Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет60/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Коннатациялық мәді атаулық тіркестерге барлық фразеологиялық бірліктерді жатқызуға болар еді. Фразеологиялық бірліктерді номинация теориясы арқылы зерделей отырып, біз оның санатына тек тұрақты мағынаға ие болып, даяр қалпында жұмсалатын, сөйлемде бір ғана қызмет атқаратын номинативтік мағынас бар идиома мен фразалық тіркестерді ғана қосамыз. Фразеологиялық бірліктерге мақал-мәтел, нақыл сөздерді қосу атау теориясы тұрғысынан қате. Өйткені атау болу үшін, тек номинативтік қызмет атқарып, зат не құбылыстың номинативтік белгілерін анықтап, белгілі ұғымның таңбалық сипатын белгілеуі шарт. Ал мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерде номинативтік белгі емес, коммуникативтік белгі бар, ұғымның таңбас емес, ойдың көрінісі, пікірі бар. Мақал-мәтел, нақыл сөздер нақты ойды, жүйелі пікірді юейнелейді. Ал олардың даяр қалпында жұмсала алу қабілетіне қарап, фразеологиялық бірлікке жатқызу дұрыс бола қоймайды. Бұл пікір қазірге дәстүрлі грамматикада соншалықты қалыптасқанына қарамастан, оның бұрыстығын айту керек. Өткені даяр күйіне, қалпын бұзбай жұмсалу кез келген тілдік бірлікке тән қасиет. Айталық, жер-су аттары, кісі аты, газет, журнал, мекеме аты т.б. атаулар даяр қалпында жұмсалады. Бірақ олар тұрақты тіркес құрамына ене алмайды. Сондықтан, олардың сыртқы ұқсастығы тұрақты қолданысы – фразеологиялық тіркес құрамына енуінің басты белгісі немесе шарты бола алмайды. Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді фразеологиялық тіркестердің құрамына енгізе алмауымыздың басты себеі олардың ішкі мағыналық құрылымында жатыр. Тіпті тіркес пен сөйлемнің шекарасын, арасалмағын айқындауға толық мүмкіндік береді. Мақал-мәтел,нақыл сөздер – тұрақты тіркес емес, сөйлем. Олар предикативтік қатынастан тұрады.
Сөйлем мүшелері іштей семантикалық-функциональдық қызмет атқарып, синтаксистік байланысқа ьүсіп, бір-бірімен толықтауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық қатынас құрап, белгілі ойдың түйінін, пікірдің айқындылығын білдіреді Мақал-мәтел мен нақыл сөздердің мәнін, мағынасын бір сөзбен жеткізу мүмкін емес, сөйлем болғандықтан да, олардың атау ретінде уәжі де болмайды. Жалпы айтқанда, мақал-мәтелдертің атау еместігі, оның тұрақты тіркестермен бір еместігі айқын, әрі оны мойындайтын да кезі жетті деп есептейміз. Бұл дәстүрлі грамматиканың кемшілігі деуден аулақпыз, ғылыми пікірдің өзі сол кезеңдегі ғылыми ойдың деңгейімен шамалас деп бағамдап, ғылымның дамуындағы бір белес деп түсінеміз.
Коннатациялық мәнді туынды тіркестер – болмыста танылған ұғымды таңбалап, номинативті атаудың қалыптасуының өзіндік бір жолы. Мұндай туынды сөздердің негізгі ерекшелігі – ауыспалы мағынада жұмсалып, экспрессивті-эмоциялы мәнде қолданылуы.
Тұрақты тіркестердің туынды сөз ретінде танылуының мәнісі мыада:
- құрамындағы себепші негіз мағыналарына уәжделе келіп, жаңа екіншілік мағына береді;
- бірнеше себепші негізден құралып, бір ғана ұғымды білдіреді;
- бүтін тұлға болғандықтан, даяр қалпында жұмсалады;
- бір ғана грамматикалық категориямен түрлене алады;
- бір бірлік ретінде танылып, бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады;
- туынды тұлға ретінде тізбе сөз деп танылып, сөздікке енеді.
Тұрақты тіркестер туынды сөз болып, танылғандықтан, атау сөздің атқаратын қызметін де мағыналық құрылымын да толық атқара алады. Коннатациялық мәнді туынды тіркестер құрамы жағынан тұрақты, мағыналық жағынан ерекше семаға ие.
Қорыта айтқанда, тілімізде аналитика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер саны мол. Әсіресе, қазіргі тіл дамуында аталған тәсіл арқылы екіншілік мағыналы туынды сөз жасау белсенді қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет