Ат ауысу заңы дегеніміз — коғам тарихында адам өміріне кажетті құрал-жабдықтар, заттар өзгеріп, түрленіп, жаңарып жатады. Зат қанша өзгеріп кетсе де, оның әуелгі аты жаңа түрлеріне ауысып отыратындығы белгілі. Айталык, қазақ тілінде сөлкебай сөзі о баста "цельковые" деген орыс сөзінің қазақша дыбысталуы ғана болатын. Мағынасы - "бір сомдық күміс ақша" дегенді білдірген. Кейін әлгі бір сомдық күміс ақшаны қыздар мен келіншектер әсемдік үшін бір шетін тесіп, шашбауға бекітіп қоятын болған. Біраз уақыт өткеннен кейін сөлкебай сөзі "бір сомдық күміс ақшаны" емес, шашқа тағатын шолпы сияқты әшекей бұйымның аты ретіңде жұмсалып, мағынасы өзгеріп кетті.
Қызмет бірлігі заңы деп —атқаратын қызметіне қарай бірнеше затқа бір-ақ ат қоюды айтамыз. Мысалға оқ, сөзін алалық.. Садақ оғы о баста ағаштан істелген. Бертін келе ол қамыстан істелетін болды. Оны да оқ деп атадық. Мылтықтың шығуына байланысты оқ қорғасыннан құйылатын болды. Бұл да оқ деп аталды. Яғни ағаш (қамыс) оқ пен қорғасын оқтың не пішіні (бірі - ұзын, екінші — домалақ), не түрі (тегі), не көлемі ұқсамайтындығына қарамастан олар атылып барып, көздеген жеріне тиетіндік" қызметіне орай бір ғана оқ сөзімен аталған. Басқаша айтсақ, оқ деген сөз өзгерместен, оның мән-мағынасы. формасы озгеріп, дамып отырған. Ағаш оқ пен қорғасын оқтын ұқсастығы - атқаратын қызметтерінде ғана. Әйтпесе өздері піші ні жағынан бір-біріне ешбір ұқсамайды.
Шам деген сөзге келсек, осы күнгі электр шам бұрынғы май немесе кірәсін шамға мүлде ұксамайды. Соған карамастан бұрынғы шам сөзі жаңа мағынада қолданыла береді.
Ұқсату заңы (метофора) заттардың (құбылыстардың) тұлға, тұрпат, пішін, тұр, түс, қимыл сияқты белгілерінің ұқсастықтарына негізделеді. Яғни тіл тәжірибесінде бір зат атауы үқсастығына қарай екінші бір затқа атау болып беріле береді. Мұндай құбылысты тіл (пішімінде метафора (гр. "ауысу") деп атайды. Метафора деп — белгілерінің ұқсастықтарына қарай бір зат атауыныц екінші бір затқа атау етіп берілуіне орай сөз мағынасының да ауысуын айтамыз. Мысалы, тонның, шапанның, көйлектің етегі болады. Ол - кеудеге киетін киімнің төменгі жағы деген сөз. "Таудың етегі" дегендегі етек сөзі де осы мағынада (таудын төменгі жағы) қолданылып түр. Етек сөзінің бұл екінші мағынасы өздері атау болып (белгілеп) тұрған заттар пішінінің ұқсастықтарына орай жасалған.
Метафора - тілде әмбебап құбылыс. Оның әмбебаптығы тіддің құрылымында және қызметінде көрінеді. Ол тілдің түрлі аспектісі мен түрлі қолданыстық қызметін қамтиды. Тілдегі сөзжасам мен аталымды метафора тәсілі тұрғысынан зерделеу тілде кенжелеу, назардан тыс қалып келеді. Метафораны зерттеушілер көбінесе бейнелеу, көркемдеу құралы, тәсілі ретінде қарастырады.
Соңғы жылдарда зерттеушілер тіл білімінде метафораны ойлаумен, таныммен, философиямен, психология, поэтика (көркем әдебиетпен), шешендікпен, лингвистиканың түрлі салаларымен байланыстырып, түрлі қырынан зерделеп келеді. Қазіргі кезде ғылыми еңбектерде метафораның екі түрін: поэтикалық және тілдік деп бөліп қарастыруда. Поэтикальщ метафора - саналы түрде белгілі мақсат үшін көркемдік құрал ретінде көркем әдебиет пен көсемсөз стиліңде қолданылады. Ал тілдік метафора - тілдің табиғатына тән, лингвистиканың түрлі салаларымен: лексикология, семасиология, аталым теориясы т.б. тәрізді түрлерімен қатынасы барлығын ескере отырып, кешенді мәселелердің басын байланыстыра карастырылуы, бугінгі лингвистиканың алдыиа қойған міңдеттердің бірі деп санауға болады.
Тілдік метафоралар - туынды сөздерде метафоралық қасиеттер күңгірттеніп, соның нәтижесіңде жаңа лексемалардың пайда болуы. Метафора аталым тұрғысынан бейнелілік қасиетінен өтіп, тек ұғыми атау беру қызметіне көшеді. Аталым жасаудағы метафораның басқа поэтикалық, яғни көркемдік, бейнелілік метафорадан негізгі ерекшеліп де осында. Күрделі атауларда метафораның жұмсалуы, сөз мағыналарының ауысуы немесе келтірінді мағынада қодалынуы түрлі тәсілдер арқылы іске асатынын байқаймыз, Негізгі мағына қашар ауыс мағынаның көзі, өзегі болып табылады. Күрделі атаулардағы метафоралардың басты ерекшелігі - мағынаның екі жақтылықты болуы. Біріншіден, номинативтік мағынадан ауыспалы, келтірінді мағынаға ауысуы; екіншіден, осы тәсілмен жасалған күрделі атаулардың бойынша экспрессивті-бағалауыштық реңктің айрықша қызмет жасауы. 1. Алақұйын. - боран. Егесіп дүлейімен табиғаттың, Боранның алақұйын аңдат сырын (Қ.Аманжолов). 2. Ауыс. Жеңілтек. Тарт, алақұйыи аңғал жас, Асылға асыл бермес. Кара қылыш қолында Каһарыма тең келмес (М.Әуезов). 3. Желаяқ. -жүйрік (бегун). Казақстандық жерлесіміз Олимпиада жарысында алдына жан салмай желаяктардың алдында келді (ЖА). 4. Ертегі кейіпкері. Жаяу жарыста желаяқ озып келді (Каз.ерт.). 5. Ауыс. Үйді-үиді кезіп, өсек тасып, қыдыратын адам. Бір ғана шешейлер мен жеңгейлер ғана желаяқ емес, қыдыруға сылтау табылса, әзір түратын кейбір шалдар да табылады (М.Иманжанов).