1. Бақылау сұрақтары . Стилистикалық категориялардың түрлері?
2. Акценттєгі категория?
3. Бағалау категериясы?
6.Лекция тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі: 1. Балақаев М.,Томанов М., Манасбаев Б.
«Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы,1974, 2005.
2. А. Жапаров «Қазақ тілі стилитиҝакасын оқыту методикасының негіздері» Алматы,
1991.
3. Фасанова Ё., Жексембаев Ғ. «Қазақ тілінің стилистикасы» (жаттығулар жинағы)
Алматы, 1991.
4. М. Балақаев, М.Серғалиев «Ғазақ тілінің мәдениеті» Алматы.
5. Балақаев «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы, 1965.
6.Н.Уәлиев «Сөз мәдениеті»
9. Мұсабеков . «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» Алматы, 1974.
№3
1. Лекция тақырыбы: Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы, оның түрлері 2. Лекцияның жоспары: 1. Функционалдық-стильдік және эмоционалдық-
экспрессивтік бояулар
2. Тілдің стилистикалық бейтарап құралдары – тілдің
(мәтіннің стилистикалық тұрқын қалыптастырудағы
олардың рөлі)
3. Стилистикалық мағына, оның табиғаты
4. Стилистикалық парадигматика мен синтагматика
5. Стилистикалық пішін мен мазмұндық жақтар
6. Стилистикалық синонимдер
3. Лекцияның мақсаты: Студенттерге тілдік құралдардың бояуы, оның түрлері жайында
түсінік беру.
4. Қысқаша теориялық мәлімет: Тілдік қабаттардың бірліктері (әсіресе, лексикалық қабаттың) өздерінің негізгі мағыналарын тысқары, әрқилы реңктерге ие болып келеді. Стилистикалық табиғаты жағынан олар бірдей емес.
Стилистикалық бояудың екі түрі ажыратылады: эмоционалды-экспрессивті және функфионалды. Функционалды бояуға ие тілдік құралдар да болады. Бірақ олардың ара-жігі экспрессивті бояуға қарағанда ондай айқын емес. Экспрессивті-эмоционалды бояу тілдік тұлғаның табиғи қасиеті болса, функционалды бояу тілдік тұлғаны қарым-қатынас жасаудың белгілі бір саласында көп қолданудан барып пайда болды. Соңғы жағдайда тілдік дәстүрдің де рөлі бар.
Тілдік тұлға – бірліктерінің мағыналық-стилистикалық жағы мен оларды белгілі салада көбірек қолдану дәстүрі арасында қатаң тәуелділік бар. Белгілі салада тұрақты қолданудың нәтижесінде тілдік құралдың мағынасы белгілі стилистикалық мәнге, бояуға ие бола бастайды да, кейін тұрақты бекітіледі. Мысалы, ресми стильде қалыптасатын штамптар («жоғары жетістікке жетті», «қаулы қабылдады» т.б.) осындай қолданыстың нәтижесі.
Стилистикалық бояуының сипатына орай, тілдік құралдар функционалды бояулы және экспрессивті бояулы болып бөлінеді.
Функционалды бояулы құралдар функционалды стильдердің түр-түріне сәйкес өзіндік ерекшеліктерге ие болып келеді. Мысалы, ғылыми стильдегі терминдер, көркем әдебиет стиліндегі троптар мен фигуралардың түрлері, ауызекі сөйлеу стиліндегі қарапайым сөздер мен диалектизмдер функционалды бояулы құралдарға жатады.
Экспрессивті құралдарға тілдің эмоционалды-экспрессивті бояуға ие құралдары жатады. Мысалы, эмоционалды реңкі жағынан олар көтеріңкі салтанаттылықты білдіретін немесе мысқылды білдіретін, немесе әшкерелеуші реңге ие т.б. құралдар болып келеді. Бұлар, әсіресе, жекелеген сөздерге тән. Ол бояулар сөздердің контекстен тыс жағдайына да табиғи түрде тән болып келеді. Бұдан грамматикалық тұлға-бірліктерге қарағанда лексиканың эмоционалды-экспрессивті бояуы кең болады.
Стилистикалық мағына-тілдік-тұлґа-бірліктің мағыналық құрылымдағы оның лексииалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары қосымша белгісі. Бұл қосымша мағына тұрақты болып, тілдік қолданымның белгілі жағдайларында туындап отырады. Сөздің стилистикалық мағынасы оның ұғымдық мағынасына әсер етіп, сөз мағынасын белгілі бір бояуларымен қоса қабылдауға көмектеседі.
Сөйтіп, стилистикалық мағына тілдік тұлға-бірліктің мағыналық құрылымының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ ол тілдік тұлға-бірліктердің әрқайсысында әртүрлі дәрежеде көрінеді. Экспрессивті бояуға ие құралдарда айқын байқалса, кейбіреулерінде тереңде жатады, тек белгілі контекстік жағдайда ғана анық көрінеді.
Парадигматика (грек. paradeigma-мысал, үлгі)-1. Адам санасында немесе жадында олардың формаларының немесе мазмұнының ортақтығына байланысты немесе бір мезгілде сол екеуінің ұқсастығы негізіндегі әлде бір әсерлер арқылы жинақталған және салыстыру қатынасына байланысты тіл жүйесінің элементтері ретіндегі лингвистикалық бірліктерді зерттеу аспектісі. 2. Лингвистикалық топтардың-парадигмалардың жиынтығын құрайтын тілдік жүйе.
Синтагматика-тіл жүйесін зерттеудің парадигматика сияқты бір аспектісі. Онда тілдік тұлғалардың арасындағы бір-бірімен ізбе-із байланыс кезінде туындайтын синтагматикалық қатынасы зерттеледі. Синтагматика синтагма туралы ілім деп те түсініледі.