Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Студенттік жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – сезімін қалыптастыру ерекшеліктері



бет35/57
Дата20.03.2023
өлшемі234,27 Kb.
#75590
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
3. Студенттік жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – сезімін қалыптастыру ерекшеліктері.
Студенттік жастар – қоғамымыздың ең дамушы, серпінді, тез қимылдаушы бөлігі. Нақ осылар келешекте өндіріс саласында да, басқару саласында да орындарды иеленуші болмақ және оның белсенді қоғамдық ұстанымы мен сыбайлас жемқорлық төзбеушілігіне еліміздің өсіп-өркендеуі мен прогресивті дамуы байланысты болады.
Жастардың сыбайлас жемқорлықты проблема ретінде сезінуі және мықты қалыптасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тиісті стандарттар мен қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға қабілетті, олар келешекте мемлекеттік басқару сапасына оң әсер ете алады. Құқықтық мемлекеттік құрудың міндеттеріне толық көлемде сай келетін жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі рөл жоғары білім беру жүйесіне тиесілі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблема айқын әділетсіздік актілеріне сергек ден қоятын студенттік жастар ортасында өте өзекті. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беретін мемлекеттік білім беру мекемелерінде басқару қызметінің құқықтық және моральдық-этикалық аспектілерін зерделеуді көздейтін оқу пәндерін оқыту кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлікті күшейту 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру мен тәрбие» атты бөліміндегі бірінші кезектегі міндеттердің бірі ретінде көрсетіледі. Білім беру бағдарламаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлықтың саяси, қоғамдық залалын, оған қатысудың ықтимал салдарын түсіндіретін және студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, олардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға бағытталған арнайы оқыту жүйесін құруды болжайды. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда тәрбие процесіне үлкен орын беріледі. Сондықтан студенттердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты саласындағы және сыбайлас жемқорлық қатынастарының келеңсіз салдарлары мен қалыптасатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным туралы студенттердің білімін молықтыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың әлеуметтік маңызды іс-шараларын (акциялар, қозғалыстар, тренингтер, пікірталастар, конференциялар) жоспарлау және өткізу аса маңызды. Бұл міндет тәрбие процесіне жауапты жоғары оқу орындары қызметкерлеріне де, тікелей студенттердің өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де жүктелуі тиіс. Білім алушылардың ғылыми зерттемелеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шешімдерді дербес іздеуіне және сыбайлас жемқорлық, оның себептері мен оған қарсы күрес әдістері бойынша өз пайымдарын таныстыруға, сондай-ақ олардың жобалау қызметіне тартуға үлкен рөл берілуге тиіс. Барлық жоғарыда көрсетілген мәселелерді қағидатты жаңа ұсыныстарға жатқызуға болмайды. Бірақ оқу-тәрбие процесі шеңберінде тиісті іс-шараларды жандандыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ұғымдары мен бағыттары туралы базалық білім беретін теориялық және құқықтық мәселелерді зерделеу студент жастарды мемлекетіміздің заңын құрметтеу, олардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана-сезімін қалыптастыру рухында тәрбиелеу үшін қосымша мүмкіндік береді, бұл айналып келгенде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық практикасын барынша азайтуға әкеледі. Бүгінде азаматтық жастардың қоғамдық ұйымдарына үлкен маңыз беріледі.
Ел басы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жас Отан» жастар қанатын құру бүкіл елдегі жастар қозғалысына қуатты серпін берді. Олардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқандарды өткізуге ерекше назар аударылады, онда студенттік ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес әдістеріне негізгі сүйеніш жасалады. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі қоғамдық кеңестермен, Қазақстан Жастар конгресімен, «Қарсы» жалпы республикалық жастар қозғалысымен, «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық жастар қозғалысымен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, өткізіледі [4; 5]. Бүгінде «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері бүкіл ел бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде. Патриоттық, мәдени бұқаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жобаларын ойдағыдай іске асыру, қайрымдылық акцияларын өткізу, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу, мемлекеттік тілді дәріптеуге және нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі нақты қозғаушы күш болды. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары билік, бизнес және азаматтық қоғам арасында дұрыс, өркениетті қарым-қатынастар құру тұрғысынан маңызды.
Сындарлы ұсыныстарға бастама білдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жауапты және ілгерінді тәсілдеріне бағдарлану сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен көзқарастарға ие ауқымда жастар қоғамдастығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл түптеп келгенде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлде төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға, біздің азаматтарымыздың заңдылық, адалдық және «адал өмір сүру – бұл тиімді және абыройлы» екеніне тұрлаулы сенім қағидаттарына бейілдік деңгейін арттыруға жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет