Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Психологиялық фактордың сыбайлас жемқорлыққа әсер ету шарасы



бет37/57
Дата20.03.2023
өлшемі234,27 Kb.
#75590
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
2. Психологиялық фактордың сыбайлас жемқорлыққа әсер ету шарасы.
Сыбайлас жемқорлық әрекеті құрылымындағы психологиялық тетікті талдау. «Психологиялық тетік» деп кейбір функциональдық тұтастықты сипаттау түсініледі және қандай себептерге орай қандай да бір феноменнің пайда болатыны сипатталады. «Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін» сипаттау үшін бұл процес қалай, қандай түрде жүзеге асырылатын, адамның бұл әлеуметтік әрекетін қоғам мен өзі қалай реттейтінін, бұл әлеуметтік құбылыс негізінде қандай психологиялық процестер, функциялар, феномендер жатқанын ұғыну қажет.
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін талдау ауытқитын әрекеттің психологиялық тұжырымдарына негізделген. Оларға фрустрация теориясын (Дж. Доллард, 1939; Э. Фромм, 1994), «үйретудің» бихевиористік теориясын (В. И. Полтавец, 1998) жатқызуға болады. Бірінші теорияның мәні ауытқымалы әрекеттің өмірлік маңызды жеке қажеттіліктердің фрустрация (қол жеткізудің мүмкін еместігі) нәтижесі ретінде сипатталатынын білдіреді. Осылайша ол пайда болған кедергілерді еңсеруге және ұмтылған нәрсеге қол жеткізуге бағытталады. Екінші теория әрекеттегі девиация дегеніміз адамның тәрбие процесінде алған әрекеттік қорғану тәсіліне еліктеу нәтижесі екенін байыптайды. Алайда, құндылық ұстанымдарды адам көбіне сезінбейді. Бұл адам өмірінің стил тұтастығын айқындайтын және оның ұстанымдарын ұзақ өмірлік бағдарламаларға қалыптастыратын базалық діни-философиялық, рухани, эстетикалық критерийлер және мұның бәрі тұлғалық әрекеттің нақты-ахуалдық нормаларын тікелей айқындайды.
Адамның сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін сипаттау мақсатында адамның әлеуметтік әрекетінің қандай бар бір нысанын қалыптастыратын құрылымдық элементтерді мен олардың өзара байланыс және өзара әрекет схемаларын, психикалық процестердің жүру себептерін, заңдылығын, серпінін айқындайтын модель әзірленді. Бұл модель төменде схема түрінде ұсынылған. Бұл модель адамның ілгерінді және теріс сипаттағы, атап айтқанда тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа бейім де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы да әрекеті сияқты психологиялық тетігін айқындайды. Психологиялық тетіктің құрылымдық элементтерінің әрқайсысы сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатысты өз сипаттық ерекшелігі болады. Мейлінше елеулі элементтерге талдау жүргіземіз. Қалау Қызығушылық Дүниетаным Сенім Мақсаттар Құндық бағдарлар Қажеттілік Бастапқы нақты уәж Міндеттер Ұсынымдар Психологиялық доминант Тұлғалық ұмтылушылық Қорғаныс уәжі Психологиялық қорғаныс Қызмет Бағыттылық Дайындық Қанағаттану Келешекті түйсіну Әрекет стилі Адам әрекеті қалыптасуының психологиялық тетігі Қалаушылық адамның әлеуметтік әрекетінен көрінетін адам табиғатының ажырамас өзіндік элементі болып табылады. А.Маслоу теориясына сәйкес қажеттілік сатысы болады, онда мейлінше төмен деңгейдегі негізгі қажеттіліктер төменгі сатыда, ал жоғары деңгейдегі қажеттіліктер ең жоғарыда болады.
«Қалаушылық» элементі адам әрекетін қалыптастыру тетігін құрай отырып, сыбайлас жемқорлық әрекетінің міндетті құрылымдық элементі болып табылмайды. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігінің құрылымына кіретін бастапқы буындардың бірі мүдде. Мұнда сыбайлас жемқорлық қатынастарының бастамашысы кім болатының айырмасы жоқ: басшы тұлғаның бастамашысы бойынша пара сұрау (бопсалаушы) не сұраушының бастамасы бойынша парамен сатып алу. Нақ осы тұста мүдделер, қалаушылық перспективаларды (жеңіл баю, әлеуметтік мәртебені арттыру және т.б. мүмкіндігі) және өз мүмкіндіктері мен біліктігін (иеленген лауазым, мүмкіндік және т.б.) барабар бағалау негізінде пайда болады. Қазіргі заманғы жемқор – жоғары білімді, жақсы отбасы иесі, жақсы қызметкер (олардың көпшілігінің қызметтік тізімі мінсіз болады әрі айрықша іскерлік қасиеттермен және жұмыс қабілетінің жоғары деңгейімен, дүниетанымының, психикасының орнықтылығымен, көбіне жоғары материалдық жағдайымен ерекшеленеді) екенін ескере отырып, ол ең алдымен «өзін-өзі көрсетуге» ұмтылған тұлға. Бұл ретте, өзін басқалардан ерекше етіп көрсету (барынша жоғары әлеуметтік жағдайға ұмтылу, қамқоршы, «керек байланыстар» жүйесі, жеке оңай олжаны көксеу, молшылық өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың «қайтарушылығын» күту және т.б.) ол үшін аса маңызды. Әрекеттің қозғаушы себебі ретінде көрінетін әрекет уәжі сыбайлас жемқорлық әрекеті тетігіндегі негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әрекеті уәжін әлеуметтік-психологиялық зерделеу қызықты нәтиже берді, ол екі жетекші уәжді көрсетті: материалдық игілікке ұмтылудан тұратын жеткілікті түрде анық уәж және сыбайлас жемқорлықты қауіпті және еліктіргіш ойын ретінде көрсететін таптаурын уәжі.
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің мейлінше жиі кездесетін уәждері оңай олжаны көксеу, молшылық өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың «қайтарушылығын» күту, қамқоршылық жүйесі, қауіпті ойын. Ю.М. Антонянның пікірінше «сыбайлас жемқорлық әрекетіндегі ойын уәждері пайдакүнемдік уәжбен сипатталады және бір-біріне себеп бола бастайды. Уәждеменің осы екі негіздерінің болуы, олардың бір бірін өзара күшейтуі сыбайлас жемқорлықтың таралушылығын және бұл әрекет өмір салты бола отырып, көп жылдар бойы іске асырылатын түсіндіреді» .
Америкалық психологтар, адамды сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға формальды топтарда табиғи қажеттіліктерге қанағаттанбаушылық итермелейді, олар осы орайда баюды көксеу, қоршаған адамдармен бәсекелесу, туа бітті агрессивтік және өштес және т.б. мінездерді атайды. С.Л. Рубинштейннің пайымдауынша қажеттілікте адамды мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында жағдайды өзгертуге бағыттайтын белсенді қатынасын (ұмтылысын) қамтиды. Демек, қажеттілік адам өз белсенділігін көрсету үшін қайдан энергия алатынын түсіндіреді.
Серпінді білім және тіршілік иесінің танып-білу процесі: қиял мен әрекетті ұйымдастыратын және бағыттайтын белсенділігінің бастапқы нысаны қажеттілік болып табылады. Егер қажеттілік адамның дамуының қозғаушы күшінің негізі болып табылады, осының арқасында өмір мақсаттылыққа ие болады және не қажеттілікті қанағаттандыруға қол жеткізіледі не қоршаған ортамен кезеңсіз кезігу орын алады. Қажеттіліктер өзгеріссіз қалғанымен адамның жалпы мәдениетінің, оның нақтылық және өзіне қатысты білімінің өсуіне қарай жетіліп отырады.
К.Левин берген анықтама қызығушылық тудырады: «Серпінді жағдай ретіндегі қажеттілік – бұл белгілі бір ахуалда пайда болатын қандай да бір шиеленісті жағдай (ниет), ол адам әрекетін қамтамасыз етеді және қанағаттанушылыққа ұмтылдырады». Әрекеттің кез келген нұсқасы ішкі қажеттілік пен оларға қол жеткізу тәсілдерінің шиеленісі нәтижесі. Қалыптасқан мүдделер мен нұсқамалар сыбайлас жемқордың қажеттілігі ретінде көрінеді және оның белсенді сыбайлас жемқорлық мүдделерінің қайнар көзі болмақ. Таңдау сәті мейлінше маңызды қажеттілік ретінде де және оған қол жеткізу тәсілі ретінде де бұл процестің негізгі қозғаушы күші болады. «Табысты» лауазым «жеңіл ақшаға» қол жеткізу тәсілі болып табылады. Бұл жағдайда перспективалық жекелеген мақсат ретінде көрінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай жасайтын біздің мәдениетіміздің маңызды әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі формальды емес әлеуметтік қатынастардың формальды қатынастардан басым болады.
Т.А. Нестиктің байыптауынша, «патернализм, иерархиялық және сыйлықтармен және қызметтермен бекемделе түсетін билікпен формальды емес қатынастардағы тірек мәдениеттің іргелік сипаттамасы бола бастады».
Нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың нормативтік қызметтерді ақшаға айырбастау сияқты нысаны қызметтерге қызметтерді айырбастату, қызметтерді әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы мейлінше жоғары мәртебені алуға айырбастау сияқты оның түрлерімен толыға түседі. Мүдделердің, әуестіктердің, көзқарастардың, сенімдердің нұсқамаға ауысуы саналы түрде де аңдаусыз да жүзеге асырылады.
Алайда, екі жағдайда да нәтиже біреу – көзқарастардың, сенімдердің нұсқамаға айналуы оны сақтаудағы автоматты түрде жасалуына, оны орындауға субъективті қажеттілікке әкеледі. Ұстаным деп тұлғаның көңілі соққан және қандай да бір әрекеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретін жай-күй түсініледі. Қате әрекеттерден, қабылдаулардан немесе бағалаулардан көрінетін «ұстанымның қателігі» оның айрықша көріністеріне жатады. Нақ осы «ұстаным» адамның психикалық әрекетінде орталық сипатта болады және тұлғаның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, «қажеттіліктің» оны қанағаттандыратын жағдаймен кездесуі кезінде айқын көрінеді. Оған қоса жемқорлық байланыстарының жүйелік дәрежесі сыбайлас жемқордың ұстанымына (сыбайлас жемқорлық билік қатынастарының ажырамас бөлігі ретінде) тікелей барабар болады.
Е.П. Ильин пікірінше, ұзақ уақыттық уәждемелі ұстаным рөлінде көрінетін қажеттіліктің немесе қызығушылықтың орнықты түрде үстем болуы өмірдің өзекті желісін қалыптастыруы мүмкін. Осыған байланысты, ол адамның осы жағдайда дайындығы мен әрекеті мен іс-қимылының нақты тәсілдерін айқындайтын уәждемелі ұстанымға тән қасиеттерді тұлға бағыттылығының бірі ретінде санау жеткіліксіз. Ол іс-қимыл мен әрекеттің және кез келген қызметтің бағыттаушы. Ұстаным орнықты түрде үстем болуға тиіс, көбіне тұлғааралық және тұлғалық-қоғамдық қатынастармен байланысты әлеуметтік ұстанымдар осындай болады.
Сыбайлас жемқорлыққа жатпайтын әрекет, ең алдымен «жеңіл баюдың» психологиялық күтушілігін, өзекті қажеттіліктері мен уәждерінің проекциясын сыбайлас жемқор өзіне иеленетін ішкі бейне құрылады. Осыдан бастап өмірлік салдары бойынша аса қауіпті және генез үшін түбегейлі процесс – шынайылықты бұрмалап байыптау басталады: сыбайлас жемқор өз әрекеті үшін тартымды саналатын басты қайнар көзді көре бастайды. Ұстаным сыбайлас жемқорлық әрекетін жасауға жоғары дайындықты, бірақ әлі айқын ниетсіз өзіндік психологиялық доминантқа айналады. Саналы психологиялық әрекет ретінде жүзеге асырылатын «керекті байланыс» деп аталатын сыбайлас жемқорлар арасында өзара қатынастар аса маңызды рөл атқарады. Олардың өзара қарымқатынастары процесінде қалыптасатын сыбайлас жемқорлардың нақты байланыстарының артында сыбайлас жемқордың күтуінің, өзара мүдделерінің, жеке мүдделерінің күрделі жүйесін, тұлға аралық ұстанымнан көрінетін әртүрлі рөлдік және мәртебелік жағдайларды көруге болады. Сыбайлас жемқорлар өзара қатынастарға түсе отырып, сыбайлас жемқорлық әрекетін жасайды және көбіне олардың әрекетінің нақты мазмұны болады. Бұл құбылыстар бізге бәлкім теріс аударылған түрде көрініс беріп, өзін басқа жағынан көрсетеді, нәтижесінде өзара қатынастар мен өзара іс-қимылдардың сипаты өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет