Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет12/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Бақылау сұрақтары:
1.Уәждеме ұғымы туралы түсінік және оның зерттелуі
2.Атау және уәжділік мәселесі, уәжділік түрлері
3.Туынды атаудың уәжділігі
4.Тіл біліміндегі уәждеме ұғымы мен сөзжасамның байланысы
5.Тіл біліміндегі сөзжасамдық уәждеме
6.Туынды сөз уәждемесінің үш тұрғыда қарастырылуы
7.Туынды сөз семантикасындағы уәжділік, оның түрлері (тура уәжділік,жартылай уәжділік,көмескі уәжділік)
Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.1989.

  2. Қасым Б. Сөзжасам; Семантика, уәждеме. А., 2003.

  3. Оралбаева Н. Қазақ тілінің семантикасы. А. 2002.

  4. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. А. 1991.

  5. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. А. 2008.

  6. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. А. 2003, 2007.

  7. Салқынбай А. Қазақ сөзі: тектілігі мен уәжділігі. А.,2010

9 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам тәсілдері. Фонетикалық сөзжасам тәсілі
Жоспар:

  1. Сөзжасам тәсілдері және оның түрлері

  2. Фонетикалық сөзжасам тәсілі

  3. Фонетикалық сөзжасамның тарихилығы

  4. Дауысты дыбыстар арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар

5.Дауыссыз дыбыстар арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар
Лекцияның мақсаты: Сөзжасам тәсілдерін, фонетикалық сөзжасам тәсілін түсіндіру
Лекцияның мазмұны: Әлем бейнесінің тілдегі көрінісі туынды сөздер арқылы мол таңбаланған. Қазіргі қолданыста жүрген әдеби тілімізден туынды емес сөз табудың өзі қиын. Тіпті бір буынды атаулардьщ өзі, түптеп келгенде, әуелгі мағынасынан дамыған, жіктелген, семантикалық дамуға түскен тұлғалар санатында.
Тіл-тілдегі туынды сөздер жасалуының әмбебаптық сипаты болады. Әлемдік тілдердің морфологиялық жүйелеу тұрғысынан төрт топқа: 1) аморфты (қытай, бамана т.б.); 2) жалғамалы (түркі тілдері, банту, корей т.б.); 3) полисинтетикалық (чукот-камшат, америка үндістері тілдері т.б.); 4) флективті (славян, балтық) болып бөлінетіні белгілі. Осы типологиялық бөлініс атаудың жасалу тәсілімен де тікелей байланысты. Тіл-тілдегі сөз жасаудың негізгі тәсілдерін жүйелегенде де осындай типологиялық жүйе шығар еді. Яғни қытай, бамана т.б сияқты аморфты тілдерде түбірлердің косылуы арқылы жаңатуынды сөз жасалса, жалғамалы тілдерде суффикстік тәсіл негізгі сөзжасамдық тәсіл ретінде, флективті тілдерде флексия сөз жасаудың негізгі тәсілі ретінде танылады. Дегенмен, тіл-тілде атау жасау жолдары тек осы үлгімен ғана жасалады деген үғым болмаса керек. Қай тілде болса да, негізгі сөз тудыру тәсілінен басқа да тілдік тәсілдер кездеседі.
Айталық, орыс тіл білімінде аффиксация (префиксация, суффиксация), сөздердің тіркесуі, конверсия, қысқарған сөздер т.б. сөзжасамдық тәсілдер арқылы туынды сөз жасалады деп көрсетіледі (ЛЭС, 1990, 467-6.). Осындай сөзжасамдық тәсілдің түрлерін (мүмкін тарихи ізін) кез келген тілден табуға болады. Демек, сөзжасамдық тәсілдің барлық тілдерде кездесуі оның жалпылық, әмбебаптықсипатын танытса керек.
Түркологияда қалыптасқан ғылыми-теориялық тұжырымдарға сүйене отырып (А.А.Юлдашев, А.Н.Кононов, Б.О.Орузбаева, Э.В.Севортян, А.Г.Гулямов, Ф.А.Ганиев, Г.М.Гарипов, М.А.Хабичев т.б.) қазақ тілінде тарихи қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдің мынадай түрлері бар екенін анықтауға болады: фонетика-семантикалық; семантикалық; синтетика-семантикалық; аналитика-семантикалық.
Сөзжасамдық тәсілдердің бұлайша бөлінуі тілдің ішкі кұрылымымен, ішкі табиғатымен байланысты. Сөздіктердегі туынды сөздерді тізбелеп, қандай тәсіл арқылы жасалғанын ғылыми тұрғыдан саралағанда, жоғарыда көрсетілген тәсілдер арқылы жасалған атаулардың мол ұшырасатынын анықтауға болады.
Сөзжасамдық тәсілдерді фонетика-семантикалық, синтетика-семантикалық, аналитика-семантикалық деп атаудың өзіндік мәні бар. Ерекше мағыналы атау жасалғанда түлғаның сыртқы түлғасы да, ішкі мағынасы да өзгереді. Синтетикалық, фонетикалық, аналитикалық терминдері арқылы оның сыртқы дыбыстық жамылғышының өзгеру сипаты анықталса, симантикалық термині негізінде туынды сөздің мағыналық құрылымы өзгергені байқалады. Яғни сөзжасамдық тәсілдер атаудың сыртқы жамылғышын да, ішкі мағынасын да өзгертіп, екіншілік мағынадағы туынды сөздерді туғызады.
Фонетика-семантикалық тәсіл. Әлем бейнесінің танылуы, таңбалануы тарихи күрделі процесс. Болмыстағы танылған белгі мен қасиеттерді таңбалауда дыбыстардың сәйкесуі де тілдің тарихи дамуында мол пайдаланылған. Тілдің ішкі даму жолында сөзжасамдык мағына қалыптастырып, жаңа мағына туғызуда сәйкес дыбыстардың жікгелуі де маңызды рөл атқарған. Бұл жөнінде түркітану ғылымында айтылған тұжырымды ойлар бар (В.Томсен, В.Банг, Ж.Дени, В.В.Радлов, К.Гренбек, К.Г.Залеман, В.Богоролицкий, Г.И.Рамстедт, М.Рясянен, В.Л.Котвич, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Б.М.Юнусалиев, Э.В.Севортян, Ж.Аралбаев, М.Т.Томанов, Е.З.Қажыбеков т.б.).
Фонетика-семанткалык сөзжасам тәсілінің орындалуының өзіндік ішкі ерекшеліктері бар. Ең алдымен, кез келген дыбыс өзге бір дыбыспен алмаса келе жаңа сөз жасай алмайды. Екіншіден, дыбыстар сәйкесе келе, кез келген мағыналы атауды да тугыза бермейді. Дыбыстардың генетикалық тектестігі мен олардың жіктелу сатысы, даму заңдылықтары туралы біз гарихи сөзжасамға банланысты жазылған зерттеуімізде айтқан болатынбыз (Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспекті).
Дауысты (а(е(з; у(ұ(ү; о(в; и(ы(і;) және дауыссыз (п(б(в(у; ц(т(с; ч(т(ш; дж(ж(з(й; р(л; рс-р(з; х(қ(к(г(г) дыбыстардың жіктелуі адам танымының өсіп дамуымен сабактас қарастырылып, когимтивтік аспектіде зерделенуі тиіс. Номинация теориясы тұрғысынан ұғымды атауда ерекше номинативтік белгіні танумен, жаңа туынды сөздер мағыналарының ерекшеленуімен байланыстырамыз. Әуелгі күрделі ұғымының номинативтік ерекше белгілері жіктелуіне сәйкес, атаудың таңбасы да дыбыстық жіктеліске ұшырайды. Сөйтіп жеке атау жасалады. Фонетика-семантикалық сөзжасам тәсілі тарихи ұзақ уақыттың жемісі. Сәйкес дыбыстардың жіктелісі мен туынды атау ретіидегі дамуы және болатын кұбылыс емес. Тарихи дамудың нәтижесі. Дыбыстардың жіктелу процесінің негізінде әлем бейнесінің көрінісі болатын ұғымы белгілейтін архитұлғаның (таңбаның) артикуляциялык өзгерісі жатады.
Номинациялық қажеттілікті етеу үшін тілдегі аффрикат күрделі тұлғалар жіктеліске түседі, ал аллофондары мағына жасаушы фонемаға айналады. Дыбыстардың жіктелуі, аллофондардың дами келе фонемаға айналу процесі ұзақ дамудың жемісі. Бұл, ең алдымен, сөзжасамға тікелей байланысты. Жаңа ұғымды белгілеу мақсатында ғана аллофондар фонемалык сипатқа көше алуы мүмкін. Демек, дыбыстардың жіктелісі мен дамуы сөзжасамдық процеске тәуелді деп пайымдауға болар еді.
Дыбыстардың жіктелу жүйесін сөзжасамдык аспектіде саралай келе, мынадай екі бағытта қарастырамыз:
күрделі аффрикаттардың жеке фонемаларға жіктелуі: ТС (Т-С); ТШ-(ТШ); ДЖ (ДЖ); Д3-(ДЗ) - тектес сәйкестіктер; РЗ (РЗ) -әртектес сәйкестік;
жеке дыбыстар аллофондарының жаңа ұғымды атау мақсатында мағына айырушы фонемалык деңгейге дамуы: Н (Ң-М-Б-П-Ф); Н (Б-В-У); Л-Р; А (Е-Ә); Ы(і); У (Ү): X (Қ-К-Ғ-Г т.б.) Келтірілген дыбыстардың жіктеліп не сәйкес дыбыстарға өзгеруі аркылы тұлғалық жағынан даралыққа ие болуының басты себебі: болмыстагы танылған номинативтік ерекше белгілердің танылуы нәтижесінде жаңа ұғымның пайда болуы; жаңа ұғымды ерекше тұлға аркылы таңбалап, мағыналы атау жасау қажеттілігі.
Дыбыстардың тұлғалық өзгерісі алтай тілдерінің өзгере дамуына, түркі тілдерінің іштей жіктелуіне, диалектілік ерекшеліктердің пайда болуына алып келеді. Дыбыстық өзгеру мен сәйкес дыбыстарға жіктелу бір жүйедегі тіл топтарында әр түрлі деңгейде және әр алуан сипатта жүреді. Дыбыстық сәйкесулер мен жіктелу процесі тіл бұтақтарының тарамдалуының объективті себептерінің бірі болған.
Фонетикалык-семантикалык сөзжасам тәсілі аркылы жасалған сөздер тіліміздің көне дамуында пайда болған атаулар. Сірә, бұл сөзжасамдык процесс түркі тілдерінің, тіпті генетикалық тұрғыдан қазіргі кезде әртүрлі жікке бөлініп, әр түрлі сипатта қаралып жүрген тілдердің де бөлінуінің басы болу ықтимал. Мұндай тарихи зерттеулер болашакта жүргізілуі керек. Қолдағы бар деректер әртүрлі жүйедегі көптеген атаулар дыбыстық сәйкестіктерді қалпына келтіргенде, бір ұғым мен бір таңбамен таңбаланғандығын айғақтайды. Біз бұл туралы біраз фактілерді "Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект" атты монографиямызда келтірген болатынбыз. Сондықтан бұл жерде тек қазіргі қазақ тіліндегі бар тілдік деректермен ғана шектелмекпіз.
Біздің пайымдауымызша, дыбыс сәйкестіктері сөз құрамында пайда болган да, белгілі бір кезеңде аллофондық сипатта пайдаланылған. Танымның өзгеруіне байланысты сөйлеуде әртүрлі кызметте жұмсалу аркылы жаңа туынды мағына жасауға негіз болған.
Дыбыс сәйкестіктерінің тіл дамуында мынадай кызметтері болған:
туркі тілдерінің алтай тобындағы тілдерден ерекше тіл ретінде жіктелуінің негізі болған;
қазақ тілінің озге түркі тілдерінен ерекшеленуінің негізгі қайнар көзі;
сөз таптарының жіктеле дамуының иегізгі кайнар көздерінің бірі болған;
бір тілдің диалектілік ерекшеліктерінің шығуының басты көздерінің бірі болған;
қазақ тіліндегі сездердің тұлғалық және мағыналык жағынан дамуының бір тәсілі ретінде қалыптасқан.
Фонетика-семантикалық сөзжасамның қазіргі қазақ әдеби тілінің дамуында да атқаратын рөлі бар. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген көптеген туынды сөздердің екіншілік мағыналары - осы сөзжасамдық тәсілдің жемісі. Мысалы: өкімет-үкімет, өкім-үкім, ауа-әуе, ақ-әк, аса-есе, бақ-бау т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет