Лекция тезистері №1 Лекция. Пәнге кіріспе Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері



бет5/20
Дата19.04.2022
өлшемі278,6 Kb.
#31517
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
ҚҚЗТ дәріс кешені 2019 ж

Бақылау сұрақтары:

1. Ресей халықтарының құқы Декларациясы (15 қараша 1917 ж.) жариялануы.

2. Қоқан қаласында Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) үкіметінің құрылуы. 

3. Мұсылман бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес.

4. Қазақстандағы аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресі

Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.



2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.

3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.

4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.

5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.

4 Лекция. Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы

1. Ф.И.Голощекиннің  «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны

2. Сталиндік «үлкен»  қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары

3. Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы

4. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтары


1. Голощекин Қазақстанға бірінші басшы болып келісімен қазақ ауылының экономикалық-әлеуметтік жағдайымен атүсті танысып, Қазақстанда қазан төңкерісі жүргізілмеген екен деген қорытындыға келеді. Ол Қазақстанда қазан төңкерісі болмағанын қазақ байларының тап ретінде жойыла қоймағанымен, партия, кеңес орындарына ескі интеллигенция өкілдерінің молынан орналасқанымен, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани өміріне қазан төңкерісінен соң таптық, партиялық принциптерге сай басқа да өзгерістер жүзеге аспай отырғанымен дәлелдемек болады.

Таптық, партиялық деп отырғаны практикада социализм принциптерін күш қолдану арқылы жүзеге асыру деген мағына береді. Голощекиннің бұл әрекеті тарихта “кіші қазан” саясаты деп аталды. “Кіші қазан” саясатына сай Қазақстанда қазақ байларын тәркілеу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, ұжымдастырған шаруашылықты отырықшыландыру тәрізді шаралар социалистік жолмен немесе күшпен, әкімшілік әдіспен жүргізіліп, қазақ халқына аса ауыр зардап әкелгені белгілі.

1928 жылы қыркүйектің 20-нан тәркілеу науқаны басталып кетті. Қазақ байларын тәркілеуден бұрын Қазақстанның Орталық Атқару Комитеті мен Комиссарлар Кеңесі Мемлекеттік саяси басқарма мен мемлекеттік жоспарлау комитетінің жинаған мәліметіне сүйеніп, бүкіл Қазақстан бойынша 700 шаруашылық тәркілеу туралы тізім жасаған.

Тәркілеуге тиісті байлар әртүрлі әрекеттер жасап, тәркілеуден құтылуға тырысты. Олар мал-мүлкін туыстарына бөліп берді, балаларына еншіге берді, сөйтіп қаулыда көрсетілген мөлшерден малдың санын азайтуды көздеді. Үй ішім аман болсын деп бәйбішелерімен, тоқалдарымен ажырасты.

Сөйтіп қазақ байларын тәркілеу науқаны 1928 жылы қыркүйектен басталып 1929 жылдың сәуір айына дейін 7 ай бойы жүргізілді.

Жаңа экономикалық саясаттың негізінде республикада кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. 1927 жылдың 1 қазанында Қазақ АКСР-дағы кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% -ын қамтыды. Бұл кезде 1074 тұтынушылар одағы жұмыс істеді, оның 312-і ауылда орналасты, қазақ даласының түкпірінде 140 факторий құрылды. Сондай-ақ қазақ шаруалары 10725 ұжымдық шаруашылықтарға, оның ішінде 101 коммунаға, 77 артельге, 290 жерді бірлесіп өндейтін серіктестікке (ТОЗ) ұйымдасты.

Қоғамның прогрессивті дамуына алғы шарттар жасаған жаңа экономикалық саясат жасанды түрде тежеліп, оның орнына ұзақ та азапты жылдарға созылған большевиктердің күштеу саясаты орнықты. Бұл экономика саласында бәрінен бұрын индустрияландыру және ұжымдастыру саясатынан көрініс тапты. Большевиктердің 20-30 жылдардағы елдің халық шаруашылығындағы осынау шаралары бір-бірімен тығыз байланысты сабақтас құбылыстар, басқаша айтқанда, ұжысдастыру индустрияландыруды жүзеге асырудың қайнар көзі ретінде дүниеге келді. Ендеше индустрияландыруды (ауыр индустрия мен қауіпсіздік өнеркәсібін дамытуды) қарқынды жүргізу үшін қорлану, яғни қаржы мәселесін шешу қажет болды. Әкімшілік тәсілімен жоғарыдан жүргізілген шараларды төмен бағамен астығынан және басқа өнісдерінен айыру жолы табысқа жетпеді; бұл астық дайындауды дағдарысқа ұшыратып ғана қойған жоқ, сондай-ақ ауыл тұрғындарының қарсылығын тудырды. Бұдан шығудың қарапайым жолы нанды «сыға беру» арқылы алатын ұжымшарларды ұйымдастыру болып табылды. Сөйтіп, Кеңес жүйесі көшпенділерді олардың мал шаруашылығы мүддесіне түбірінен қайшы келетін отырықшылыққа көшірді және екі міндеттің тез арада шешілуіне қол жеткізді. 1-ден, астық өндірісіне жаңа жерлер (жайылымдар есебінен) «босатылды» және 2-ден, жұмыс мәселесі күн тәртібінен алынды, яғни кешегі көшпенділер егіншілер қатарына еніп, жерді өздері жыртып, сеуіп, оның өнімін жинады. Ендеше ең басты нәрсе-оларды ұжымшарларға қуып кіргізу болып есептелді. Сонымен, 1927 жылдан бастап ұжымдастыру шарасы басталды.

Қазақстанда ұжымдастыру саясатын жүргізу барысында ірі қателіктердің жіберілуі 1931-1933 жж. Қазақстан қасіретіне әкеліп соқты.

«Асыра сілтеу болмасын-аша тұяқ қалмасын!» ұранымен жүргізілген алапат саясат 1929 жылы елдегі азық-түлік қиындықтарына байланысты ауыл-шаруашылық өнімдерін дайындауға «соғыс коммунизмі» жылдарындағыдай төтенше сипат берілуі, ұжымдастырудағы жіберілген бұрмалаушылықтар Қазақстанда халық наразылығын туғызды. 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 көтеріліс болып, оған 80 мыңға жуық адам қатысты. Созақ. Шемонаиха, Ырғыз, Қазалы, Бұқтарма, Қармақшы, Шыңғыстау, Абралы, Бүйен-Ақсу, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. аудандардағы шаруалар көтерілістері тұрақты әскер көмегімен аяусыз жазаланып басылды. Осы жылдары ірі көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін 5551 адам тұтқынға алынып, оның 883-і атылды.

2. Кеңес мемлектінің жазалауға арналған жүйесінің тарихындағы, осы уақытқа дейін лайықты түрде зерттелмеген қасіретті парағын КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 7 сәуірдегі «Еңбекпен түзеу лагерьлері туралы» ережені бекіту жөніндегі қаулысы ашады. Осы қаулыны қабылдау әміршілдік-төрешілдік басқару әдістерін бекітумен, соның ішінде елдің қоғамдық-саяси және халық шаруашылығы тыныс-тіршілігінің барлық салаларында қисынсыз қуғын-сүргін тетігін кеңінен пайдаланумен сабақтасады. 1922 жылы КСРО ХКК жанынан біртұтас қоғамдық орган-Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (БМСБ-ОГПУ) құрылды.

ОГПУ-дың тікелей күш-жігерімен Соловецкий лагері, ГУЛАГ-тың (Лагерьлер Бас басқармасы) болашақ бөлімшелерінің үлгісі құрылған еді.

Лагерді Солтүстікте, Оралда, Қиыр Шығыс пен Орта Азияда ұйымдастыру көзделді. 1930-1930 жылдар арасында бірқатар лагерьлер, Беломор-Балтық (канал құрылысы), Темниковский (ағаш дайындау), Қарағанды (ауыл шаруашылығы өндірісі), Вишерский (ағаш дайындау және целлюлоз-қағаз комбинатын салумен) және Қиыр Шығыс лагерьлері ұйымдастырылды. Олардың әрқайсысы нақты шаруашылық міндетті шешу үшін құрылды. Кейінгі жылдары Дмитровский, Сібір, Дальстрой, Свирский және т.б. лагерьлер қосылды. Жалпы еңбекпен түзеу Бас басқармасы мен НКВД (КСРО ІІМ) колониялары кезінде Кеңес Одағында 63 лагерь болды, онда қамалғандардың саны 2 199 535 адамға дейін жетті.

Кең ауқымдағы өнеркәсіп құрылысы, соғыстан бұрынғы жылдарда табиғи байлықтар мен жаңа кен орындарын игеру арзан жұмыс күшін ұлғайтуды қажет етті. Тоталитарлық режимнің жазалау саясатының күшеюіне байланысты Солтүстікте, Оралда, Қиыр Шығыста, Сібірде, Орта Азияда және КСРО-ның басқа да аймақтарында еңбекпен түзеу лагерьлерінің желісі кеңейді. Егер 1940 жылы КСРО НКВД Лагерьлерінің Бас басқармасы (ГУЛАГ) 53 лагерьді қамтыса, ал 1947 жылы оның саны-56, 1954-61-ге жетті. Қамалғандардың саны да арта түсті: 1939 жылы-179 мың, 1940 жылы-1 млн 344,4 мың, 1950 жылы-1 млн 416,3 мың, 1953 жылы-1 млн 727,9 мың адам болды. Әрі қылмыстық кодекстің 58-бабы бойынша сотталған тұтқындардың саны 15-тен 20 пайызға дейін ауытқып отырды.

Қазақстан аумағында 1931 жылы Қарағанды лагері (Карлаг) болды. Әр жылдары саяси айыппен қуғындалған мыңдаған тұтқындар ГУЛАГ-тың осы алып лагері арқылы өтті. Қазақстан аумағында бұдан басқа Степной, Песчаный, Луговой, Дальний деп аталатын лагерьлер де жұмыс істеді. Ақмола облысының аумағында АЛЖИР-Отанын сатқан опасыздар әйелдерінің Ақмола лагері ашылды.

Аталғандардың арасында КСРО НКВД Қарағанды еңбекпен түзеу лагері (Карлаг) маңызды орын алды. Карлаг басқармасы НКВД лагерінің Бас басқармасына ғана бағынатын еді және оның құрамы Әкімшілік шаруашылық; есепке алу-бөлу; бақылау-жоспарлау; мәдени-тәрбие; кадрлар жабдықтау, сауда, қаржы, көлік бөлімдерінен тұрды.

АЛЖИР лагері 30 мың га жерді Есіл мен Нұра өзендерінің аралығын алып жатты. Су шыққанға дейін 40 метрге дейінгі тереңдікте шурфтарды бұрғылау керек болатын. Лагерьде ер кісілер жоқтың қасы еді, сондықтан барлық ауыртпалық тұтқын әйелдердің иығына түсті.

Лагерьдің Балқаш деп аталатын үлкен бөлімшесі болды, онда тұтқындар Балқаш кен-металлургия комбинатын және Балқаш мыс қорыту зауытын тұрғызды. Мұнда 900-ға дейін адам тұтқында болды.

Спасск бөлімшесі, кейінірек Спасск ерекше лагеріне айналды, онда негізінен мүгедектерді аппаратын еді. Спасскіні тұтқындар «ажал аңғары» деп атады.

Карлагта «халық жаулары» ретінде жазаларын өтеген ауыл шаруашылығының белгілі мамандары мен агроғалымдардың үлкен тобы жұмыс істеді. Сондықтан өзі жұмыс істеген уақытында Қарлаг аса ірі ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығына айналып, оның жетістіктері КСРО-ның бірқатар өлкелерінде, облыстары мен республикаларында пайдаланылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы лагерь өміріне де өзгерістер енгізді: өнеркәсіп жұмысшылары сияқты, еңбекпен түзеу лагерінің тұтқындары үздіксіз жұмыс аптасына көшірілді. Соғыстың басталуына байланысты басқа лагерлерьдің басшылары сияқты Карлаг басшылығы да ГУЛАГ-тан және КСРО НКВД-дан тұтқындарды оқшаулау, күзетті күшейту, репродукторларды пайдалану мен газет таратуларды шектеу, туған-туыстарымен жолығуды, хат-хабар алмасуды және оларға ақша салуды тоқтату, жұмыс күнін 10 сағатқа дейін ұзарту және өндірістік жоспарды 20 пайызға ұлғайту, тұтқындардың кейбір категорияларын босатуға тыйым салу, тұтқындардың ерекше құрамын арнайы лагерь орындарына жинақтау туралы бірқатар нұсқаулар алды.

1948 жылы 16 наурызда ІІМ, МКК және КСРО Бас прокурорының бірлескен «Аса қауіпті мемлекеттік қылмыскерлерді ұстау үшін ерекше лагерьлер мен мен түрмелер ұйымдастыру және оларды жазалау мерзімін өтегеннен кейін жер аударуға ІІМ органдарының қадағалауына жіберу туралы» шешім қабылданды. КСРО ІІМ-ге сотталғандардың осы көрсетілген категорияларын 8 айдың ішінде ерекше лагерлер мен түрмелерге жіберу міндеті жүктелді. Бұл категорияларға тыңшылық (шпионаж), диверсия (қаскүнемдік), терроршылдық (лаңкестік) әрекеті үшін сотталғандар, троцкийшілдер, оңшылдар, меньшевиктер, эсерлер, анархистер, ұлтшылдар, ақ эмигранттар және басқа да антисоветтік ұйымдарға қатыушылар жатқызылды. Бұрыннан бар лагерьлердің негізінде бес ерекше лагерь құрылды:

№ 1. Минеральный (Коми АКСР-і), № 2 Горный (Норильск қаласы), № 3 Дубравный (Мордва АКСР-і), № 4 Степной (Қазақ АКСР-і) және № 5 Береговой (Магадан). Бұйрық бойынша солардың әрқайсысына қамалатын адам саны 25 мыңнан аспауы тиіс деп көрсетілді.

Карлаг 26 әкімшілік-шаруашылықтан құралды (бөлімшелер, дербес лагерь орындары), олардың құрамына 169 ұсақ өндірістік бөлімшелер кірді (учаскелер, фермалар).

Қарағанды қаласын заңды түрде Карлагтың астанасы әрі Карлагтың перзенті деуге болады. Оны тұтқындар тұрғызды. Карлаг-Отан тарихының ұмытылмас бір бөлігі. Үйінді төбешік болып қалған молалар, үрей шақыратын лагерь орындары қаншама адамның ауыр бейнет, төзбес тауқымет тарта жүріп, артына із қалдырғанын да еске салады. Небір қалалар мен зауыттар тұтқындар күшімен бой көтерді. Соның бірі-Қарағанды қаласы. Карлаг тұтқындары өздері туралы естелік етіп, кеңшарларға айналған бай шаруашылықтарды қалдырды. Егер лагерьде бір мезгілде 73 500-ге дейін тұтқындар ұсталса, онда азаптан, аштықтан, аурудан, аса ауыр бейнеттен өлген адамдардың қаншасына осы жерден топырақ бұйырғанын есептеп шығару қиын емес.

3. 1941 жылы маусым айының 22-де Германия бастаған соғысы барлық Кеңес халықтар сыяқты Қазақстандықтардыңда тыныштығын бүзды. Соғыстың бірінші күнінен Қазақстанда әскери бөлімдер құрыла бастады. Алғашқылардан болып Панфилов қолбасшылығындағы 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Республикада барлық сала әскери жолға қайта құрылды. Ол кездегі негізгі үран: «Барлығы жеңіс үшін, барлығы майдан үшін» болды.

Қазақстандықтар Москва маңындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. Сталинград, Курск шайқастарында қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсена қатысты. Украина мен Белорусь партизан отрядтарында 3000 –дан ортық қазақстандықтар болған. Берлин үшін болған соғыста, Рейхстагқа жеңіс туын тігуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқада қазақстандықтар қатысқан. Европа антифашистік қозғалыстарында және Берлин үшін болған қырғын шайқаста қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 млн. 200 мың қазақстандықтар шақырылған. Қазақстанда жасақталған әскери бөлімшелердың ішінен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшіл деген құрметті атақ алды. Көрсеткен ерлігі үшін 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінде қазақ халқының данқты қыздары Мәншүк Мәмедова, Әлия Молдағұловалар, екі рет Кеңес Одағы Батыры болған Т.Ж.Бигельдинов, С.Луганский, Н. Беда, И. Павлов және атақты командир, Кеңес Одағы Батыры атағы ең соғы болып 1990 жылы берілген Бауыржан Момышұлы болды. Майдандағы ерлігі үшін 97 мың қазақстандықтар ордендермен, медалдармен марапатталды.

ҰОС-ы майдандарын және мемлекеттің орталық аудандарын қамтамасыз етуде қазақстандықтар өз үлесін қосты.

КСРО-нің батыс аймақтарын, соның ішінде бірқатар астық өндіретін аудандарын немістер басып алған жағдайда Қазақстан елдің астықты аудандарының біріне айналды. 1942 жылда Қазақстаннің егіс алаңы 1940 жылдағыдан 1 мпн. гектарға артты. Ыбрай Жақаев, Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Анна Дацкова сыяқты еңбек ерлері шықты.



Республикада соғыстың алғашқы күнінен мемлекет қорғаныс қорына қаржы жинау басталды. Жұмысшылар мен қызметшылар жексенбіліктер ұйымдастырып, тапқан қаржысын қорғаныс қорына аударып отырды. Бұл қорға Қазақстандықтар өз жеке қаржыларынан 1 млрд. сом қаржы жинаған. Республика еңбекшілері «Қазақстан колхозшысы», «Қазақстан комсомолы» т.б. танк бірлеспелерін , самолеттар құруға қаржы фонддарын құрды, оған 723 млн. сом жинаған.

Атақты балуан Қажымұқан Мұнайтпасов өзінің жираған ақсасына әскери самолет дайындатып, майданға жіберген.1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Осы тұста өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде 238, 310, 314, 387 және 391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде не бары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді.Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, К. Иманқүлов, Е. Качанов, т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына қатысты. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. /Б. Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді/. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді. Дубосеково разъезі түбінде 28-панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: "Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!"- деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер - орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар - 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Аманкелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған басқа да әскери құрамалар қатысты.

Гитлершіл басқыншылардың Мәскеу түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді. Гитлердің қауырт соғыс жоспары біржолата күйреп, неміс-фашист армиясының жеңілмейтіндігі жөніндегі аңыз адыра қалды.

Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең болды. Бұл сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда жасақталған 38-атқыштар дивизиясы бар еді. Ол әр кезде 62-армия /қолбасшысы В. И. Чуйков/, 57-армия /қолбасшысы Ф. И. Толбухин/, сондай-ақ Сталинград үшін болған шайқастың негізгі ауыртпалығын көтерген 64-армияның /қолбасшысы М. С. Шумилов/ құрамында соғысты.

Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жан қиярлықпен соғысты. Ленинград қоршауындағы әскери бөлімдерде қызмет еткен жауынгерлердің арасында Д. Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бекітілген аэростат командирі С. Жылқышиевтің есімдері мақтанышпен аталып жүрді. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес даңққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау солдаттары әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тістерін сындырып, құлағын кесті. Осындай азапта жау офицерінің бетіне түкіріп, қайсарлық пен қаһармандық үлгісін көрсеткен А. Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып өртеп жіберді. Батыр жігіт жау алдында сес бермей, өмірден өтті. Елге оның ерлігі туралы хабар майдангер жазушы Павел Кузнецовтың очерктері арқылы жетті.

Қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, капитан Н. Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыш Нүркен Әбдіров, жаудың пулеметтен оқ шашып тұрған дзотының аузын өз кеудесімен жапқан Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды.

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдавияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуге ат салысты. Қазақстандық жауынгерлер Берлинді алуға қатысты. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті.

Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық қүрамалары мен отрядтарында - 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г. Ахмедьяров, Ғ. Омаров, В. Шаруда, Қ. Қайсенов, Ә. Шәріпов, Ә. Жанкелдин, Ж. Саин, т. б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр.

Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Солардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары - Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Мәметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы үшқыштар Т. Бегилдинов, Л. И. Беда, И. Ф. Павлов, С. Д. Дуганскийге екі реттен берілді. 110 қазақстандықтар Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.

Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді.

Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті.

Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Қазақстанды майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери-өнеркәсіп ошағына айналдырды. Мұның өзі жалпы одақтық экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан көшіріліп келген 220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару артты. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді.

1941 жылы темір жолда әскери жағдай енгізіліп, әскер тәртібіне көшу темір жол арқылы жүк, шикізат тасуды жақсартты. Ескі жолдарда поездардың өтуі жиіледі. Ақмола-Қарталы жол бөлігі іске қосылды. Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар теміржолшылардың 35 процентін қамтыды.

1944 жылы Текелідегі қорғасын-мыс комбинатының бірінші кезегі, Өскемен мыс зауыты іске қосылды. Республикада қара металлургия, мұнай өңдеу өнеркәсібі қалыптасты. Ертісте халықтық құрылыс Өскемен ГЭС-І салынып бітті.

Бұл жылдарда Қарағанды көміршілері Сібір, Орал, Поволжье өнеркәсіп аудандарын жоғары сапалы кокстелген көмірмен жабдықтап тұрды. Жер астында жұмыс iстеген лавалардың саны 1941-1945 жылдары 63-тен 158-ге дейін өсті. 19 жаңа шахта мен 3 көмiр разрезі іске қосылды. Шын мәнінде тағы бiр жер асты Қарағандысы пайда болды. Соғыс жылдары Қарағанды көмір алқабында 34 млн. тонна көмір шығарылды, бұл соғысқа дейінгі бассейнде шығарылған көмірден 3 млн. тонна артық деген сөз. Мұнай кәсіпшілігінің қуаты артты. Қошқар, Комсомольск, Жолдыбай мұнайшылығы іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2472,2 мың тонна сапалы мұнай өндірді. 1941 жылғы қаңтардан 1945 жылға қаңтарға дейінгі аралықта Қазақстанның электр энергиясын өндірудегі Одақ бойынша үлес салмағы 1,31-ден 2,67 пайызға дейін өсті. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және басқа өндірістер салынды. Өнеркәсіптің өсу қарқыны артуы нәтижесінде оның республикадағы халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан 1945 жылы 66 пайызға дейін өсті. Темір жолдың ұзындығы 1940 жылғы 6581 шақырымнан 8400 шақырымға дейін жетті. Руда мен мұнай өнімдерін тасымалдау 4 есе, көмір мен қара металды тасымалдау екі есе артты. Қазақстан өнеркәсібінің соғыс жылдарындағы Жеңіске қосқан үлесі Кеңес халқының ауыр күндердегі сүйеніш, тірегі болғандығын қазақ халқы орынды мақтан етеді.

Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Село еңбеккерлеріне көмекке қала тұрғындары келді. Республиканың колхоз-совхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау басып алған аудандардан көшіп келген шаруалар еңбекте ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі - Батыс Қазақстан облысының Теректі МТС-інде істеген Украинаның атақты тракторшысы Паша Ангелинаның бригадасы. Оның берекелі бастамасы мен тәжірибесі жергілікті механизаторлар тарапынан қызу қолдау тапты. Украинаның даңкты кызылшасысы М. С. Демченко Жамбыл облысы Талас өңірінде қант қызылшасын өңдеу әдістерін өндіріске енгізуде шынайы шеберлік танытты.

Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері - Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер - Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы, Нүрке Алпысбаеваларды және т.б. орынды мақтан етті.

Мал шарушылығы өнімдерін өндіру мен қоғамдық мал басының өсу жоспарлары ойдағыдай орындалып отырды. Қоғамдық мал басы Республикада соғыс жылдарында 3 млн. басқа жуық өсті. Қазақстанның колхоздары мен совхоздары бұл тұста соғыстан бұрынғы бес жылмен салыстырғанда астықты - 30,8 млн. пұт, етті - 15,8 млн. пұт, картоп пен жемісті - 14,4 млн. пұт, сүтті - 3194 мың центнер, жүнді - 17,7 мың центнер артық берді. 1944 жылы Бүкілодақтық еңбек жарысында мал шаруашылығын өркендетудегі орасан зор табыстары үшін Батыс Қазақстан облысының Жаңақала, Гурьев облысының Қызылқоға аудандары КСРО Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. Жалпы соғыс кезінде Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парыздарын айтарлықтай өтеді. 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Жауды жеңуге республиканың оқыған зиялылары да өздерінің үлкен үлесін қосты. Олардың қатары еліміздің батыс аудандарынан уақытша көшіп келіп паналаған ғалым, жазушы, әртіс, ұстаз, дәрігерлермен т. б. толықтырылды.

Еліміздің шығыс аудандары мен Қазақстанның халық шаруашылығының түбегейлі мәселелерін зерттеп, соның негізінде жасалынған ұсыныстарды іске асыруға академик В. Л. Комаров бастаған КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі Президумының төрағасы, көрнекті ғалым Қ. И. Сәтбаев басқарған республиканың жүзден аса ғалымдары қатысты. Олар қазба байлықтың көптеген жаңа орындарын ашты, олардың майдан мүддесі үшiн тез игерілуіне үлес қосты.

Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлылықпен еңбек етті. Соның арқасында емханаларда емделуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астамы қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941 ж. дейінгі 20 жоғары оқу орнына жаңадан төртеуі қосылды. Оларда оқитын студенттердің саны 10,4 мыңнан 15 мыңға дейін өсті.

Осындай қиын-қыстау күндерде қазақ совет әдебиетін дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Соғыс кезінде А. Толстой айтқандай, кеңес поэзиясының алыбы Жамбылдың өлеңдері Отан қорғауға шақырған қаһарлы дабыл іспеттес болды. Оның "Ленинградтық өрендерім" атты өлеңінің өнегелік те, тәрбиелік те мәні зор еді. Майдангер ақын Қ. Аманжолов "Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысымын" деп орынды айтты. Н. Тихонов айтқандай, оның "Абдолла" поэмасы қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналды. Партизан шоғырының комиссары Ж. С. Саинның шығармаларын есімі естен кетпейтін Назым Хикмет "Кеңес Одағының барлық халықтарының мызғымас достығының белгісі" деп атады. М. Әуезовтің соғыс кезінде "Абай" эпопеясының бірінші кітабын жазуы қазақ әдебиетінің әлемдік аренаға шығуына жол салды. Қазақ әдебиетімен бірге қазақ өнері де дамыды. Соғыстың алғашқы үш жылы ішінде Қазақстан өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған ұжымдарда 20 мың спектакль мен концерттер көрсетті, олардың ішінде мыңнан астам концерт майдан шебінде берілді.

Республика еңбекшілері өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млрд. сом ақша берді. Сонымен қатар олар майдангерлерге 2 млн.-нан аса жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. Республика еңбекшілерінің өздерінің жеке қаражаттарына "Қазақстан комсомолы", "Түрксибші", "Қарағанды шахтері", "Қазақстан мұнайшысы", "Қазақстан металлургі", "Қазақстан пионері" атты авиаэскадриялар жасақталды. Ол үшін 480 млн. сом қаржы жиналды.

Республика еңбекшілері Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербург) қорғаушыларға 400 вагон сыйлық жөнелтіп, жаудан тазартылған аудандардан көмегін аяған жоқ. Орел облысын қамқорлыққа алып, оларға 200 вагоннан аса жабдық, ауыл шаруашылығы машиналарын, азық-түлік, тұрмыстық заттар және 100 мың бас мал жөнелтті. Осындай көмек Украина мен Белоруссияға, Солтүстік Кавказға және Ленинград, Курск, Калинин облыстарына көрсетілді.

Мұның барлығы майдан мен тылдың бірлігін, халықтар достығын нығайтуға үлкен әсерін тигізді. Қазақстан еңбеккерлерінің майданға көмегі қызыл әскерлердің жағдайын жақсартып, олардың жауынгерлік рухын көтерді, Қызыл Армия бөлімдерінің жауды талқандау үшін мүмкін болған нәрсенің бәрін істеуге жігерлендірді. Сөйтіп, Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ Кеңестер Одағы арсеналдарының біріне айналды, оның экономикалық тіректерінің бірі болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет