдiстерiн анықтайды.
Невропатология ғылымының дамуына Ф.Сильвий, Л.Роландо, А.Везалий, Р.Декарт, П.Брока, К.Вернике, И.П.Павлов, И.М.Сеченов, А.Я.Кожевников, Г.И.Россолимо, А.Р.Лурия, К.Фрит және т.б. көптеген ғалымдардың үлесі зор.
Қазақстанда невропатология саласына зор үлесін қосқан ғалымдарға келетін болсақ, олар: С.Қайшибаев – невропатология бойынша қазақ тіліндегі 2 томдық оқулықтың авторы, М.М.Лепесова және А.Х.Джаксыбаева балалардағы жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, нейро-психикалық тежелуі сияқты мәселелерді зерттеген, Ш.А.Булекбаева балалардың церебралдық сал ауруы кезіндегі оңалту мәселелерін зерттеген.
Сөйлеу тілі патологиясының неврологиялық негіздері пәні медицинаның көптеген салаларымен тығыз байланысты: невропатология анатомиямен, физиологиямен, эмбриологиямен, гистологиямен, генетикамен, арнайы педагогикамен және т.б.
2.Сөйлеу тілінің дамуын, сөйлеу тілінің бұзылуын және оны түзетуді зерттеуден бұрын, «сөйлеу тілі» және «тіл», «ана тілі» деген ұғымдарды нақты түсіну қажет. Тіл - ұғымдық мазмұнын және типтік дыбыстануын сәйкестіретін, объективті түрде қолданылатын, әлеуметтік бекітілген таңбалар жүйесі және сол таңбаларды пайдалану ережелердің жүйесі.
Ал сөйлеу тілі - тілді қолданудың психофизиологиялық үрдісі. Тіл - қарым-қатынас құралы, сөйлеу тілі - қарым-қатынас үрдісі. Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері - дыбыстар, сөздер және грамматикалық құрылысы. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогтық және монологтық деген екі тұлғасы кіреді. Диалогтық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше әңгімелесушілердің тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құ-ралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы.
Монологтық сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйені дәйектілікпен бір кісінің байланыстыра баяндауы. Монологтық сөйлеу тілінің ерекшелігі - дәлелдеп сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрылысын безен-діру. Кемістігі бар тілде диалогтыққа қарағанда монологтық сөйлеу тілі көбірек бұзылады.
Сөйлеу тілі екі түрлі болады: ішкі және сыртқы. Сөйлеу тілінің ішкі тұлғалары - бұл үнсіз тіл, адам бір нәрсе туралы ойлап, оған жоспар құрғанда пайда болады, ойлану арқылы қалыптасады. Сыртқы сөйлеу тіліне көшуі баланың үш жасқа дейінгі шамасында, өзінің істеген әрекеттерін естіртіп, сөйлеп және оған жоспар жасай білетіндігінен байқалады. Ішкі сөйлеу тілі арқылы ойдың сөзге айналуы барысы және сөз сөйлеуге дайындығы морфологиялық және фонетикалық деңгейінде жүзеге асады.
Тілді біртіндеп меңгеруіне баланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы бірнеше жайды көрсетеді. Бірінші жай - фонетикалық есту қабілетінің дамуы және ана тілі фонемаларын сөйлеуде қолдану.

  • Сөздік қатынас тіл арқылы мүмкіндік алады. Сөйлеу процесі адам

баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет. Ол шартты рефлекс заңдарына бағынады.

  • Сөздік қатынас тіл арқылы мүмкіндік алады. Сөз арқылы қатынасқа

түсу процесінде адамдар бір бірімен ой бөлісіп, бір біріне ықпал етеді.

  • Сөздік қатынас тіл арқылы мүмкіндік алады.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет