Лекция тезистері №1 Лекция. Пәнге кіріспе Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері



бет2/20
Дата19.04.2022
өлшемі278,6 Kb.
#31517
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
ҚҚЗТ дәріс кешені 2019 ж

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан­ның қазіргі за­ман та­рихы пәнінің мақсаты мен міндеттері

2. Қазақстан Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектілігін айқындау

3. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері

4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасының талдануы

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.



2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.

3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.

4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.

5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.

2 Лекция. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері

1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай

2. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі

3. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі

4. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі


1. Жаңа кезеңде қазақ буржуазиясы мен ұлттық интеллигенция өкілдері отаршылдыққа қарап күресті басқарды. 1902 жылдардан бастап-ақ патша өкіметі күзетшілері қазақ халқы арасына таратыла басталған, астыртын өкіметке қарсы панисламдық рухтағы үндеулерді ұстай бастады. 1905 жылдың жазында азаттық қозғалысы жаңа сипат ала бастайды. Өлкеде жәрмеңкелердің ашылуына байналысты митингілер ұйымдастырылып, орыс, қазақ газеттері беттерінде саяси мақалалар көріне бастайды.

Қарқаралы қаласы маңындағы Қоянды жәрмеңкесінде 1905 жылы 25 июльде өткізілген Қазақ съезі Министрлер Кеңесінің төрағасына петиция қабылдады. Негізгі талаптар төмендегі пунктерден құралды: орталық губерниялардан шаруаларды шетке қоныстандыруы тоқтату; қазақтарға жеке діни басқарма ұйымдастыру; цензураны жою; қазақ тілінде арнаулы іс-қағаздарын жүргізу; сайланбалы өкілетті соттар жүйесін енгізу; Мемлекеттік Думаны шақыру жобасын жасау кеңесіне қазақ депутаттарын қатынастыру.

Дәл осы уақытта қазақ депутаттары 1905-1906 жылдары Бүкілресейлік мұсылман съездері жұмысына қатысты. Қазақ депутаттарының бірі Шахмардан Қожағұлұлы “Иттифақ-аль-Мусдумин” (“Мұсылмандар Одағы”) партиясының Президиум мүшесі болып сайланды. 1905 жылдан бастап мұсылман баспасөздерінде және орыс оппозициялық баспаларында қазақ авторларының саяси мақалалары шыға бастайды.

1905 жылдың соңында Орал қаласында Бірінші Жалпы — қазақ съезі болып өтті, мұнда қазақтың ұлттық саяси партиясын құру мақсаты алға қойылды. Қазақ партиясы кадет партиясының филиалы ретінде, бірақ өлкенің тұрғылықты халқының мүддесін қорғау негізінде болуы керек делінде. Ұлт-азаттың күрес басында қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері тұрды. Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Бақытжан Қаратай, Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын және т.б.

Қазақ оппозициясының бірігуінен қорыққан патша өкіметі, олардың жетекшілеріне қарсы жазалау, құдалауды күшейтті. 1906ж. қаңтарында Семей қаласында ІІ-жалпы қазақ съезін ұйымдастыруға аттанған Әлихан Бөкейхан тұтқындалды. Осыған қарамастан съезд өзі жұмысын ақпан айында өткізіп, мұның жұмысына 150 делегат қатысты. Съезде ресей кадеттерінің жоспары мақұлданып, мұндағы Қазақстан жерінің қазақ халқының меншігі деп қарастыру, мектептер медреселер ашу заңын қабылдау және шаруаларда жет жерге қоныстандыруды тоқтату талаптары қойылды.

Қазақстанды түпкілікті отарлаудан кейін Ресей оның қазба байлықтарын интенсивті түрде игере басталды. Пайдалы қазба байлықтарын іздеу жедел жүргізіле бастады. Орыс капиталистері өз капиталдарын сала бастады. Әсіресе тау-кен өнеркәсібі игеруге капиталдарын жұмсау күшті жүргізілді. Ауылшаруашылық өнімдерін алғашқы өңдеу заводтарын дамыту одан әрі жүргізілді. Реформадан кейінгі Ресейде капитализмнің дамуы тау-кен өндірісін дамытумен тығыз байланысты болды. Қаржы министрлігіне қарасты тау-кен бөлімдері құрылды.

Алдау-арбау жолдары арқылы және жалған құжаттар арқылы орыс кәсіпкерлері қазақтардан өте бай кен орындарын жалға және сатып алды. Мысалы, ХІХ ғасырдың 50-жылдарында қазақ байлары орыс көпесі Ушаковқа Қарағанды көмір орнын 255 сомға орыс көпесі Ушаковқа, Саранск көмір орнын — 144 сомға, Жезқазған мыс кенін — 100 сомға сатып жіберді. Бұл кен орындарын орыс капиталистері аяусыз және айуандықпен пайдаланды. Бұлардың негізінде Спасско-Воскресенск және Успенск мыс рудниктері құрылды. Бұл өндіріс мекемелерінің өндірістік күші мардымсыз болды.

Тау-кен өнеркәсібі, негізінен, Қазақстанның орталық және шығыс облыстарында шоғырланды. Қазақстанда 80-жылдардың басында металл және көмір өндіру 50-жылдармен салыстырғанда бірнеше рет өсті. Әсіресе бұл өсу Қарағанды кенінде Успенск мыс руднигінде, Спасск мыс қорыту заводында жақсы байқалды. ХІХ ғасырдың соңында-ақ Қазақстан Орал мен Кавказдан кейінгі Ресейдің негізгі мыс өндіру ауданы болды.

Тау-кен өнеркәсібінің пайдалы саласы алтын өндіру болып табылды, әсіресе бұм сала ХІХ ғ. 70-80 жылдарында қатты дамыды. 1882-1892 жылдар аралығында алтын өндіру 13,31 пұттан 23,38 пұтқа дейін өсті. Алтын өндірушілер өздерін уақытша қожайындармыз деп есептеді. Олар аз уақыттың ішінде көбірек пайда табуға ұмтылды. Бай кен орындары тез сарқылды және тасталды.

Қазақстанда орыс капиталы негізінде ірі тау-кен өнеркәсібін құрудың бірінші талпынысы 90-жылдардың соңында болды. 1899 жылы Воскресенск тау-кен өндірісі қоғамы құрылды. Бұл акционерлік қоғам Павлодардан Балқашқа дейінгі тас көмір, мыс, күміс-қорғасын бар зор даланы жалға алды. 90-жылдарға сонымен қатар Ембіде алғашқы мұнай компанияларының пайда болуы келеді.

ХІХ-ғасырдың аяғында ескі тау-кен өнеркәсібін екінші орынға ығыстырған ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу өнеркәсібі де дамыды.

Ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындардың көпшілігі майда болды, техникасы өте нашар дамыды. Бұл кәсіпорындарда, негізінен, жұмысшылар саны 5-10 адамнан аспады. Бірақ кәсіпорындар саны көбейе берді, сонымен бірге мұнда жұмыс жасайтын адам саны да және өнім өндіру де арта түсті. Толық емес есепке қарағанда, 1886 жылы Қазақстан территориясында ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін 1028 шағын кәсіпорын болса, онда 1895 жылы олардың 2124 болды, ал жұмысшылар саны 3432-ден 5493-ке өсті.

ХІХ ғасырдың соңында Қазақстанда өнеркәсіп Орталық Ресейдің капиталистік өнеркәсібіне қарағанда анағұрлым баяу өсті. Қазақстанның ірі кәсіпорындары жергілікті кіші өнеркәсіп негізінде емес, сырттан капитал алып келу негізінде өркендеді. Патшалық отарлау саясаты Қазақстанды шикізат қоры ретінде ғана дамытып, өлкенің өнеркәсібін мәңгілік артта қалуына әкелді. Мұның бәрі техникалық прогресті тежеді, жұмысшыларды ауыр жағдайға душар етті.

ХІХ ғ. аяғында көпшілік қалаларда, деревнялармен ауылдарда көптеген мектептер ашылды, политехникалық және әйелдердің білім алуы жолға қойылды. Көптеген мектептердің жанынды интернаттар ашылды. ХІХ ғ. аяғына қарай Қазақстанда 4 мың оқушысы 100 ден аса екі сыныптық мектептер болды.

Орыс-қазақ мектептерінің неғұрлым қабілетті түлектері Ресей және шетелдердің кадет корпустары мен жоғары оқу орындарына түсіп, білім алды. Омбы және Неплюев кадет корпустары қазақ жастарының қатарынан жергілікті отыршылдық аппарат үшін шенеуніктер даярлады. Көпшілік қазақ жастары Санкт-Петербург университетінде, Әскери-медициналық Академияда, Қазан, Томск университеттерінде және басқа да жоғарғы оқу орындарында оқиды.

Капиталистік Ресейдің сұраныстары ұлттық шеткі аймақтарды анағұрлым терең ғылыми зерттеуді қажет етті. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстан территориясында ғылыми мекемелер мен Ресейдің әр түрлі ғылыми қоғамдарының филиалдары (бөлімшелері) құрылды.

1867 ж. ИРГО-ның Орынбор бөлімі құрылып, ол Қазақстанның батыс және солтүстік бөлігін ғылыми зерттеу бастамасын өз қолына алды. Бөлімнің мақсаты мен міндеттері Орынбор генерал-губернаторының сөзімен айтқанда “орыс капитализмнің мүддесі үшін және жергілікті халықты орыстандыруды көздей отырып өлкенің табиғи байлығын қарқынды түрде пайдалану мақсатымен оның өндіргіш күштерін зерттеу болды. “Алайда орыстандыру саясаты тек Орынбор өлкесін мекен еткен әр түрлі тайпалардың мінез-құлқын, тарихын, қасиеттерін, дінінің кемшіліктері мен намыс-сенімдерін мұқият зерттеген жағдайда ғана нәтижелі болады. Мұндай таным-білімдерсіз әрекет ету қиынға соғады, дәлірек айтқанда тек жорамалдап қана әрекет етуге болады”.

Елдің шығыс аудандарын, ең алдымен Сібір мен Қазақстанды игеру ИРГО-ның Батыс-Сібір бөлімін ашуды қажет етті. Бөлімнің негізгі міндеті Батыс Сібір мен Қазақстанда географиялық, жаратылыстану, тарихи және этнографиялық жағынан зерттеу болды. Бөлімнің жекелеген мүшелерінің сол кезде Батыс Сібірдің құрамына кірген Солтүстік Қазақстанға сапары ерекше маңызды болды.

1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуымен ХІХ ғ. Аяғында Ташкент қаласы елдің ірі ғылыми орталығына айналады. Орта Азия мен Қазақстанды неғұрлым тереңірек зерттеу мақсатымен 1897ж. ақпанда Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімшесі құрылады. Бөлім негізгі міндеттерінің бірі деп Ресейдің жаңа территориясын географиялық жағынан зерттеу деп есептеді. Алайда бөлімнің кейбір мүшелері Орта Азияның табиғи жағдайларын зерттеумен шектелік қалмады. Олар Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның тарихы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы көптеген мақалалар жазды.

2. XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болтан өзгерістер қазақ халқынын рухани өміріне терең әсер етті. Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды. Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. 



Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезең болып табылады.

ХХ ғасыр басындағы дәуір шеңберінде қазақтың алдыңғы қатарлы жастары оқу-білімге көптеп, шын ынтамен ағылып келе бастады. Олар сол кезеңдегі Ресейдегі өнеркәсіп, ғылым мен мәдениеттің көрнекті орталықтары Санкт-Петербургте, Мәскеуде, Казанда, т.б. қалаларда орта және жоғары оқу орындарында оқып білім шыңдады.
Сонымен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің бір ғана Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыған. Б. Қаратай, Б. Құлман, Б. Сыртанұлы, А. Тұрлыбайұлы, М. Шоқай, Ж. Ақбайұлы және басқалар. Сондай-ақ, Мәскеу мен Санкт-Петербургтың басқа жоғары оқу орындарын Ә. Бөкейхан, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышпайұлы сияқты қазақ жастары бітірген. Яғни, қазақ зиялыларының басым көпшілігі Ресейдің бас қалаларында және сол сияқты Қазақстанмен көршілес Омбы, Том, Орынбор, Ташкент, Саратов, т.б. қалаларында оқып, алғашқы саяси әрекеттерге сол жерлерде араласып, қоғамдық-саяси көзқарастарын қалыптастыра бастады. Оқып-тоқып, қоғамдық сана-сезімі байи түскен ХХ ғасыр басындағы қазақ жастары қай жерде жүрсе де, қай салада еңбек етсе де туған халқының тағдыры туралы ойлануды бір сәт те ұмытқан жоқ. Қазақ халқының Ресей патшасы үкіметінің тұсындағы әлеуметтік-саяси саладағы теңсіздік жағдайын танып- білген сайын іштей де, сырттай да шешуші қадамдар жасауға бекініс жасап отырды. Ол үшін қазақ халқының Ресей қоғамында өзге халықтармен қай салада да тең орын алуына жетісуі өте-мөте қажет деп бекінетін ілгергі лектегі қазақ жастары. Ал бұл мақсатқа жету үшін байтақ қазақ жерін мекен еткен қандастарымыздың қоғамдық сана-сезімін оятып, оларды әлеуметтік міндеттерді (жер-су дауы, т.б.) шешуден гөрі біртіндеп болса да саяси күрестерге шыңдау қажет деген қорытындыға тоқтады.

Қазақ халқының орта ғасырлық мешеуліктен жаңа заманның көшіне еріп, өркениетті елдермен терезесі теңесуі үшін оқу-өнердің ауадай қажеттігін санасына сіңіру – кезек күттірмес міндет ретінде күн тәртібіне қойылды. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетін саяси мінбеге айналдырып, ұлт зиялылары халқына дәріс берді. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы сынды саяси-рухани көсем тұлғалардың отты мақалаларынан күш алып, жігерін жаныды.

Сол тұстағы қазақ зиялыларының көпшілігі жоғары оқу орындарының заң факультетін бітіріп, құқ туралы терең білім алу арқылы жерін, елін заңсыздықтан қорғамақшы болды. Ал бұл тұста қазақ даласында зорлық-зомбылық күшті белең алып тұрды. Қазақтың жер қайыстырған малы мен тасыған дәулеті оның көбеюіне себепші болған құнарлы жері ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Қараңғы халық заңсыздықтан азап шекті. Осындай жағдайда заңды білуге ұмтылу жұрттың алдына қойған үлкен арман- мақсат болды.

3. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):

Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).

Антанта (Англия, Франция, Россия).

Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

Соғыстың себептері:

Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.

Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.

Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.

Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:

1. 40899244 пут мақта 

2. 38 мың шаршы аршын киіз 

3. 3 млн. пут мақта майы 

4. 229 мың пут сабын 

5. 300 мың пут ет 

6. 473928 пут балық 

7. 70 мың жылқы 

8. 12797 түйе алынды 

9. 14 мың киіз үй салынды

Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.

Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.

Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.

4. Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. 

Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды.

Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. 

Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді.

Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған "Алаш" партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет