Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет15/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Бақылау сұрақтары:
1.Сөзжасам тәсілдері кай уақыттан бастап ғылыми негізде қалыптасты?
2.Сөзжасам тәсілдерін ғылыми негізде кімдер зерттеді?
3. Сөзжасам тәсілдерінің бөлінісі
4. Фонетика-семантикалық тәсіл туралы түсінік
5. Дауыссыз дыбыстардың сөзжасамдық қалыбы
6. Дауысты дыбыстардың сөзжасамдық қалыбы
Қажетті әдебиеттер:
1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989
2. Оралбай Н., Қазақ тілінің сөзжасамы (оқулық) А., 2002
3. Салқынбай А.Б., Қазақ тілі сөзжасамы (оқу құралы) А.,2003
4. Қасым Б.Қ. Сөзжасам: семантика, уәждеме, (оқулық) А.,2003
5. Салқынбай А., Қазақ тілі сөзжасамы (оқу-әдістемелік кешені) А.,2007
6. Ибатов Ә., Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі, А.,1988


10 лекция. Тақырыбы: Синтетикалық сөзжасам тәсілі
Жоспар:
1. Синтетикалық тәсілмен жаңа сөз жасаудағы тілдік бірліктер

    1. лексикалық мағыналы уәждеме сөз

    2. сөзжасамдық жұрнақ

  1. Негізгі сөз бен туынды түбір

  2. Лексикалық мағына жасайтын сөзжасамдық жұрнақ

4.Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақ
Лекцияның мақсаты: Синтетикалық сөзжасам тәсілін түсіндіру.
Лекцияның мазмұны: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесінде синтетика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл ең өнімді тәсілдердің бірі саналады. Сөзжасамдық тәсілдің бұл түрі түркітануда да, қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттелген. Сөзжасам саласы жеке пән ретінде бөлінбей тұрғанда-ақ, сөзжасамның синтетикалық тәсілі морфологиялық аспектіде қарастырылған. Мұнда сөз таптарының жасалу жүйесі бөлек-бөлек карастырылып, өнімді және өнімсіз сөз тудырушы жұрнактардың тұлғалық және мағыналық сипаты бағамдалған. Әдеби тілде (А.Ысқақов, Ә.Төлеуов, Н.Оралбаева т.б) және диалектіде (Ғ.Қалиев) кездесетін сөз тудырушы тұлғалар жүйелі түрде анықталған. Кез келген туынды сөз сияқты синтетика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулардың да семантикалық күрылымы күрделі. Бұл ең алдыіиен, атаудың түлғалық құрамының күрделілігімен де байланысты. Синтетика-семантикалық сөзжасам тәсілі (СССТ) арқылы жасалған атау мағынасы себепші негіз бен сөз туғызушы түлғаның мағынасы арқылы пайда болады. Басқа да сөз тудырушы тәсілдердегі сияқты, бұл тәсілде де сөзжасамдық туынды мағына екіншілік сипатта болып, құрамындағы сөзжасамдық түлғалардың мағыналық құрылымы арқылы айқындалады.
Жаңа туынды сөз жасау үшін кез келген себепші негізге кез келген сөз тудырушы жұрнақ жалғана алмайды. Себепші негіз мағынасы мен сөз тудырушы жұрнақтың лексика-грамматикалық мағынасы парадигматикалық және синтагматикалық сипаты жағынан бір-бірімен үндесіп, ыңғайласып келуі керек.
Синтетика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалатын туынды сөздердің мынадай ішкі ерекшеліктері болатыны айқындалды:
Бір сөз тудырушы жүрнақ бір семантикалық өрісте жататын бірнеше сөздерге жалғана алады
1) бір сөз туғызушы тұлғаның жаңадан туғызатын екіншілік мағынасы ұқсас, жақын болады;
2) сөзжасамдық жаңа мағына себепші иегіз арқылы айқындала алады;
3) сөзжасамдық мағыналардың ортақ семасы пайда болады, олар бір парадигмалық қатар күрай алады.
Синтетика-семантикалықсөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулардың екіншілік мағынасының қалыптасуында себепші негіздің мағынасы ғана маңызды рөл атқармайды, сондай-ақ, жұрнақтың да өзіндік қосар мағыналық үлесі болады. Себепші негіз де, сөз туғызушы тұлға да екіншілік мағына жасауға толық қатысып, өзіндік семалық мәнін қосады.
1 Себепші негізге кимылдық, қозғалыстық мағына косатын сөзжасамдық тұлғалар:
-та, -те, (-да, -де, ла, -ле); Бұл жұрнақ кез келген себепші негізге жалғана бермейді. Валенттілік ыңғайына қарай дене мұшелері атауларынан кейін (ауызда, қолда, тісте, жұдырықта, аяқта, баста, көзде, уыста, қолтықта т.б.); еңбек, тұрмыстық құралдары атауларынан кейін (балғала, балтала, үтікте, кісенде, оқтаула, қасықта, тізгінде, тырмала, қақпанда, кілтте, құлыпта, т.б.); қимыл-қозғалыс арқылы іске асырылатын зат атауларынан кейін (ұшта, күште, сабында, жүнде, тұзда, мұзда, күнде, т.б); сындық-сапалық мағынадағы атауларға жалғана келе (тазала, кірле, қызылда, ақта, қарала, көкте, әдеміле, сұлула, алсарла, жақсыла, жаманда, т.б.); өлшемдік мәнді атаулардан кейін (таразыла, адымда, тоннала, қарыста, сүйемде, т.б.); еліктеу, бейнелеу мәніндегі атаулардан кейін (жарқылда, жырқылда, тарсылда, ырсылда, тырсылда, суылда, ысылда, мамырла, митыңда, манқылда, сусылда т.б.); төл атауларынан кейін (ботала, лақта, қозда, төлде, бұзаула, т.б); сандық мәнді атаулардан кейін (екеуле, үшеуле, төртеуле, онда, жүзде, мықда т.б.) т.б. атауларға жалғанып, әртүрлі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет