Лекция тезистері №1 Лекция. Пәнге кіріспе Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері



бет14/20
Дата19.04.2022
өлшемі278,6 Kb.
#31517
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
ҚҚЗТ дәріс кешені 2019 ж

Бақылау сұрақтары:

1. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа стратегиясы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңарту

2. Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі

3. 2010 жылы Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы және Болон декларациясына қол қою

4. «Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі



Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.



2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.

3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.

4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.

5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.
10 Лекция. Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюуы

1. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер

2. ҚР заңдары: «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы»

3. Ұлтаралық татулық – Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі


1. Қазақстанның демографиялық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны – 16 млн. 475 мың болса, оның 6 млн. 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90 жылдардан бастап жаппай миграция мен туу процесінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық.

1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді. 1993 жылы (Миграция департаментінің көрсеткіші бойынша) алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген. Ресейден, Прибалтикадан, Украинадан, Закавказьеден, Тәжікстаннан 50 мыңға жуық қазақ елге оралды. 1991-1995-жылдардың арасында республикадан кеткендердің саны келгендерден 1 млн.-ға жуық және жыл сайын өсіп отырды. Осы жылдары Қазақсанға көшіп келгендердің саны 2240,8 мың адам болса, кеткендері 32210,3-тен асып кетті. Кетушілердің ұлттық-этникалық құрамы жағынан көбі орыстар – 52,3%, украиндар – 7,2%, белорусьтар – 1,4 %. Алыс шетелге кетушілердің құрамында немістер – 78%, орыстар – 13%, украиндар – 3%, еврейлер мен гректер – әрқайсысы – 1%-дан.

Осындай миграциялық процестердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамында өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы - өзінің Отанында, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды. Тек 1989-1995 жылдар аралығында егеменді елімізде қазақтардың үлесі 39,7%-дан 46%-ға өсті.

Республика халқының саны – 1992 жылдың аяғында 17 млн. болды. Оның 9,8 млн. адам қалалық жерлерде, 7,2 млн. ауылдық жерлерде тұрды. Нарыққа өтудің өтпелі кезеңі халықтың демографиялық жағдайына да едәуір салмақ салды. Бала туу азайды. Халықтың табиғи өсімі төмендеп, әртүрлі себептермен өлім-жітім көбейді. Қазақстан бала туу көрсеткіші бойынша 1960 жылдары Орта Азия республикаларының қатарында болса, 1980 жылдары олардан қалып қойды. Демографиялық ахуалдың нашарлауының 1941-1945 жылдардағы соғыс салдары, көптеген қазақ отбасында бала тууды реттеушілік (бір-екі баламен шектеу), миграциялық процесс (тың игеруді желеу етіп келгендер, т.т.) сияқты өзіндік себептері болды.

1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басында республикаға келушілер саны артты. Әсіресе, Моңғолиядан қазақтардың көптеп көшіп келуі көші-қон сальдосын жақсартты. Республика тұрғындары 1993 жылдан бастап кеміп, 1997 жылы республика тұрғындарының саны 16 млн. 400 мың адамды құрады. Адам саны 1993 жылы – 42,7 мыңға, 1994 жылы – 192 мыңға, 1995 жылы – 207,2 мыңға азайды. Бала туу деңгейі төмендеп, өлім деңгейі өсті. 1989 жылы бала туу көрсеткіші – 382 мың болса, 1995 жылы - 278 мыңға, яғни 7,6% – дан, 10,2%-ға кеміді. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық ахуал, қоғамдағы дағдарыстың тереңдеуі мен ақшаның құнсыздануы салдары, бұрынғы әлеуметтік инфрақұрылымның күйреуі, жұмыссыздықтың өсуі, экологиялық проблемалар адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, денсаулығының нашарлауына әкелді.

1991-1996 жылдары Қазақстаннан 1274,7 мың адам Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударды. Олардың 30-34%-ы алыс шетелге, қалғаны жақын елдерге кетті.

Қазақстанда тұратын қазақтардың жыл сайынғы өсімі оралмандар есебінен көбейе түсті. Орыс, украин, неміс ұлт өкілдерінің саны азайды. Егер 1979-1989 жылдары орыстар санының кемуі 8 облыста байқалса, 1996 жылдан бастап Алматы қаласын қоса есептегенде барлық облыстарда кему байқалды. Егер 1979 жылы қазақтар республиканың 5 облысында ғана 50%-дан көп болса, 1989 жылы – 9 облыста, 1995 жылы – 12 облыста өсу байқалды. Қазақ ұлтының үлес салмағы артты, орыстар қалаларда және солтүстік, орталық және шығысында басым орналасты.

2000 жылдардағы әлеуметтік-демографиялық динамика. 2002 жылдың 1 желтоқсанындағы еліміздегі халық саны алдын - ала деректер бойынша – 14830 мың адамды құрады, соның ішінде 8376,5 мыңы (56,5%) – қалалықтар және 6453,5 мыңы (43,5%) – ауыл тұрғындары. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикадан тыс жерлерге 113,6 мың адам көшкен, соның ішінде 80,4 мыңы – ТМД елдеріне, 33,2 мыңы – ТМД елдерінен тыс жерлерге көшкен. 2002 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикаға көшіп келгендер саны 53,8 мың адам болды.

2008 жылдың 11 айында Қазақстанға белгіленген тәртіппен шет мемлекеттерден 1 264 546, соның ішінде ТМД елдерінен 1 137 214 азамат келген және тіркелген. Олардың белгіленген келу ережесін бұзғаны үшін 121 мыңнан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың негізгі бөлігін еңбек мигранттары құрайды.

Халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қарағандағы түнгі сағат 24:00-де 16004,8 мың адамды құрады. Сөйтіп, 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6,8%-ды құрап, республика халқының саны – 1022,9 мың адамға өскен.

2. 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті.

Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.



Тіл туралы заң. 1997 жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып — қазақ тілі бекітілді. Бұл тіл мемлекеттік басқару органдарының, заң шығару, сот ісінің, іс жүргізудің тілі болып саналады және мемлекет аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылады.

«Қазақстан халқының басын біріктіруші маңызды қатынас туралы болып табылатын осы мемлекеттік тілді білу— Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қасиетті борышы болып табылады» — делінген Тіл жөніндегі Заңның 4-бабында.

Осы заңның 5-бабында мемлекеттік ұжымдарда және жергілікті басқару органдарында қазақ тілімен бірдей дәрежеде ресми түрде орыс тілі де пайдаланылатындығы жазылған. Сонымен қатар бұл заң бойынша «Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз ана тілінде сөйлеуге, өзінің қалаған тілінде тілдесуге, шығармашылықпен айналысуына, тәрбие, оқу жұмыстарын жургізуге құқылы» (6-бап).

Мемлекет қазақ тілінің және өзге тілдердің ұлтаралық қарым- қатынаста қолдану аясын сақтауға және оның еркін дамуына кепілдік береді. Сондай-ақ мемлекеттік тілді немесе ұлтаралық қатынас тілін білмегені үшін азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеуге тыйым салынады. Қазақстан Конституциясының тіл туралы баптары әлемнің өзге елдерінде, сондай-ақ ТМД-да ерекше демократиялы болып есептелінеді.

Қазақстан — өз Отаным деп есептейтін әр азамат қазақ тілін білуі міндетті. 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жеті басым бағыттың ішінде ұлттық қауіпсіздіктен дейінгі екінші орында көрсетілген. Ұлттық бірлік, татулық, теңдік қоғамның топтасуының кепілі. Республикада жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асыруда қазақ ұлты оларды біріктіруші рөл атқаратындығы айқын.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның жетісінде қабылданды. Одан кейін 2007 жылы 27 шілдеде қабылданды. ҚР Білім туралы заңы 68 баптан, 12 тараудан тұрады. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген.

Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар. Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын.

Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:

•    азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;

•    мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей;

•    тарихи-мәдени мұраны қорғау;

•    ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;

•    мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;

•    мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;

•    мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.

Мәдениет туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы. Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениеттi жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.



4. Бүгінде Қазақстан – 130-дан астам этнос өкілдерінен тұратын 17 миллион халқы бар полиэтникалық мемлекет. Жалпы, көпэтносты Қазақстан Республикасында тарихи сын сағаттарда этносаралық келісімнің тұрақты болуы, ең алдымен, жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігінен, яғни оның даналығы, кеңдігі деуге болар.

Сондықтан еліміз үшін тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудың, этносаралық келісім мен татулықты дамытудың маңызы аса зор. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Елбасының бастамасымен елімізде ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеу, үйлестіру жұмыстарымен айналысатын арнайы ұйым құрудың жолдары алдын ала қарастырылды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган ретінде 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазіргі таңда ҚХА – Қазақстандағы тұрақтылық пен тұтастықты берік сақтаудың маңызды тұғырларының бірі. Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты – қазақ халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизмді дамыту, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық-азаматтық бiрегейлiкті, бәсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру үрдісiнде этносаралық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады. Ассамблеяның тікелей араласуымен қазіргі кезде Қазақстанда 621-ге жуық этномәдени бірлестік қызмет жасайды. Сонымен қатар республикада 11 тілде газет-журнал шығарылып, 8 тілде радиохабарлар таратылады және 7 тілде телехабарлар көрсетіледі. Әрине, мұның барлығы мемлекеттік саясатымыздың ұлтаралық және дінаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтап, нығайтудағы бағытының дұрыстығын дәлелдейді.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекет ретінде 1995 жылғы 16 қарашадағы ЮНЕСКО Бас конференциясы Қарарымен бекітілген Төзімділік (толеранттылық) қағидаттары Декларациясын қолдайтындықтан, діни төзімділік пен бейбітшілік қағидалары еліміздің саясатында басты орын алды. Сондай-ақ, елдегі түрлі конфессиялардың келісімі мен ынтымағын нығайтудың оңтайлы әдісі әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін атап өтсек болады. Идея авторы – Н.Ә. Назарбаев. Әртүрлі дін өкілдерінің арасындағы келісімге бағытталған Қазақстанның саясаты мен тәжірибесі әлемдік қауымдастыққа түрлі конфессиялардың өзара сенімі негізінде бірлесе ғұмыр кешуінің нақтылы мүмкіндіктері барлығын және оның қажеттілігін тағы бір рет дәлелдеді.

Нәтижесінде Қазақстан дінаралық үнқатысу орталығы ретінде танылды. Оған, Астанада 2003, 2006, 2009, 2012 және 2015 жылдары өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің съездері дәлел. Осы айтулы шаралардың әрқайсысы өзіндік маңызымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда Қазақстан әлемге діни бейбітшілік орнатудың бастамашысы ретінде танылған мемлекет. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдегі дін төңірегінде туындаған дүрдараздықтарды ауыздықтауға, 3 мәселелерді бейбіт жолмен шешуге зор үлес қосып келеді. Елбасының халыққа арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің келешек даму стратегиясын айқындап, дін саласына қатысты бірқатар түйткілді мәселелер көтеріп, оны шешу жолдарын жан-жақты қарастырып өтті.

2006 жылдың 28 маусымындағы № 593 Қазақстан Республикасының Қаулысымен «Қазақстандық этникааралық және конфессияаралық келісім үлгісін жетілдіру бойынша» арнайы Бағдарлама қабылданған болатын. Әрине, бұл құжат елімізде ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуда және Қазақстан халықтары арасындағы келісім мен татулықты бекіте түсуде ұйымдастырушы, үйлестіруші басты құжат болды десе де болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесінің артуына Елбасының қосқан үлесі зор. Мәселен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне Ассамблеядан 9 депутат сайланды.

2008 жылы 20 қазанда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға қол қойғаны мәлім. 4 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ассамблеяның ХІV сессиясында сөйлеген сөзінде Ассамблея қызметінің басты қағидаларын айқындап берді: Қазақстандағы этностық, конфессиялық, мәдени және тіл ерекшеліктерін; этностардың мәдениеті мен тілдерін дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайлар туралы; сондай-ақ, қазақ ұлтының толеранттылығы мен жауапкершілігін; қазақ этносының ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін; Қазақстан халқының бірлігі екендігін, – нақты көрсеткен болатын.

Жалпы алғанда, ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіру мәселесінде өзіндік жаңа үлгіге ие болған, елімізде татулық пен бірлікті, ынтымақтастықты барынша нығайта түсуде ұйтқы болған – Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі айрықша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет