Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Қылмыстық заңнамадағы пара және алаяқтықты ажырату ерекшеліктері (ҚР ҚК 190-бабы)



бет50/57
Дата20.03.2023
өлшемі234,27 Kb.
#75590
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
Лекция тезисі та ырыбы Сыбайлас жем орлы ымы

4. Қылмыстық заңнамадағы пара және алаяқтықты ажырату ерекшеліктері (ҚР ҚК 190-бабы).
5. Кінәні мойындау туралы келісім немесе ынтымақтастық туралы келісім.
6. Соттың үкіміне дейін мүлікті тәркілеу.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар жүйесі Сыбайлас жемқорлық билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді мемлекет, бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес, жекелеген адамдардың немесе адамдар тобының мүддесі үшін пайда мен артықшылық көру мақсатында пайдалануды көздейді. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті нысандары қылмыс ретінде сараланады. Қолданыстағы ҚР Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық қылмысқа 21 қылмыс құрамы жатқызылған, Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясында 17 құрамы болды. 15-тарауда «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар» 11 қылмыс құрамының 9-ы сыбайлас жемқорлыққа жатқызылған. Бұл тарауда сыбайлас жемқорлық қылмысқа ҚР ҚК-нің 363-бабында «Лауазымды адамның өкілеттіктерін иемденіп алу» және 371-бабында «Салғырттық» көзделген қылмыстар жатқызылмайды. 6-тарауда «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа екі қылмыс жатқызылған: 1) сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК 189-бабының 1-бөлігі 2-тармағы); 2) алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы). Екі жағдайда да сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін: «мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса» деген міндетті саралау белгісі бар.
8-тарау «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» алты сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамын қамтиды:
1) жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 215-бабының 2-бөлігі 3-тармағы);
2) іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау (ҚР ҚК 216-бабы 2-бөлігі 4-тармағы);
3) қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету (ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігі 1-тармағы);
4) Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігі 1-тармағы);
5) экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабы 3-бөлігі 1-тармағы);
6) рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабы 3-бөлігі 2-тармағы).
Барлық жағдайларда да сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін: «мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса» деген міндетті саралау белгісі бар.
11-тарауда «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа бір қылмыс жатқызылған: «мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруы, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен, жеңiлдiктер мен артықшылықтар берумен ұштасса» (ҚР ҚК 307-бабы 3-бөлігі 3-тармағы).
16-тарауда «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа үш қылмыс жатқызылған: 1) билікті теріс пайдалану; 2) билікті асыра пайдалану; 3) биліктің әрекетсіздігі (ҚР ҚК 450, 451-баптары, 452-баптың 2-бөлігі 2-тармағы).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабы 3-тармағы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың толық тізбесін айқындайды.
Парақорлықтың жалпы сипаттамасы Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке мақсаттарда пайда көру үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтың мұндай анықтамасы БҰҰ Бас ассамблеясы 1979 жылы 17 желтоқсанда қабылдаған құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың мінез-құлық Кодексінде қамтылған. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың қауіпті және көп тараған көріністерінің бірі болып табылады. ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігіне сәйкес, пара алудың объективтік жағы мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы болып табылады. Қарастырылатын қылмыстың объектісі қалыпты, заңмен регламенттелген мемлекеттік билік қызметі және онымен байланысты мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделері болып табылады. Қосымша объект – азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері.
Пара алу түрлері: ашық (шамамен 75 % қолдан қолға немесе делдал арқылы) және жасырылған (25%-ға жуығы заңды іс-әрекеттер сияқты, қарызын қайтару, құмар ойындар және т. б.)
Қорқытып алу тәсілдері:
1) пара берушінің заңды мүдделеріне зиян келтіре алатын іс-әрекеттерді жасау қаупін төндіріп, пара талап ету;
2) оның құқықпен қорғалатын мүдделері үшін зиянды салдарын болдырмау мақсатында ол пара беруге мәжбүр болатын жағдайда соңғының әдейі жеткізуі (рұқсат құжаттарын, виза және және т.б. беруді әдейі созу, қалыс қалу).
Пара беруші өзінің заңды мүдделерін қорғап, пара беруге мәжбүр болған жағдайда, яғни пара беруге мәжбүрлеу белгісі болған жағдайда жауапкершіліктен босатылады. Айыппұл мөлшері бас бостандығынан айыруға балама ретінде Параның айтарлықтай мөлшері ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес, елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. (ҚР ҚК 1997 жылғы редакциясында айтарлықтай мөлшер қарастырылмаған).
Аталған баптың 3-бөлігінде параның ірі мөлшері үш мыңнан он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігіне сәйкес, аса ірі пара он мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары ақша сомасын құрайды, бұл параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Айыппұл мөлшері тек сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ғана емес, жалпы бүкіл Кодекс бойынша ұлғайды, соған қарай жаза түрлері де өзгерді.
ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігінде орташа ауырлықтағы қылмысқа жататын пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Дәл осы іс-әрекет бойынша ҚР ҚК 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған 1997 жылғы редакциясында, жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.
Қолданыстағы кодексте бас бостандығын шектеу жазалау шарасы ретінде көрсетілмеген, мүлікті тәркілеу және белгілі бір лауазымдарға орналасуға өмір бойы тыйым салу міндетті сипатқа ие.
Алдыңғы 1997 жылғы ҚР ҚК-де айыппұл тек 311-баптың 1-бөлігінде көрсетілсе, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы ҚР ҚК-де айыппұл 366-баптың барлық бөліктерінде қарастырылған.
Сонымен, ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ауыр қылмысқа жататын қылмыс үшін, яғни қылмыстық топ құрамында немесе аса ірі мөлшерде жасалса пара алғаны үшін параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2015 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысына қатысты, ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша айыппұл түрінде жаза бас бостандығынан айырудың баламасы ретінде қолданылды және 1 миллиард 100 миллион теңгеден аса соманы құрады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды және оларға ұқсас қылмыстарды шектеу Белгілі бір қылмыстың басқа да қылмыстармен ортақ белгілері әрқашан болады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды дұрыс ажырату, оларды өзге де ұқсас қылмыстардан ажырата білу, іс-әрекетті саралау, тиісінше, жазалау шарасы мен оның мөлшерін таңдау үшін маңызды болып табылады.
Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабы), көбіне сәйкес келеді:
1) сол бір объектіге байланысты;
2) тек тікелей ниетпен жасалады;
3) оларда бірыңғай субъект – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға, оған теңестірілген, немесе лауазымды адам.
Бірақ, сонымен қатар осы құрамдарының елеулі айырмашылықтары да бар:
1) теріс пайдалану құрамы материалдық (салдары қажет), ал пара алу құрамы формальды (алған сәттен бастап, пара берушінің пайдасына қатысты оның іс-әрекетіне немесе салдарына қарамастан);
2) лауазымды теріс пайдалану тек өз құзыреті шегінде (өз құқықтары мен міндеттері шеңберінде), парада заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздік) немесе ықпал ету болуы мүмкін. Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) параға коммерциялық сатып алудан (ҚР ҚК 253-бабы) ерекшеленеді.
Субъектісі – ҚР ҚК-нің 253-бабында коммерциялық немесе өзге де ұйымның басқару функцияларын орындайтын адам, ал ҚР ҚК 366-бабында – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті, оған теңестірілген немесе лауазымды адам. Объектісі – ҚР ҚК-нің 253-бабында мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы болып табылмайтын коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметі. Олардың пәндері сәйкес келеді – бұлар ақша, материалдық құндылықтар.
Объективті жағынан айырмашылығы бар, атап айтқанда коммерциялық сатып алу кезінде сатып алу процесі ісәрекетті жасағанға дейін жүргізіледі, ал пара алу кезінде жасағанға дейін (параға сатып алу) және одан кейін (сыйақы) болуы мүмкін. Коммерциялық сатып алуда делдалдық жоқ.
Сондай-ақ, пара алуды (ҚР ҚК-нің 366-бабы) заңсыз сыйақы алудан (247-бабы) ажырату қажет. Заңсыз сыйақы алу кезіндегі субъект – бұл мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті, оған теңестірілген немесе лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйымның қызметшісі.
Пара алуды (ҚР ҚК 366-бабы) және алаяқтықтан (ҚР ҚК 190-бабы) ажырату ерекшеліктері, пара алу кезінде құрамының объектісі – мемлекеттік қызмет және басқару мүдделерінен, ал алаяқтық кезінде – меншіктен тұрады, және алаяқтықтың объективті жағы алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен мүлікке ие болу болып табылады.
Алаяқтық бойынша құрамның субъектісі – 16 жастан бастап кез келген тұлға, ал пара алу кезінде –мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті, оған теңестірілген, немесе лауазымды тұлға. Пара алу немесе беру кезінде делдал мен сыбайластың айырмашылығы мынада, делдал екі тараппен, ал сыбайласы тек қана біреуімен жұмыс істейді.
Маңыздылығы аз болғаны үшін жауапкершіліктен босату шарттары.
Маңызы аз болуына байланысты пара деп саналмауы үшін бір мезгілде мынадай шарттар болуы тиіс:
1) сыйлықтың, қызметтің құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиіс;
2) сыйлықты, қызметті және және т.б. бiрiншi рет алуы;
3) сыйлық, қызмет, және және т.б. ретіндегі пайданы тараптар арасындағы алдын ала уағдаластық болмаған кезде алу;
4) мүдделі тұлғаның пайдасына бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн сыйлық, қызмет және және т.б. алу.
Осылардың ең болмағанда біреуі жоқ болса, тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиіс. Параның қауіптілігі оның сомасында емес (шағын немесе үлкен), оны алу фактісінде. ГФР, Швейцария, Испания және басқа да көптеген Еуропа елдерінде оның маңыздылығының аздығы бойынша бөлінбейді, онда пара-параға сатып алу (алдын ала келісілген) және алдын ала уағдаласпай заңды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін пара-алғыс (сыйлық) болып бөлінеді. Тиісінше, пара-алғыс үшін жаза пара-параға сатып алуға қарағанда төмен болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық шаралары бойынша шетелдік тәжірибе, бағыт-бағдары және перспективалары Қолданыстағы қылмыстық заңнамадағы кез келген өзгерістер мен толықтырулар әлеуметтік-экономикалық, криминологиялық факторларға, қолданыстағы заңнаманы қолдану тәжірибесіне байланысты болады.
Мысалы, Корея Республикасының ҚК 129-бабында пара алғаны және пара алуға уәде еткені үшін, ал 130-бапта – пара бергені және пара беруге уәде еткені үшін жауапкершілік қарастырылған. Француз Республикасы ҚК-нің 433-1 және 433-2-баптарында пара алуға уәде еткені және пара бергені үшін жауапкершілік көзделген, ал қылмыс мәні ретінде мемлекеттік наградаларды, лауазымдарды, мердігерлікті алу немесе табыстау қарастырылған.
Швецияның ҚК 20-тарауының 2-бабында қызметшінің пара қабылдауға уәде еткені үшін жауапкершілік көзделген. АҚШ-та жария қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлық субъектілері және коммерциялық парақорлық субъектілері деп бөлу қарастырылған, соңғысына адвокаттар, дәрігерлер, бухгалтерлер, коммерциялық бірлестіктер директорлары жатады.
Америкалық заңнамаға сәйкес, партиялық лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілермен қатар жауап береді, өйткені қоғамдық қызығушылықтың бұл саласы мемлекеттік мүдделермен тығыз байланысты. Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы халықаралық конвенцияларды ратификациялауы қылмыстық заңнамаға елеулі толықтырулар енгізуді және жеке өзі немесе делдал арқылы параға уәде еткені және ұсынғаны үшін жауапкершілікті белгілеуді, сыбайлас жемқорлық үшін аса ұзақ ескіру мерзімін белгілеуді, сыбайлас жемқорлық презумпциясы институтын енгізуді талап етеді, бұл ретте, кінәсіздігін дәлелдеу ауыртпалығы күдіктінің өзіне жүктеледі, жеке сектордағы және басқа да сыбайлас жемқорлықты реттейтін нормалар көрінісін білдіреді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 1131 қаулысымен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді, оның мөлшерлері:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;
3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;
4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;
5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.
Грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.
Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты:
1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;
2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Адамды көтермелеу туралы материалдар көтермелеуге құқығы пайда болған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде қалыптастырылады және уәкілетті органдарға жіберіледі, көтермелеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде төлем жүргізіледі.
Уәкілетті орган адам ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда, грамотамен марапаттау немесе оған алғыс жариялау туралы мәселені қарастыруы мүмкін. Жалған ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет