Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет10/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Бақылау сұрақтары:
1. Сөзжасамдық мағына – туынды мағына
2. Сөзжасамдық мағына – екіншілік атаудың мағынасы
3. Тіл біліміндегі атау теориясы, оның сөзжасаммен байланысы
4. Біріншілік атау семантикасы
5. Екіншілік атау семантикасы


Әдебиеттер:
1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989
2. Оралбай Н., Қазақ тілінің сөзжасамы (оқулық) А., 2002
3. Салқынбай А.Б., Қазақ тілі сөзжасамы (оқу құралы) А.,2003
4. Қасым Б.Қ. Сөзжасам: семантика, уәждеме, (оқулық) А.,2003
5. Салқынбай А., Қазақ тілі сөзжасамы (оқу-әдістемелік кешені) А.,2007
6. Ибатов Ә., Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі, А.,1988
7. Аманкелдіқызы Т., Сөзжасамдық ұялар // Қазақ тілі мен әдебиеті.1996№7-8
8. Есімсейітов Б., Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектердің құрылысын синхронды тұрғыдан сипаттау. Шымкент.2003
9. Құрманәлиев К., Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері, А., 2002
10. Оралбаева Н., Сөзжасам терминдері туралы // Хабаршы, 2000,№2
11. Исаев С., Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.А.

8 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам және уәждеме




Лекцияның жоспары:

  1. Уәждеме ұғымы туралы түсінік және оның зерттелуі

  2. Атау және уәжділік мәселесі, уәжділік түрлері

3.Туынды атаудың уәжділігі
Лекцияның мақсаты: Сөзжасам және уәждеме мәселесін түсіндіру
Лекцияның мазмұны: Тіл білімінде уәждеме теориясы жаңа бағыттағы ілім болғандықтан, оның аталым үрдісі табиғатын ашудағы маңызына соңғы кезеңдерде баса назар аударылуда. Сөздің сыртқы тұрпаты мен мағынасының арақатынасы мәселесі тілдің әр саласындағы тіл мамандарын ойландырып келеді. Әсіресе, әлемдік лингвистикада уәжділік теориясы терең зерттеліп, тілдің негізгі саласының бірі сөзжасамның синтетикалық тәсілінде жан - жақты қарастырылған. Ал уәжділіктің сөзқосымда маңызды қызмет атқаратынына тілшілер тарапынан назар аударыла бастағаны байқалады.
Сөздегі уәждеме табиғатын алғаш сөз еткен - В.Гумбольдт. Ғалым тіл біліміндегі лингвистикалық концепциялардың бірі таңба теориясының негізін қалаушы болып саналады. Ғалым өз еңбектерінде тіл бір мезгілде әрі бейне, әрі таңба десе, ал сөз жеке ұғымың таңбасы деген түйін жасайды. Тілдің негізгі қызметі қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды сөздермсн таңбалаудан, белгілеуден басталады. Сөз шын мәніндегі сөз болу үшін екі жақты бірлікте болу қажет: ол - дыбыс пен ұғым. Сөздің сыртқы жамылғышы заттың толық қасиетін анықтай алмайды, сондықтан оның атау болып қалыптасуына не себеп, негіз, уәж болатын белгілері, ерекшеліктері жинақталып, ескеріледі. Тіл тәжірибесінде мұндай белгілер көптеп кездеседі.
Сөздің уәжділігі мен уәжсіздігі туралы ұғымды ғылыми айналымға енгізген - Ф. де Соссюр. Ғалымның пайымдауынша, сөзді «таңба» деп алсақ, оның екі жағы болады, бірі - бейне таңбалаушы, екіншісі - дыбыстық бейне таңбаланушы, яғни сөздің мазмұндық мәнін, оның дыбысталуынан бөліп қарауға болмайтынын атайды. Ғалымның пікіріне сүйенсек, соз мағынасы оны өзге атаулардан ерекшелсйтін дыбыстық жамылғышының астарында жатыр. Жеке сөздердің жасалуында, қалыптасуында тек құрылымдық жағының дұрыс қалыптасуымен қатар, шешушісі олардың мазмұңдық құрылымында және атайтын заттың мазмұнын дәл, нақтылы беретіндей болуы керек, сонымен бірге ол мағыналар бір - бірімен байланысып жатуы қажет. Сонда ғана атау тіл иесінің сұранысын, қажетін өтейді. Сондықтан жоғарыда айтылған зерттеушілердің пікірін қолдай отырып, атау беруде немесе аталымжасамда, терминжасамда сол реалийдердің негізгі ұғымдық қасиеті мен қызметі еске алынғаны жөн деген пікірдеміз.
Уәждеме лексеманың қалыптасуында реалийлердің арасындағы байланысты, яғни, атауға қандай белгінің, ерекшеліктің, касиеттің негіз, өзек, себеп болғанын қамтамасыз етеді. Сонымен, зат пен құбылысқа ат қоюда өмір шындығы, болмыс тіл деректеріне, атауға айналады. Күрделі жасалымда жаңа мағына мен жаңа мазмұн пайда болған уақытта, сол кезенде барып жаңа сөз қалыптасады. Дәуір өткен сайын атаудың қалыптасуындағы о бастағы негіз - уәж белгілер ұмытыла бастайды. Егер тілдегі атаудың түп - негізіндегі мағынасы ұмытылса немесе көмескіленсе (атаудың шыққан негізінің жоғалуы яғни неғұрлым ішкі құрылым өзінің негізгі лексикалық мағынасынан алшақтаған сайын, жасалымдағы дерексіз мағынаның қалыптасуына, мағынаның дамуына, ауыс мағынаның пайда болуына әкеледі. Мысалы, аласапыран, алақырғын, алашапқын, алабалта (қару) т.б. атауларындағы ала сыңарының мағынасы түспен еш қатысы жоқ және осы құрамда мағыналары бұрынғы мағыналарынан алшақтап, көмескіленген, түп - негіз мағынасы - бір кездерде талау деген мәнді білдірген. Кейіннен талау - мығыналық дамуға түскен: тонау, шабу, ұрыс, соғыс деген мәнінде жұмсалған. Мысалы, алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түтел болса, төбедегі келеді (Мақал). Осындағы ала сөзінің мағынасы түсті білдіріп тұрған жоқ, мағыналық дамуға, өзгеріске түскен: ауызбірлігі жоқ, ынтымақсыз дегенді білдіреді. Алакүшік (ұлттық ойын), алашапкын (апыр-топыр, жанталас) т.б. Ала сөзінің мағыналық өрісі: талау, тонау, шабу, ұрыс, соғыс, апыр - топыр, жанталас, ауызбірлігі жоқ,, ынтымақсыз деген синонимдік қатар түзеді. Қолданыста оның бұрынғы түп - негізін іздеп жатпайды, ол жаңа үрдіс регінде қабылданып, тіл дамуында болатын аталымдағы күрделі мағынаның туындауы, қалыптасуы, дерексіз мағынаның дамуына әкелетін заңды құбылыс деп қарастырылады.
Тіл білімінде сөзқосымға көбірек назар аударылды. Осы кезеңдерден бастау алып, күрделі сөздерге мән беріліп, қарастырыла бастады. Дегенмен, күрделі сөздің ішінде, заттың күрделі атаулары орыс тіл біліміне де, әсіресе, соңғы уақытта заман талабына сай, жалпы сипаттамадан гөрі, жекелеген мәселслеріне баса назар аударылып, олардың мағыналық құрылымына, мағыналық топтарына, қалыптасуындағы теориялық заңдылықтарына, ерекшеліктеріне, аспектілеріне мән берілуде. Ал осы тұрғыдан алғанда түркітануда күрделі сөздің мағыналы құрылымын терең зерделеу, оны уәждеме заңдылықтарымен сәйкестендіру негізінде аталым тұрғысынан зерделенуі, құрастырушы сыңарлардың қаншалықты дәрежеде уәжділіктің немесе уәжсіздіктің қатысы бар деген мәселелер сөз болып көтеріліп, арнайы тақырып болып, табиғаты белгілі дәрежеде айқындалған, зерттелген емес. Сондықтан, күрделі атаулардың осы тұрғыдан саралануы, айқындалуы тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын көрсетеді.
Жалпы күрделі атаулардың мағыналық, құрылымы көп жайттардың себебін, мәнін ашуға мүмкіндік береді. Демек, ішкі мағыналық құрылым - оның ұғымдық құрылымын анықтайтын өзек. Сондықтан күрделі атаудардың жалпы мазмұндық белгісі аталымнан дербес мағыналы лексема ретіндегі ұстанымы. Күрделі атаулар сыңарларының арасындағы мән - мағыналық байланыс түрлері олардың уәжділік дәрежелерін көрсететін болса, солардың негізінде екіншілік аталымның жасалуы, дәлірек айтқанда, уәж түбір және құрылымға, сол сияқты мағынаға тәуелді келеді.
Уәждеме заңдылығы күрделі атаулардың калыптасуын айқындауда, сыңарлардың уәждеуші қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Күрделі атаулардан жасалған атаулар тіршіліктің сан қырлы саласын қамтиды десек, артық айтпаған болар едік. Осымен байланысты жаңадан жасалған лексемалардың астарына үңіліп, уәждік негізін айқындау, сол арқылы атаудың қалыптасу түпнегізін тауып, өзіндік ерекшеліктерін ажырату арқылы атаудың мәні мен мазмұнын ашу. Осы тұрғыдан алғанда тілдегі уәждеме теориясы түрлі қырларынан алып қарастырылып жүр. Лексикалык уәжденудің сипаты - күрделі де көпқырлы, ол жаңа сөздің жасалуын тілдік және тілден тыс факторлармен байланыстыратын құбылыс. Сол себепті де қазіргі лингвистикада лексикалық бірліктердің уәждеме мен уәждену мәселесіне тіл мамандарының назары бөлінуде. Тіл білімінде О.И.Блинова, Н.Д.Голев, Е.С.Кубрякова, И.С.Улуханов сынды ғалымдар көбінесе уәжді (мотивированное) және уәждеуіні (мотивирующий) сөздердің арақатынасы және туынды сөздің уәжділік дәрежелерін анықтау мәселесіне, соның ішінде синтетикалық сөзжасамға айрықша көңіл бөлді.
Қазақ тілшілерінің ішінде проф. М.Оразовтың «Қазақ тілінің семантикасы» деген еңбегінде сөздің ішкі формасы (мотивация) мәселесі сөз болған, ал соңғы жылдары уәждеме мәселесі А.Салқынбайдың, Б.Қасымның, Р.Абақованың еңбектерінде біршама ғылыми негізде зерделенді. Ғалым А.Салқынбай «Қазақ тілі сөзжасамы» 2007 ж деген еңбегінде уәждеме мәселесін түсіндіріп мынандай анықтама берді: «Уәждеме дегеніміз – туынды атаудың семантикалық және құрылымдық жағынан өзін құраушы сыңарларының мағынасынан негізделуі деген анықтама береді. Б.Қасым күрделі сөздердің уәждемесін, Р.Абақова фразеологизмдердегі уәжділікті түсіндірген.
Туынды сөздің (күрделі сөздің) уәждемесін зерттеу үш тұрғыда қарастырылады:
Біріншіден, шындық, болмыстың бейнесі. Таңба↔ шындық болмыс→ семиотика, бұл жайында мына тұжырым негізге алынады: аталым әрекеті - шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды тілдік таңба арқылы белгілеу. Сол таңба негізінде белгілі бір үғым пайда болады.
Екіншіден, мағына↔тұрпат→лексикалық уәждену қалыптасады: көртышқан, сарымай, қарамай (смола), тасбақа, айбалта, асқазан т.б.
Үшіншіден, таңба↔таңба→ сөзжасамдық уәждену, яғни оны тілдік құрылымға келтіру яғни шындық болмысты ұғым, түсінікпен сәйкестендіріп үлгілеу арқылы атау беру жүзеге асады деп түсіндіреді Б.Қасым.
Уәждену үрдісінде ат беретін нысанға мән беріліп, сол туралы уәждеуші пайымды қалыптастыру және тілдік құралдарды таңдау, соның негізіңде атауды жасау, ал атаудың мазмұнында бұрынғы пайым жатады. Аталатын нысанның белгісі тандалынып, ол белгі жаңа нысанды ерекшелейтін синат алады және жаңа атауды жасауды көзге түсетін таңбаланушыға жаңа мән беріліп, жаңа мазмұнға көшеді, сонда ғана жаңа лексема қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет