Экономика бiздiң дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнің барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу - негiзгi мiндетiмiз болып қала бередi.
Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.
Бәсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатаң күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм.
Мен бұл ретте мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы рөлi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуде, екiншi жағынан - инфрақұрылымды жасау және белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн.
Сондықтан, 2005 жылы экономиканы дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болуға тиiс:
- экономиканы одан әрi ырықтандыру және жүйелi реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестiктi дамыту мен бюрократиясыздандыру;
- Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
- Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
- ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
- инфрақұрылымдарды дамыту.
Бұл мiндеттi шешу үшiн бiздiң экономикалық, сондай-ақ әлеуметтiк салаларда да еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзiрлеуге кiрiсуiмiз керек», - деп атап өтіп, бірқатар негізгі бағыттарды айқындады. Бәсекеге қабілетті экономика, адам ресурстарын дамыту және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін топтастырып, оның әрқайсысы бойынша нақты тапсырмалар жүктеген Елбасы осы Жолдауында мемлекеттік саясаттың басты бағдарын да ашып көрсеткен еді.
4. Елбасымыз халқымыздың, еліміздің мәртебесін әлемдік аренаға көтеру мақсатымен «EXPO-2017: болашақтың энергиясы» тақырыбындағы халықаралық көрмесін Қазақстанда өткізу арқылы қазақ елін аса іргелі елге айналдыруды көздеді.
Бұндай көрме ата-бабаларымыздан бастау алған болатын , сонау 1925жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрмеде Әміре Қашаубаевтың ән салғаны және ЭКСПО көрмесіне қатысқан ең алғашқы қазақ екені белгілі .Сол бір әсем де әсерлі үні арқылы бүкіл Париждің журегін жаулаған болатын.. Франция астанасы Парижде өткен Халықаралық EXPO көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы аясында Қазақстанның елордасы Астананың 2017 жылы халықаралық көрмені өткізетін орын ретінде таңдалып алынуы ең алдымен тәуелсіздікке қолы жеткен жылдардан бері кемесі алға жүзген қазақ ұлтының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем алдындағы абыройы мен зор беделінің айғағы екенін жұрт мойындады. Парижде өткен сессияда EXPO-2017 көрмесі өткізілетін қаланы анықтау үшін 161 мемлекеттің өкілі жасырын дауыс берді. Астана үшін Халықаралық көрмелер бюросына қатысушы 103 ел, ал Бельгияның Льеж қаласына 44 ел дауыс берді.
ЭКСПО дегеніміз не? ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.
Ең алғашқы ЭКСПО Англияның принці Альберттің ұсынысы бойынша 1851 жылы Гайдпаркте өткен болатын. Хрустальды сарайда орын алған ЭКСПО-ның тақырыбы: «Барлық ұлттардың өнеркәсіптік жұмыстарының ұлы көрмесі» болып аталды. Сенсеңіздер, дәл сол көрмеден кейін халықаралық аренада дизайн мектептері, туризм саласы және өндіріс өнері пайда болды. Осы көрме халықаралық сауданың жандануына септігін тигізді. Одан кейін 1855, 1878 жылдары Парижде, 1939 жылы Нью-Йоркте, 1985 жылы Цукуба — Жапонияда, 1992 жылы Севилья — Италияда, 1998 жылы Лиссабон — Португалияда, 2000 жылы Шанхай — Қытайда ЭКСПО халықаралық көрмелері болып өткен. Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болды. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етті. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырды. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі.
EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтті. ЭКСПО бізге не берді? Оның Қазақстан үшін қандай пайдасы бар? Елдің дамуындағы экономикалық тиімділігі қандай? Біріншіден, бұл еліміз үшін үлкен абырой. Ауқымы жағынан Олимпиада ойындары мен әлемдік футбол чемпионатынан кейінгі орында тұрған көрмені ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Қазақстанда өтті. Бұл бізге берілген сенім квотасы һәм Елбасының дәрежесін сыйлау болса керек. Әрі сыртқы саясаттағы табысымыз бен елді біріктіріп, тұтастыра түсетін уақыттық нышан.
Екіншіден, Астанаға 3 айдың ішінде 5 миллионның үстінде адам келді. Бұл миллиондардың ішінде инвесторлар да, туристер-де, журналистер-де болды. Демек, Қазақстан ақпараттық шу, туристік қызығушылық һәм инвестициялық климат жағынан болсын, бұл көрме әбден тиімді болды.
Үшіншіден, көрме Астананың инфрақұрылымына үлкен серпіліс әкеледі. Жаңа қонақүйлер салынады, жаңа жұмыс орындары ашылады, жеңіл рельсті трамвай жолдары салынып, сауда-саттық дамиды. Шағын және орта бизнес өркендейді. Және бұл көрме елдегі новаторлық рухты жанудың, ғылымға ұмтылуға құлшыныс берудің таптырмас тетігі.
Төртіншіден, Астана көрмесінің бас тақырыбы — «Болашақ қуаты». Жасыл технологияларды дамыту, балама қуат көздерін табу мәселесі өзекті боп тұрған заманда 2017 жылғы көрме талай бастаманы іске асыру кілтіне айналды. Мысалы, 1939 жылы Нью Иоркте өткен әлемдік көрмеде Рузвельттің телеэкранда пайда болып, жиналғандарды таң қалдыруымен әлемде телевидение өрістей бастады. Ал Эдисонның фонографы үшінші Парих көрмесінде танымал болып кетті. Ендеше, Астана көрмесінде-де жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктердің бағы жанды.
Бесіншіден, ЭКСПО-ны өткізу тарихына қарасаңыз, үлкен көрмелердің құрметіне әр ел өзінің техникалық мүмкіндігін паш ету үшін сәулет туындыларын салуға тырысқан. Мысалы, алғашқы ЭКСПО-дан Лондонда Хрусталь сарайы қалған еді, ол 1936 жылы өртке оранып кетті. Парижде Эйфель мұнарасы, Брюссельде Атомиум, Монреальда Хабибат деген ерекше тұрғын үй кешені тұрғызылғанын тағы білесіздер. Ендеше, Астана көрмесінде-де сәулет тарихына ұялмай кіретін туындылар салынды.
Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Энергия — бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз.
Елді индустриялық-инновациялық дамытудың және Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу жоспарының аясында жаңаша сипат алған «Жасыл экономиканы» игерудегі алғашқы қадамдар жасалды.