Лекция тезистері №1 Лекция. Пәнге кіріспе Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері



бет9/20
Дата19.04.2022
өлшемі278,6 Kb.
#31517
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Бақылау сұрақтары:

1. Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясын айқындау

2. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы

3. Қазақстанда парламентаризмнің дамуы. Атқарушы биліктің ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.



2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.

3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.

4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.

5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.
8 Лекция. Экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі

1. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік  шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі. Н.Ә.Назарбаевтың  қанатты нұсқамасы – «ең әуелі экономика – сонан соң – саясат»

2. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу

3. Президенттің ел халқына Жолдауы: «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін»  және оның маңызы

4. ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы
Жоспарлы экономиканың дағдарысы және нарыққа көшу. Еліміз 1990 жылдардың басында қарама-қайшылықты әрі өзекті мәселелермен бетпе-бет кездесті. Экономикалық дағдарыс терең тамыр жайып, қоғамдық өмірдің барлық саласына әсер етті. Бұрынғы Кеңес басшылығының уәдешіл әлеуметтік саясаты экономиканы дағдарысқа, қаусап күйреуге әкеп соқтырды. 1989-1990 жылдары өндірістік инвестиция тоқтады. Өндіріс көлемі абсолютті түрде құлдырып, Қазақстан экономикалық дағдарысқа ұшырады. Жаңа заман талабына сай келмейтін жоспарлы экономика түбегейлі өзгерісті қажет етті. 1990 жылдардың басындағы Қазақстанның экономикалық саясатындағы басымдылық экономиканы ырықтандыру және жаңа қаржы жүйесін қалыптастыруда дербес бюджет, салық және кеден жүйелерін құру болды. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы материалдық-техникалық, сыртқы экономикалық қатынастарды жетілдіруге, қаржы салаларында жаңа мүмкіндіктер ашуға жағдай туғызды. Қазақстан 1990-1991 жылдары Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экономикалық шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлі келісімдерге қол қойды. 1990 жылы Дәулет Сембаевтың басшылығымен Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Заң, экономика салаларындағы жас және жаңаша ойлайтын мамандардың басын қосып, жаңа орган басшылығы нарықтық стратегияны дайындады.

Қазақстан Президенті жанынан жас экономистер және өзге де мамандардар, шетелдік кеңесшілерден тұратын топ құрылды. Стратегиялық мақсат – күшті президенттік билік арқылы тәуелсіз мемлекетті дамыту, экономикалық сектордағы мәселені шешу болды.

Қазақстан экономикасының нарықтық моделін құру кезінде көптеген қиыншылықтар кездесті. Тек қана экономикалық жүйені ғана емес, мемлекеттік құрылымды да заман ағымына сай бейімдеу қажет болды.

Кеңестік кезеңнен кейінгі республикалардың экономикалық және әлеуметтік жағдайының тұралауына КСРО-ның ыдырауы да өзіндік әсер етті. Алып империяның құлауына байланысты қоғамның әлеуметтік құрылымы, адамдардың социалистік ұжым құндылықтарымен өмір сүру дағдысы өзгерістерге ұшырады.

1992 жылдың қаңтар айында Ресей ТМД елдерімен алдын-ала кеңеспей, бағаны ырқына жіберді. Екі ел арасында ежелден сауда қарым-қатынасы қалыптасқандықтан, Ресейдің бұл қадамы Қазақстанға едәуір экономикалық шығын алып келді. Елімізде кейбір тауар түрлерінің бағасы шарықтап кетті. Жоғарғы Кеңес 1992 жылдың қаңтар айындағы сессиясында Үкіметтің 1993-1995 жылдардағы экономикалық саясаты баяндалған «Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасын» қабылдады. Орта мерзімге жасалған тұңғыш жоспарлау тәжірибесі адамдар бойында тамырын тереңге жайған кертартпалықты, қалыптасқан бейжайлықты өзгертуге жасалған тұңғыш қадам болды. 1992 жылдың 7 ақпанында Президент «Экономикалық реформалар жағдайында мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекеті мен оны ұйымдастыруды жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Республика басшылығының осы жылдары жүргізген экономикалық саясаты өндіріс құлдырауын тежеп, тұрақтандыру арқылы оның біртіндеп өсуін қамтамасыз ете алмады. 1992 жылдың жазында елдегі экономикалық дағдарыс өрши түсті. Дағдарыс бұрынғы КСРО аумағында тауар өндірушілер тағайындаған монополиялық жоғары бағадан, халықтың табысының өсу қарқыны бағаның өсу қарқынынан кейін қалғандығынан болды. Халық табысын негізінен тамақ өнімдерін сатып алуға жұмсады. Алайда, Үкімет дағдарыстың себептерін ашып, түсінуге асықпады.

Қазақстанда 1990-1994 жылдары өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі тең жартысына кеміді. Ауыл шаруашылығы саласы 3/1, көлік тасымалы 3/2-ге дейін құлдырады. Өнеркәсіп алыптары тоқтап, жұмыссыздық өршіді. Мемлекеттің кәсіпорындарды басқаруға мүмкіндігі болмады. Көптеген кәсіпорындарда өнім және тауар айналымынан түскен қаражат шет елдерге асып кетті немесе талан-таражға салынды. Халықтың кіріс деңгейі күрт төмендеді. Жұрт бірнеше ай бойы жалақыларын алмады. Зейнетақы мезгілінде берілмеді. Халықтың жинаған қоры шектен тыс инфляция салдарынан да кеміді. Банк жүйесінің жетілмеуі экономиканы тежеді. Дүкендерде азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауарлар тапшылығы байқалды. Осының бәрі қылмыстың өсуіне, жауапсыздыққа, немқұрайлылыққа әкеп соқтырды.

Күнделікті қажеттілікті қанағаттандыру, отбасын асырау мақсатында жоғары білімді мамандар қызметтерін тастап, күнкөріс қамына кірісті. Еңбексіз табысқа бет бұрды. Сауда жасауға ауысты. Жоғары білімді, тәжірибелі мамандардың кәсіби мамандығынан кетуі білім беру, денсаулық сақтау салаларының сапасына айтарлықтай әсер етті. Алайда, жұмыссыздық пен нарық жағдайына бейімделген маман жұмысшы күшінің жеткіліксіздігі әлеуметтік маңызды мәселе күйінде қала берді. Жұмыссыздық көлемі: 1991 жылы – 0,05%, 1992 жылы - 0,95%, 1993 жылы – 1,2%-ға жетті.

1993 жылдан жұмыссыздар санының біртіндеп ұлғаюы байқалды. Қазақстанда тұратын адамдардың өмір сүру, адам даму потенциалы көрсеткіші 1992 жылғы мәлімет бойынша – 0,798. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз 174 елдің арасында 64 орынды иеленіп, адам даму потенциалы орташа деңгейдегі елдер тобын бастап тұрды. 1993 жылы 0,740 немесе 72-орында. 1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы – 4,7 жылға кеміді. Бұл – 1991-1995 жылдары адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендегенін көрсетеді. Аз уақыт аралығында тұрғындар өмірінің мұндай қысқаруы соңғы 35 жыл ішінде байқалмаған жағдай еді. Жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер саны да 1991-1996 жылдар аралығында жыл сайын кемігені байқалды.

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына мемлекеттің әлеуметтік инфрақұрылымда жасаған реформаларының да әсері болды. Тегін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету қысқара бастады. Сонымен қатар бұл салаларда мемлекеттік емес қызмет көрсету түрлері қалыптасып үлгермеді.

Экономикалық өсу 1996 жылдан байқалды. ТМД және Балтық жағалауы елдері арасында жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім өндіруден 6-орынды иеленді. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанында –Жалпыұлттық қор құрылды. Қордың үш жылдық қызметінде 938,7 млн. теңге жиналды, оның 842,3 млн. теңгесі жеке тұлғалар мен ұйымдардан, 96,4 млн. теңгесі депозит пен бағалы қағаздардан түсті. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға 9956 микрокредит берілді, ол 14600 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Әлеуметтік жағдайы төмен 240619 адамға азық-түлік тағамдары, тауар, ақшалай көмек берілді. Алайда, елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал бірқалыпты болған жоқ.

Тарихта қай елде болсын, капитализмнің пайда болып, дамуы саудагерлер капиталының дүниеге келуінен басталып, кейін барып банк, өнеркәсіп капиталы өмірге еркін енетін-ді. Қазақстанда да осы жағдай қайталанды. Өтпелі кезеңнің алғашқы жылдары саудамен байығандардың арқасында – 300-дей банк құрылды. Өтпелі кезеңде, еліміз капиталистік жүйеге өткен барлық елдер бастан кешірген «жабайы капитализмді», капиталдың алғашқы қорлануы дегенді, яғни қоғамның ат төбеліндей аз бөлігі барды тонап, қылмысты түрде байитынын, солардың қолында байлық жиналатынын, өзге адамдар өзінің жұмысшы күшін байларға сататын үрдісті айналып өткен жоқ. Олай ету мүмкін де емес еді. Тек президенттік басқару жүйесіне өту, халық мұқтажын ескере отырып, үкіметтің елді дағдарыстан шығу жолдарын іздеуі ахуалды аздап болса да оң бағытқа бұрды.

КСРО тұсында Қазақстан экономикасы шикізат көзі есебінде дамып, ауыл шаруашылығы да сол құрылымның ішінде өзіне тиісті міндетін атқарды. Жалпы кеңестік идеология ауыл еңбеккерлерін аяусыз қанады. Олардың еңбектері мен адами мүмкіндіктері негізінен индустриялық дамуға пайдаланылды. Кеңестік жоспарлы экономика кезінде қаланы асырап отырған ауыл еңбегі өз деңгейінде бағаланбады. Сөйтіп, адамдардың еңбекке көзқарасы төмендеді.

Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнай бастады. Әр түрлі кооперативтер, жекеменшік фирмалар мен шағын кәсіпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылау әлсіреп, шет елдермен тікелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкіндік туды. Қазақстан бұрын да өз өнімдерін шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикізаттар, материалдар мен жартылай шикізаттар болатын. Экономикаға түбірлі реформа жасау және меншіктің көп түрлілігі негізінде нарықтық қатынастар орнату үшін бірқатар заңдар қабылдау керек болды.

Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердің экономикалық және технологиялық көмегінсіз қалпына келтіру қиын еді. Шет ел капиталын тарту үшін республика жаңа заңдар қабылдап, инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты. 1991 жылдың 22 маусымында қабылданған «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жөніндегі» Заң жекешелендіру процесіндегі алғашқы бастама болды. Бұл заң негізінде 1991-1992 жылдары жекешелендірудің бірінші кезеңі жүзеге асырылды.

Бірінші кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейінгі жағдайдың шиеленісіп, құлдырауымен сипатталды.

Жекешелендіру кәсіпорын ұжымы тиісті өтініш жасағаннан кейін мемлекеттік органның шешімімен аукцион, конкурстар өткізу, еңбек ұжымдарына өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды тегін беру арқылы жүзеге асты. Бірінші кезеңде шағын жекешелендіру басталып, 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді. Олардың қатарында 470-тен астам кеңшар ұжымдық меншікке берілді.Ауыл шаруашылығы нысандарын жекешелендіру әрбір еңбеккердің мүліктік және жер үлесін анықтап, меншігін дербестендіру арқылы жүзеге асты.

1991 жылы 13 қыркүйектегі Қазақ КСР Президентінің қаулысымен бекітілген «Қазақ КСР-де 1991-1992 жылдары мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бағдарламасында» меншік түрлерінің өзгеру процесіне еңбек ұжымдары арқылы ел азаматтарын қатыстыру көзделді. 1992 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №1449-XII қаулысымен мемлекеттік бағытталған 52 млрд. сом несиені 2 шілдеге дейін игеру жөнінде тағы бір қаулысы шықты. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру Қазақстанның 1992 жылғы мамыр айында «Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының қалыптасу стратегиясында» айтылды. Мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалып, экономика саласындағы стратегиялық мақсаттар белгіленді. Елімізде үш бағыттағы – шағын, жаппай және жеке жобамен жекешелендіру жасалып, кәсіпорындар құрылды. Алғашқы тұста оның да кедергі, қиындықтары болды. Қоғамдық, әлеуметтік һәм экономикалық бағыттарына басымдық берілді.

Оның бірінші көрінісі – тұрғын үй кешеніне қатысты іске асты. Жалғасып жатқан инфляция жағдайында 1991 жылы төлем қаражаты ретінде халыққа тегін пәтер – үйді жекешелендіру купондары берілді. Купондардың саны еңбек өтілімен анықталды. Бұл қадамның маңыздылығы бүкіл халықтың мемлекеттік мүлікті жекешелендіру ісіне қатысуға мүмкіншілік алғанында еді. Бірақ, жақсы мүмкіндікті толық іске асыру тетіктері болмады.

Жалға беретін және ұжымдық кәсіпорындар құрылды. Аукциондарда шаруашылық нысандары сатыла бастады. Сөйтіп, алғашқы халыққа қызмет көрсету нарығы қалыптасу сатысына өтті. Бірінші кезең қорытындысы бойынша мемлекеттік – 4771 мүлік нысаны жекеменшікке өтті. Жекешелендірілген кәсіпорындардың жалпы санының 60%-ын бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық және басқа нысандар құрады. Сауда - 29,6% және тұрмыстық қызмет көрсету 25,8% болды. Жекешелендіру реформасының бірінші сатысында ауылдағы еңбек ұжымдарына барлық мемлекеттік меншік негізінен ақысыз, ішінара сатылып берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет