Лекция тезистері №1 Лекция тақырыбы: Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасуы



бет3/21
Дата04.11.2023
өлшемі410 Kb.
#121985
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
СТИЛИСТИКА ЛЕКЦИЯ ОРИГИНАЛ

Лексикология және стилистика. Лексикология сөздердің шығу тегін, сөз құрамын, оның баю жолдарын қарастырса, стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдаланылу принциптерін зерттейді.
Семасиология және стилистика. Семасиология – тіліміздегі бейнелегіш тәсілдердің мағынасын, оның өзгеру заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Семасиологиялық стилистиканың міндеті – тіліміздегі бейнелегіш құрамдарды топтастырып, олардың стильдік қызметін, қолданылу заңдылықтарын көрсету.
Грамматика және стилистика. Стилистика грамматиканы да өзінің зерттеу нысаны ете алады. Стилистика грамматикалық құбылыстарға стильдік талдау жасайды.
Морфология сөздердің тұлғалық көрінісін және грамматикалық мағынасын, сөздердің құрылысын, өзгерілуін және құрамын талдап топтастырады. Стилистика ойды мәнерлі жеткізу үшін морфологиялық формаларды қандай жағдайда қалай қолдануға болатындығын қарастырады. Демек, морфологиялық тұлғадағы сөздердің, олардың варианттарының ішінен сөйлеу не жазу арқылы жеткізілетін ойдың эмоциональды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын сұрыптап қолдану принциптерін зерттейді.
Синтаксис сөйлемнің құрылысын, сөздердің тіркесу заңдылықтарын қарастырады. Ал ойды білдіретін сөйлемдердің айтылуына, қолдану тәсіліне қарай әр түрлі реңдері болады. Ол қосымша мағыналар көбінесе сөздердің орын тәртібі мен сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі. Яғни ойды мәнерлі жеткізуде синтаксистік тәсілдердің маңызы зор. Демек, стилистика синтаксистік құралдардың мәнерлілігін, оны дұрыс пайдалану заңдылықтарын зерттейді.
Фонетика және стилистика. Фонетика тілдегі дыбыстардың жасалуын, жүйеленуін зерттесе, стилистика дыбыстарды, оларға тән белгі, интонация, қайталау, дыбыс үйлесімділігі сияқты фонетикалық ерекшеліктерді белгілі бір мақсатқа икемдеп және оларды мәнерлі құрал ретінде пайдалануды қарастырады.
Стилистика-тіл білімінің тілдік тәсілдер жүйесін синхрондық және диахрондық жағдайда зерттейтін тіл ғылымының саласы.
Стилистиканың қарастыратын мәселелері әр түрлі деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, сондай-ақ қарым-қатынастың сан алуан аялары мен жағдайларындағы сөздердің қолданылу заңдылықтары, әр аяға байланысты қолданыс тілін пайдалану, ең бастысы тілдің қолданылуының комуникативтік заңды мәселелері болып табылады. Стилистикада тіл деңгейлерінің барлық салаларындағы құралдар жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет