Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет21/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Лекцияның мақсаты: Лексика-семантикалық тәсілін түсіндіру.
Лекцияның мазмұны: Сөзжасамның көне әрі ежелгі тәсілдерінің бірі - семантикалық сөзжасам тәсілі. Тіл білімінде сөздің ешқандай тұлгалық өзгеріске түспей-ақ, мағыналық даму нәтижесінде екіншілік мағына берудің мұндай тәсілін сөзжасамдық конверсия деп те атайды. Сөзжасамдық конверсия аффиксацияға қарама-қарсы қойылады. Яғни аффикстік тәсіл арқылы сөз мағынасы тек белгілі сөз тудырушы тұлганың (жұрнактың) жалғануы арқылы ғана екіншілік мағына иелене алса, конверсияда туынды атаудың жасалуы үшін, ешқандай тұлгалық өзгеріс болмайды. Соз өзінің түлғалық жамылғышын озгертпей-ак, екіншілік мәнге ие бола алады.
Тұлғалық өзгеріссіз-ак сөздің мағыналық дамуы арқылы туынды сөз жасалуы туралы теориялық мәселе қазақ тіл білімінде жеке зерттеу нысанына айналған жоқ. Осы күнге дейінгі жазылған окулықтар мен оқу кұралдарында сөзжасамның суффикстік тәсілі мен аналитикалық тәсіліне көп көңіл бөлінеді де, сөздің ішкі мағыналық дамуы арқылы жасалатын сөзжасамдық конверсия немесе семантикалық сезжасамдық теориялық мәселеріне талдау жасалмайды. Дей тұрғанмен, казак тілінің ішкі табиғатында сөздің мәні мен магынасын өзгерту үшін, оған жұрнак жалғау, не екі сөзді біріктіру тәсілі ғана қолданбаған. Сонымен бірғе сөздің мағыналық дамуы негізінде де көптеген туынды атаулар жасалған. Түбір мен негіздің шегінде болғандықтан, конверсиялық сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздердің қалыптасу кезеңі көне кезеңде белсенді болған. Қазак тілінің байлығы сөздің әр алуан мағынада қолданыла алуымен астарласып жатады. Бір сөздің бірнеше мағынада жұмсала алуы тіл дамуының негізгі заңдылықтарының бірі. Түркі тілдеріндегі етістік пен есімнің гомогендігі тікелей конверсияның нәтижесі ретінде бағаланады. Яғни тіл дамуында болмыстың атауы мен оның іс-әрекетін атау бір тұлғамен таңбаланған. Мұның да өзіндік ішкі заңдылығы болса керек. Белгілі бір зат, оның қозғалыс-қимылы, белгісі - әуелде бір ғана дыбыстық жамылғыш арқылы таңбалана келіп, кейіннен сөйлеуде әртүрлі қызмет аясында қолдану барьгсында мағыналық дамуға жеткен. Сөздің дыбыстық жамылғышын өзгертпей-ак, туынды мағынада жұмсалу қасиеті, ең алдымен, сөйлеуде, атаудың әртүрлі қызметте жұмсалуымен байланысты пайда болады. Сөз мағынасының жіктеле дамуындағы сөйлеудің рөлі мен маңызы ерекше. Тек сөйлеу арқылы ғана атау өзінің туынды мағынасына жіктеліп, жаңа ұғымды атау қабілетіне ие бола алады. Семантикалық сөзжасам негізінде жасалған туынды сөздердің мағыналық құрылымын тану аса күрделі. Түркітануда семантикалық сөзжасам негізінде жасалған атаулар көптеген ғылыми еңбектерде тарихи омоним ретінде де танылғаны белгілі. Дегенмен, сөздің мағынасы терең зерделегенде, мұндай туынды сөздердің арасындағы генетикалық-мағыналық байланысты айқындау аса киындық туғызбайды.
Тілдің ішкі даму табиғатын тап басып тауып ішкі иірімдерін түйсіну оңай шаруа емес. Әсіресе тұлғалық жағынан ерекшеленіп, анық көрініп тұрмаған сөздердің ішкі мағынасына терең бойлау оңай емес. Сондықтан да тұлғасы ортақ, мағынасы әртүрлі болып тұрған таңбаның (бірі - зат есім, бірі етістік) тарихи даму байыбына бармай-ақ, омоним ретінде тани салу оп-оңай. Бірақ ғылыми жағынан толық дұрыс тұжырым бола алмайды. Тұлғалық жағынан ешқандай өзгеріске түспей-ақ, мағыналық байланыстылығы мен негізділігін сақтай отырып, туынды мағынаға көшуін, олардың мағыналық ерекшелігін тек сөйлеуде (речь), лебізде (высказывания) немесе контексте ғана айыруға болады. Яғни сөздің мағыналық дамуы сөйлемдегі қызметімен тікелей байланысты. Семантикалық сөзжасам негізінде жасалған туынды сөздердің мағынасы сөйлемде туындайды, сөйлем ішінде аныкталады. Жекелей тұрғанда мұндай тұлғаларды бір-бірінен айырар, мағыналық ерекшелігін анықтар белгі жоқ. Сондықтан сөз қасиеті тек сөйлеуде не контексте ғана айқындалады. Семантикалық сөзжасамның тарихи бір буынды түбірлердің мағыналық дамуында өте маңызды рөл атқарып, заттық және қимылдық мағыналы атауларды жасағаны туралы айтылды. Сондықтан біз қазіргі тіл тұрғысында семантикалық созжасам тәсілімен жасалған атаулардың мағыналық кұрылымын саралаймыз
Семантикалық сөзжасам негізінен бір буынды түбірлердің мағыналық дамуы арқылы жасалады. Бір буынды түбірлердің казіргі тілімізде заттық және қимылдық мағынасының болуы — конверсиялық дамудың яки семантикалық сөзжасамның нәтижесі.
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық сөзжасам проқесі негіздің аясында іске асады. Семантикалық сөзжасамдық проқесс тек бір гаңбаның мағыналық дамуы неғізінде болғандықтан, оны парадигмалық деңгейде қарау дұрыс нәтижелерге қол жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет