Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет22/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Семантикалық сөзжасам парадигмасы дегеніміз(ССП) — түбірлес сөздердің мағынасы арқылы бір деривация деңгейінде тұлғалық өзгеріссіз жасалған туынды атаулардың жиынтығы. Бір себепші негіз арқылы пайда болған туынды сөздердің мағынасы бір-бірінен бөлек бола алмайды, түбірлес сөз ретінде мұндай туынды атаулар мағынасы жақын, сабақтас, мәндес болады. Мұның өзі семантикалық сөзжасамның омоним ұғымымен шектесе алмайтынының белгісі. Сөз мағынасының семантикалық сөзжасам жолымен жаңа доминант мағынаға өтуі аз ғана уақыт мөлшерінде іске асатын құбылыс емес. Болмыстың жақын, мәндес белгілері мен қасиетін таңбалау үшін, сөйлеуде, лебізде бірте-бірте пайда болатын тілдік проқесс.
Семантикалық сөзжасам парадигмасын анықтау және оның ішкі семантикалық құрылымын пайымдау оңай емес. Тұлғалық жағынан дараланбай, гек мағыналық жағынан ғана ерекше номинативті сема иеленетін, сөйтіп жеке үғымды атайтын мұндай тілдік таңбаның айырымын бағамдау контекстегі қызметі арқылы ғана бағамдалады. Семантмкалық сөзжасам арқылы жасалған атаулар парадигмалық шеп құрай алады. Бұл парадигмалық шеп кейін жеке сөзжасамдық тізбек жасап әртүрлі грамматикалық категориямен түрлене береді. Парадигмалық шепке ену ушін сөздің ерекше номинативті мағынасы болып. туынды атау ретінде танылуы қажет. Яғни парадигмалық шептегі сөздердің мағыналарында сөзжасамдық мағына болуы шарт. Мысалы: кеңес-кеңес-кеңес, кесек-кесек-кесек:, кеш-кеш, көсеу-көсеу, құн-құн, керней-керней, т.б.
Семантикалық сөзжасам нәтижесінде туындаған атаулардың өзек семасы, ортақ семасы сақталады. Олар бір-біріне омоним бола алмайды. Түбірлес сөздер ретінде олардың түпкі мағыналарының ортактығы шалғай семантикалық өрісте сақталады. Семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы бір денотаттық іс-әрекеттік, заттық, сапалық мағыналарын таңбалауға болады. Атаудың уәжделу заңдылығына сәйкес, семантикалық сөзжасам тәсілі боиынша жасалған таңбалар бір денотаттың атауына, қимылына, сапалық белгісіне не касиетіне катысты болады. Бұл әсіресе бір буынды түбірлердің семантикалық дамуы арқылы жасалған атаулардың табиғатынан айқын танылады. Семантикалық сөзжасам нәтижесінде жасалатын атаулардың ерекше семасының орнығуы уақытқа да тәуелді. Атаудың номинативтік магынасының жасалуы, халық дүниетанымында қабылдануы уақыт факторы меи заманға сай болатын әлеуметтік факторларға, ғылым мен білімнің даму деңгейіне тікелей байланысты. Яғни создің ерекше номинативтік белгілерге ие болып, жаңа туынды мағынага ие болуы уақыт шегінде болатын әлеуметтік-саяси өзгерістермен де астасып жатады. Мысалы: хәкім-әкім-әкім, өкім-өкім, бұйрық-бұйрық. т.б. атаулар саяси қоғамдық термин ретінде қалыптасса, зейін-зейін, болмыс-болмыс, таным-таным, сезім-сезім, түсінік-түсінік, түйсік-түйсік т.б. атаулардың семантикалық дамуы арқылы психологиялық терминдер түзілген, өздік- өздік, есім-есім, шылау-шылау,үстеу-үстеу, анықтауыш-анықтауыш, сан-сан т.б. - лингвистикалық терминдер: баға-баға. сапа-сапа, кұн-құн ш.б. атауларының мағыналық дамуы арқылы экономикалық герминдер қалыптаскан.
Төл сездердің магыналық дамуы арқылы жасалған мұндай термин сөздерді конверсияның жемісі деп қарастыруға болады. Олардың мағыналық кұрылымында семалық өзгерістер болады, терминдік мән алып ерекше номинативтік қалыпқа түсіп, екіншілік мағына иеленеді. Дегенмен, себепші негіз бен екіншілік магыма арасында ортақ мағына мен өзек мағына толық сақталады.
Мысалы: "болмыс" сөзінің негізгі мағынасы Қазак тілінің түсіндірме сөздігінде былайша түсіндіріледі:
1. Дене-бітім, тұла бой.
Майданда женгіш халқымыз,
Болмысы болат батырдан,
Жалынды сәлем айтамыз
Жазушыдан, ақыннан (Т. Жароков).

  1. Философиялық термин.

Болмыс — адам өмірінің, оның іс-әрекетінің қажетті жағдайы және қайнар көзі.
Қазақ лексикасының баюы, дамуы түрлі жолдармен толығып отырады. Соның бірі сөз мағынасының дамуы. Қазақ лексикасында бұрыннан қолданып келе жатқан лексемалар өзінің бұрынғы лексикалық тура мағынасында қолданылып қана қоймай, өмірдің сұранысы мен қажеттілігіне қарай жаңа мағыналық сипаттада жұмсалады. Үнемі өзгеріп, дамып, бұрынғы мағынасының үстіне қосымша жаңа мағына үстеп алып отырады немесе есқі мағынасы жойылып, басқа мағынаға ие болады. Мыс: Бет (лицо) - 1. Адам басының көз, мұрын, ауыз орналасқаң алдыңғы жағы (бетін жуды), 2. Бастағы екі жақ сүйектің үсті (шапалақпен бетке соқты, оң жақ бетінде қалы бар). 3. Ауыс. Адамның бет-пішіні, түр-келбеті; жүзі, өңі (беті құрысын, кормеймін; бетіне ешкім қарсы келмеді). 4. Бір нәрсенің үстіңгі жағы, беткі қабаты (жердің беті, көлдің беті, түскиіздің беті). 5. Таудың, қыр-қыраттың құлама жағы, беткейі (таудың күңгей беті, бетке шықтық). 6. Кітап, дәптер парақтарының жазылатын әрбір жағы (оныншы бет). 7. Ауыс Белгілі бір бағыт-бағдар (өз бетімен кетіп бара жатыр, өзіндік беті бар). 8. Мәтін құрамында -ған/ген тұлғалы есімшемен тіркесіп келіп, белгілі бір істің, оқиғаның мерзімін, уақытын білдіреді (келген беті осы).
Мұндағы негізгі мағыналар — 1-ші, 2-ші мағыналар. Ал қалған мағыналар - сол 1-ші, 2-ші мағыналардың негізінде кейіннен жасалған қосымша мағыналар. Олардың қалыптасып, тұрақтанып кеткендігі соншалықты, кейбіреулері (мәселен, 5-ші, 6-шы мағыналар) қазір негізгі мағынадан тым алыстап, омоним сөзге айналып кетудің аз-ақ алдында тұр.
"Мағына өзгереді" дегенде бұрынгы бар мағына жойылып кетіп, оның орнына әр уақыт басқа мағына пайда болады екен деп ойлап қалуға болмайды. Бұрынғы мағына сақталынып, оның үстіне тағы бірнеше мағына қосылып отыруы да мүмкін.
Әдетте, сөз мағынасының озгсруі скі бағытта өрбиді. Бірінде — сөз мағынасы кеңейеді, екіншісінде — сөз мағынасы тарылады. Тілдін, сөз мағынасының дамуы үшін бұлардың екеуі де маңызды. Айталық, сөздің бұрынғы мағынасының үстіне жаңа мағына косылса, оны сөз мағынасының кеңеюі, дамуы деп айтуымызға болады.
Егер сөздің бұрынғы мағынасы жойылыи кетін, оның орнына басқа мағына пайда болса шс? Мүны да сөз мағынасының дамуы дсйміз бс? Жоқ, сөз мағынасының кемуі (тарылуы) дейміз бе?
Біздіңшс, мүндайларды да сөз мағыналарының дамуы деп айтуымызға әбден болады. Мәселен, көне заманда (көне түркі тіліңде) тон сөзі "киім" деген жалпы мағынада қолданылған (Тон тозар, өмір озар"; Тойға барғанда тоныңды сұрама). Ол кезде киім сөзі олі омірге келе қоймаған болатын. Кейіннен тон сөзі — "қой терісінен (жүнін ішіне қаратып) тігілген жылы киім" деген мағынада қолданылатын болды. Яғни, киім сөзінің тілімізге қосылуы тон сөзінің мағынасын өзгертуге мәжбүр етті. Бірақ бұл тон сөзінің мағынасынын тарылуы емес, оның басқа мағынаға ауысуы. Ендеше, мұндайларды да тілдік, мағыналық даму деп есептеуге болады.
Сөз мағыналарының өзгеруі қалай болса солай бола салмайды. Сөз мағыналарының өзгеруінің, дамуының өзіңдік семантикалық заңдары бар. Атап айтсақ: 1. Ат ауысу заңы, 2. Қызмет бірлігі заңы, 3. Ұқсату заңы (метафора), 4. Іргелестік, шектестік заңы (метонимия), 5. Бөлшектің бүтінге немес бүтіннің бөлшекее ауысу заңы (синекдоха), - деген атауларға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет