Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Соттың үкіміне дейін мүлікті тәркілеу



бет52/57
Дата20.03.2023
өлшемі234,27 Kb.
#75590
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Лекция тезисі та ырыбы Сыбайлас жем орлы ымы

6. Соттың үкіміне дейін мүлікті тәркілеу.
Заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау ҚР ҚПК 71-тарауында белгіленген тәртіппен, сотқа дейінгі сатыда, сот үкімі шығарылғанға дейін, болжамды кінәлі тұлғаға халықаралық іздестіру жарияланған жағдайларда немесе оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған жағдайда жүргізіледі, ол үшін 35-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасы – рақымшылық, 4) тармақшасы – ескіру мерзімі, 11) тармақшасы – қайтыс болған адамға қатысты заңсыз жолмен табылған мүлікті белгілеу кезінде – негізге алынады.
Мүлікті тәркілеудің мұндай нысаны кезінде ҚР ҚПК 113-бабының 1 және 3-бөлігінде көзделген мән-жайлардан басқа, дәлелдеуге мыналар жатады: 1) мүліктің күдіктіге, айыпталушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілігі; 2) мүліктің тәркілеуді қолдану үшін негіз болып табылатын қылмыспен байланысты болуы; 3) мүлікті үшінші тұлғаның иемдену мәнжайлары немесе мүлік құқық бұзушылықтар нәтижесінде сатып алынды деуге негіз болатын мән-жайлар.
Тәркілеу туралы қорытындыны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасайды және прокурорға жібереді, ол оны 10 тәулік ішінде қарайды.
Одан әрі прокурор тәркілеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінеді, мұндай негіздер болмаған кезде қорытынды мен материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуші адамға қайтарады және қосымша дәлелдемелер жинау немесе тәркілеу туралы іс жүргізуді тоқтату қажеттігін көрсетеді. Кез келген жағдайда тәркілеуді қолдану туралы мәселені үкім шығарылғанға дейін ҚР ҚПК 669–671 баптарына сәйкес сот шешеді.


ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі міндеттерінің мәні неде?
2. «Әкімшілік құқық бұзушылық» және «әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы» ұғымдарының анықтамасы.
3. ҚР ӘҚБтК-ке сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы, олардың сипаттамасы.
4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы, олардың сипаттамасы.
5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты өзге де ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтардан ажырату критерийі қандай?
6. Пара алудың (ҚР ҚК 366-бабы) қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудан айырмашылығы қандай (ҚР ҚК 361-бабы)?
7. Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) мен заңсыз сыйақы алуды (ҚР ҚК 247-бабы) ажырату ерекшелігі неде?
8. Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) коммерциялық сатып алудан қалай ерекшеленеді (ҚР ҚК 253-бабы)?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет