Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет45/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

Ықылас. Құран Кәрімде баяндалған: “мен жындар мен адамдарды тек маған құлшылық қылсын деп жараттым” аятына сәйкес, Аллаћ Тағала адам баласын өзіне құлшылық жасау үшін жаратқан. Сондықтан біздің бұл дүниеге келуіміздің себебі - Аллаћ Тағаланың барлығын, бірлігін мойындай отырып, оған құлшылық жасау, оған құл болуға өзімiздi ұсыну.


Түнде жатпай, күндізі ораза болғыл,
Шын үмметің сарғайып сабан болар.
Сүннеттерін бекем тұтып, үммет болғыл,
Күндіз-түні мадақ айтып үлпәт болғыл.
Нәпсіні тыйып мехнат шексең, рахат білгіл,
Бұл ғашықтың екі көзі төрт болар. (65-х)

Кез келген құдай үшiн жасалынатын iзгi ниеттегi амалдар ниетке немесе көңілге байланысты, яғни ықыласпен орындалатын амал жемісті болмақ. Ықылас - “шын пейілмен”, “шын жүрекпен” зейiн қою, ниет ету немесе бір нәрсені жүзеге асыру деген сөз. Аллаћ Тағала Құран Кәрімде: “Сен Аллаћқа құлдық және ықыласпен бағын” (Зүмер-39) – деп, барлық құлшылық пен амалдарды тек Аллаћ ризашылығы үшін, яғни ықылас арқылы жасауды ұсынған. Ал оның қарама-қайшысы “біреу мені көрсін, мақтасын” деген оймен мақтаныш, мансап үшін орындалатын ғибадат “рия” болып табылады. Белгiлi бiр дүниелiк пайдаға, немесе мақтанышқа бола орындалатын амалдың ешқандай сауабы жоқ, керісінше – орны толмас күнә, қылмыс, тiптi “шіркке” жатқыза аламыз. Осы тақырып бойынша ардақты Пайғамбардың хадисiнде былай делiнген: “Көрсету үшін ораза тұтқан, намаз оқыған, иман еткен адам – Аллаћқа серік қосқан адам”.

Ықылас керек, ей ізденушім, ғашық болсаң,


Жаннан кешіп, бейнет тартып, садық болсаң,
Онан кейін Хақ алдында лайық болсаң,
Лайық болмай, дидарын көрсе болмас. (81-х.)


Қырық екімде шәкірт болып, жолға кірдім,
Ықылас қылып, жалғыз Хаққа көңіл бөлдім.


Ал риякерлерді сынай былай дейді:


Ораза ұстап, халыққа рия қылғандарды,
Намаз оқып, өтірік тәспі алғандарды,
Пірмін деп, алдап мақсат құрғандарды,
¤лерінде иманынан айырдым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет