Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Кінәні мойындау туралы келісім немесе ынтымақтастық туралы келісім



бет51/57
Дата20.03.2023
өлшемі234,27 Kb.
#75590
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
5. Кінәні мойындау туралы келісім немесе ынтымақтастық туралы келісім.
Ынтымақтастық туралы процестік келісім сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралы ретінде Қазақстандық қылмыстық процеске 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа норма енгізілді – ол тергеу органымен белсенді ынтымақтастықта болған жағдайда жасалған іс-әрекет үшін жазаны төмендету туралы келісімге қол жеткізуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісім немесе кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім деп аталады.
Ынтымақтастық туралы келісім кезінде тұлға кінәсін мойындамауға құқылы, бірақ ынтымақтастыққа келісімді, яғни қылмыстың аса ауыр және сараланған түрлерін ашу және тергеуге ықпал етуді, сондай-ақ жазаны жеңілдетуге «алмастыруды» білдіреді.
Ынтымақтастық туралы процестік келісім қылмыстық топ жасаған қылмыстардың барлық санаттары бойынша, өзге де тұлғалар жасаған аса ауыр қылмыстар, оның ішінде ҚР ҚПК 618–621-баптарының, 612-бабының «Процестік келісім жасалған кезде сотқа дейінгі тергептексеру» талаптарын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық, экстремистік және террористік қылмыстар бойынша жасалады.
Келісімнің мәні жоғарыда аталған қылмыстарды ашуда қылмыстық қудалау органдарына адамның жәрдемдесуі болып табылады.
Ынтымақтастың туралы процестік келісімге қол қойған прокурор жасалған келісімнің мәні болып табылатын қылмысты ашуды ұйымдастыруға және кінәлі тұлғаларды әшкерелеуге қатысты шаралар қабылдайды, ҚР ҚПК 153-бабында «Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту» белгіленген тәртіппен жәрдемдескен тұлғаны бұлтартпау шарасының күшін жою не өзгерту мәселесін қарайды.
Егер осындай келісімнің нәтижесінде қылмыстық топ құрамында аса ауыр қылмыстар, қылмыстар, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстар жасаған кінәлі адамдар әшкереленсе, және кінәлі адамдарға қатысты айыптау үкімі шығарылса, онда прокурор ынтымақтастық туралы процестік келісімнің шарттарын орындау бойынша шаралар қабылдайды.
Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан және оның шарттарын орындаған, сотталған тұлғаға қатысты прокурор сотқа жүгінеді Кінәні мойындау туралы келісім адам кінәсін мойындап, жиналған дәлелдемелерді жәбірленушінің келісімімен жазаны жеңілдетуге «алмастыруды» дауламаса қолданылады. Онда адамның процестік келісім жасасқаннан кейін жасауға міндеттенетін іс-әрекеттері көрсетіледі (зиянның орнын толтыру және т. б.).
ҚР ҚПК 615-бабының 1-бөлігіне сәйкес, кiнәнi мойындау туралы процестiк келiсiм жасасу туралы өтiнiш қылмыстық iс бойынша сотқа дейінгі iс жүргiзудiң кез келген сатысында жасалады. Процестік келісім прокурордың бастамасы бойынша да жасалуы мүмкін. Егер бастама күдіктіден болса, ол процестік келісім жасасу туралы өтінішхатпен жүгінеді, егер бұл мәселені прокурор көтеретін болса, онда күдікті өзінің келісетінін немесе келіспейтінін білдіруге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет